Ақша қаражаттары есебінің «Теміржол жылу» ЖШС мысалында ұйымдастырылуы (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе 3
1 Ақша қаржаттарының есеп және басқару нысаны ретінде 6
1.1 Ақша қаражаттарың мәні, жіктелуі және түрлері 6
1.2 Ақша қаражаттары есебінің жүйесі, оны басқарудағы мағынасы 11
2 Ақша қаражаттары есебінің «Теміржол жылу» ЖШС мысалында ұйымдастырылуы 23
2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы және ақша қаражаттары есебінің есептеу саясаты 23
2.2 Ақша қаражаттарының синтетикалық және аналитикалық есебі 32
2.3 Ақша қаражаттары есебінің компьютерлік технологиясы 37
3 Ақша қаражаттары есебінің аудиты 40
3.1 Ақша қаражаттары аудитінің есебі, мақсаты 40
3.2 Ішкі басқарудың бағалау жүйесінің жағдайы 44
3.3 Аудит бағдарламасы және аудит мәнділігінің есебі 48
Қорытынды 54
Қолданылған әдебиеттер тізімі 58
Қосымшалар 60


Кіріспе

Халық шауашылығы есептерің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар.Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні деп айтуға болады немесе қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға деп қарауға болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті -  халық шауашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп,міндеттердің артып отырғандағы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланып келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық оперцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі V ғасырда жүргізілді деген деректер бар. Ал біздің заманымызға дейінгі II ғасырда Грецияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептеліп, салынған үйдің қабырғасына жазылатын болған.

Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр.Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең  етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъектіге және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр.

Еліміздің жағдайын жақсарту, экономиклық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақылауға алынған мәселелер бойынша күн тәртібінде бірінші кезекке қойылып отыр.Бұған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030»атты стратегиялық бағдарламасында «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты – шағын және орта бизнесті дамыту» - деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сондықтан да кәсіперлікті еліміздің шаруашылық қызметін жандандырған күш деп білуі қажет.

Шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күннен-күнге бухгалтер және аудитор мамандарына деген сұраныс артуда. Әрине, олардың кәсіпкерлік шаруашылығын дамытуға қатысатын үлесі мен жасайтын қызметі елеулі де әрі тиімді. Сонымен қатар қазіргі кезде халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өт күрделі. Ол шетел тәжірибесін тиімді қолдану, бухгалтерлік есепті жаңа талаптарға сай жеделдетіп бір жүйеге келтіру болып табылады.

Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъктілерде бухгалтерлік есептің маңызы өте зор. Шаруашылық субъектілерінде бухгалтерлік есеп жұмысы «Бухгалтерлік есеп турылы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтрлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасының Қаржы және Кіріс министрліктерінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен режелері, сондай-ақұсыныстары негізінде ұйымдастырылады, қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына барынша жақындатылған.

Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Экономиканың қай саласындағы болмасын шаруашылық субъектілермен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп шығаратын өнімін халықаралық рыноктағы бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірісін ұлғайтуға, өндіретін өнімінің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтауда оған зиян келтірмеуге  мүдделі. Бұл орайда шаруашылық субъектінің материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын, сондай-ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәні айрықша.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі. Нақты ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нормативтік құжаттар шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі.

Ұлттық Банк ақша-несие жүйесіне орталықтандырылған жоспарлы басқаруды, бюджеттің кассалық жүйесінің орындалушы жүзеге асырады және жиынтық валюта жоспарын қалыптастыруға қатысады. Ол ақша эмиссиясын, ұйымдар мен мекемелердің несиемен қаржыландырылуын және есеп айырысу қызметін атқарады.

Прогрессивті есеп саясатын жүзеге асыру, негізгі қызметті несиелендірудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыру, күрделі      қаржымен қаржыландыру мен несилендіру, сондай-ақ қажетті есеп айырысуларды жүргізу төмендгі акционерлік банктерге жүктелген:

Банкаралық есеп айырысуларды жүргізетін коммерциялық банктермен есеп айырысу жүйесіндегі құжаттар айналымы Ұлттық Банктің нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Банктердің қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк ісі үйлестіреді және ол оларға бағыт береді.

Елдің экономикасында банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын нақты ақшасыз есеп айырысудың айрықша басымдылығы байқалады. Нақты ақшамен субъектілердің персоналдар еңбекақы төлеу бойынша, есеп беруге тиісті адамдармен, депоненттермен, дебиторлармен және кредиторлармен қолданылып жүрген заңға сәйкес ережелері бойынша банк мекемелері арқылы жүзеге асады.

Зерттеу жұмыстың мақсаты басқару және есеп саласында ақша қаражатының мәнін ашу.

Зерттеу міндеттері:

  • Ақша қаражаттары қозғалысын есеп және басқару объектісі ретінде қарастыру;
  • Ақша қаражаттары қозғалысының мәні, жіктелуі және түрлерін анықтау;
  • Ақша қаражаттары қозғалысы есебінің ортақ жүйедегі, оны басқарудағы мағынасына талдау жасау;
  • Ақша қаражаттары қозғалысын «Темір Жол жылу» ЖШС мысалында ұйымдастырылуын талдау;
  • кәсіпорынның сипаттамасы және ақша қаражаттары қозғалысын есептеу саясатына анықтама беру;
  • Ақша қаражаттары қозғалысын синтетикалық және аналитикалық есебіне талдау жасау;
  • Ақша қаражаттары қозғалысының синтетикалық және аналитикалық есебіне талдау жасау;
  • Ақша қаражаттары қозғалысы есебінің компьютерлік технологиясын зерттеу;
  • Ақша қаражаттары қозғалысын есебінің аудитын талдау;
  • Ақша қаражаттары қозғалысы аудитінің есебі, мақсатын зерттеу;
  • ішкі басқарудың бағалау жүйесінің жағдайына сипаттама беру,
  • аудит бағдарламасы және аудит мәнділігінің есебін анықтау;
  • аудит есебіне талдау жасау.

Зерттеу объектісі: «Темір Жол жылу»  ЖШС Ақша қаражаттары қозғалысы есебі  мен аудиты

Зерттеу пәні: ақша қаражаттары қозғалысы есебінің есебі және аудит

Зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық заңнамасына, Ұлттық бухгалтерлік стандарт, Халықаралық  бухгалтерлік стандарт, ғылыми және әдістемелік әдебиеттер бойынша жазылды.

Іздеу