«Цеснабанк» АҚ павлодарлық филиалында негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе 2
1 Негізгі құралдар есебі және аудиттің теоретикалық аспектілері 4
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық түсінігі 4
1.2 Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің негіздері 9
1.3 Негізгі құралдардың аудиторлық тексерудің жалпы кезеңдері 14
1.4 ҚЕХС түріндегі негізгі құралдардың есебі 15
2 «Цеснабанк» АҚ павлодарлық филиалында негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру 25
2.1 Банктің сипаттамасы және қаржылық экономикалық қызметі
25
2.2 Банктің негізгі құралдар саласында есептік саясаты 36
2.3 Негізгі құралдардың топтамалық және талдамалық есебі 40
2.4 Негізгі құралдарды түгендеу 52
3 «Цеснабанк» АҚ негізгі құралдар аудиті 61
3.1 Ішкі бақылау жүйесін бағалау және аудит бағдарламасын жасату 61
3.2 Негізгі аудиторлық процедуралар 65
3.3 Негізгі құралдар аудитінің қорытындысын жасау 71
Қорытынды 75
Қолданылған әдебиеттер тізімі 77
Қосымшалар 80


Кіріспе

Экономикалық тұрақтылық  Қазақстан 2030 ұзақмерзімді жоспардың стратегиялық мақсаты болып  жарияланды. Осы мақсатқа жету үшін ағымды мерзімдегі ақша-қаржылық әлеуметтік салалар, өндірістік механизмдерді ақырындап халықаралық стандарттарға жеткізу. Біздің мемлекетіміздің осы сатыға қарай дамудың үкімет тез арадағы арнайы шараларды қолданады. Олар қаржылық сферасынан басқа да өндіріс, инновация, жоғары технология сұрақтарын шешеді.

Қазіргі танда кез келген қаржылық мекемелерді басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Коммерциялық банктер мемлекеттің қаржылық жүйесінің негізін қалайды, сондықтан коммерциялық банктердің тиімді қаржылық экономикалық қызметі елдің экономикалық дамуына өзьықпалын тигізеді

Коммерциялық  банктердің тиімді қаржылық қызметі банкте бухгалтерлік есептің дұрыс  ұйымдастырылған ерекшеліктеріне шарттас. Банктерде негізгі құралдардың есебі және аудиті бухгалтерлік қызмет саласында маңызды салалардың бірі болып табылады.

Коммерциялық банктерде негізгі құралдар есебінің негізгі міндеттері: есептік регистрлерде негізгі құралдардың түсімдерін, банк ішінде негізгі құралдардың қозғалысын дұрыс тіркеу және рәсімдеу, негізгі құралдардың тозуының нақты соммасын дұрыс есептеу, негізгі құралдарды жоюдың дұрыс қорытындыларын жасау, негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалатын қаражаттарды тиісті деңгейде қадағалау, бұл қаражаттардың сақтаулылығын қамтамасыз етіп олардың қолдану тиімділігін ақмтамасыз ету болып табылады.

Есепке алынған ақпараттардың көмегімен банктің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму зандылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдалынады.

Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, кәсіпорын қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін, қатаң сақтаулары керек.

Коммерциялық банктерді негізгі құралдармен толығымен жабдықтау және де олардың алаулы түрлері жасалатын қаржылық қызметтер көлемінің маңызды факторларының бірі болып саналады.

Дипломдық  жұсыста банктегі жалпы негізгі құралдар, оның құрамы, амортизациясы мен тозуы және оларды есептеу әдістері көрсетіледі. Барлық кәсіпорындарда негізгі құралдар болады және олар тозып, амортизацияланады. Сондықтан олардың амортизациясын есептеудің түрлі әдістері болғандықтар, әр кәсіпорын өзіне ыңғайлы тәсілді таңдап алады.

Негізгі құралдармен байланысты аудиторлық операциялардың маңызы да өте зор болып келеді. Осыған аудитордың бухгалтерлік есебінің дәлдігі туралы ойына байланысты болады. Егер де бухгалтерлік есепте қателіктер, жетіспеушіліктер анықталса аудитор мекеменің басшысына жазбаша түрде хабарлау қажет.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты — негізгі құралдар түсінігі, банкте оның маңыздылығы, есебі, аудит жүргізу және есебін жетілдіру жолдарын зерттеу.

Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер алға қойылды:

  • Негізгі құралдар есебі және аудиттің теоретикалық аспектілерін зерттеу;
  • Негізгі құралдардың экономикалық түсінігін ашу;
  • Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің негіздеріне сипаттама беру;
  • Негізгі құралдардың аудиторлық тексерудің жалпы кезеңдерін саралау;
  • ҚЕХС түріндегі негізгі құралдардың есебіне талдау жасау;
  • «Цеснабанк» АҚ павлодарлық филиалында негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды талдау;
  • Банктің сипаттамасы және қаржылық экономикалық қызметі, негізгі құралдар саласында есептік саясатына сипаттама жасау;
  • Негізгі құралдардың топтамалық және талдамалық есебі және негізгі құралдарды түгендеуге талдау жасау;
  • «Цеснабанк» АҚ негізгі құралдар аудиті және ішкі бақылау жүйесін бағалау және аудит бағдарламасын жасау ерекшелігін көрсету;
  • Негізгі аудиторлық процедураларды жасап негізгі құралдар аудитінің қорытындысын жасау.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, қосымшалар және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде зерттеліп отырған негізгі құралдар есебі және аудитының теориялық аспектілері келтірілген, екінші бөлімде банк сипаттамасы жасалып, банктегі, есеп саясатына талдау жасалды, банкте негізгі құралдардың есебінің ерекшеліктері көрсетіледі, ал үшінші бөлімде банкте негізгі құралдарға аудит жүргізу тәсілдері және жетілдіру жолдары қарастырылады.

Іздеу