Банкі қызметінің қаржы экономикалық талдау («БТА банк» АҚ мысалында)

Кіріспе
1 Банктің қаржылық қызметін талдаудың әдістемесі
1.1 Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы банктік жүйенің дамуы
1.2 Банктің сенімділігін бағалаудың негізгі критериялары
1.3 Коммерциялық банктерді қаржылық экономикалық талдаудың мақсаты, түрі және дереккөздері
1.4 Коммерциялық банкті талдаудың шетелдік тәжірибесі
2 Банкі қызметінің қаржы экономикалық талдау («БТА Банк» АҚ мысалында)
2.1 «БТА Банк» АҚ ұйымдастырушылық экономикалық сипаттамасы
2.2 Банкінің өзіндік қаражатын талдау
2.3 Банкінің пассивті операцияларын талдау
2.4 Банкінің активті операцияларын талдау
3 Тұрақсыз экономикалық жағдай кезіндегі банктің стратегиясы
3.1 Банктік тәуекелдерді азайтудың заманауи әдістері
3.2 Банктің әрі қарай дамуының басым бағыттары
Қорытынды
Қолданылғн әдебиеттер тізімі
Қосымша А Қаржылық есеп беру
Қосымша Б Анықтамалық материал
Қосымша В Графикалық бөлім


Кіріспе

Қазіргі банк жүйесі ол кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Оның тәжірибелік ролі оның мемлекетте төлемдер мен есептесу жүйесін басқаруымен анықталады, ол өзінің коммерциялық келісімдердің едәуір бөлігін салымдар, инвестициялар, несиелік операциялар арқылы іске асырады, басқа қаржы делдарымен қатар банктер тұрғындардың жинақтарын фирмалар мен өндірістік құрылыимдарға бағыттайды.

Дамудың қазіргі деңгейінде Қазақстан Республикасының қаржы банк жүйесін реформалау міндеттері шешілген, еліміздің банк жүйесі ТМД елдерінде көшбасшылық позицияға ие.

31.08.1995 ж. № 2444 «Қазақстан Республикасында банк және банк қызметі жөнінде» Қазақстан Републикасының заңы 30 бабында банк қызметін «банк операцияларын іске асыру және осы бапта келтірілген басқа да операцияларды жүргізу» деп белгілейді. Осыған сай коммерциялық банктердің қызметтік ерекшеліктерін анықтуға болады, яғни оның ресурстарының едәуір бөлігі өзінің қаражаттары арқасында емес, сырттан келген қаражаттарынан қалыптасады.  Банк қаражаттарды аккумуляцияландыру бойынша мүмкіндігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан  реттеледі және коммерциялық банктің өзіндік капиталы мөлшеріне және оның ұйымдастырушылық құқықтық формасына байланысты.

Дипломдық жұмысы тақырыбының өзектілігі: қазіргі кезде қаржылай экономикалық талдаудың  мәселесі нарық жағдайларында  тіршілік ету қаблеттілігі және маңыздылығына шарттас. Ол коммерциялық дербестік   және банктердің артып жатқан бәсекелестігі жағдайында банктер  зор мөлшерде күш пен  уақытын  өзіндік капиталын қалыптастыруға және сырттан ресурстарды тартып оларды белсенді банк операцияларын іске асыруға қатыстырады

Дүниеде жалпы әлеуметтік экономикалық және саяси жағдаят қаржы нарығының тұрақсыздығына әкелді, бұл банктердің банкроттықа ұшырау процессін ұлғайтты. Қазақстанның қаржы нарығында болып жатқан соңғы кездегі оқиғалар Әлемдік банкі мамандарының пікірлерін растайды, олар 1992- 1993 жж өзінде келешекте күрдері проблемалармен кездеседі, оларды арасында негізгі проблема коммерциялық банктердің қаржы жағдайын сауатты түрде бағалау болып табылады.

Қаржы нарығындағы жағдайдың қйындауы, алдымен коммерциялық банктердің күннен күнге төлемдерді төлей алмауы, шынайы капиталды дамыту үшін ұзақ мерзімді несиелерді бере алмауы,  кәсіпорындардың төлем қабілетіне сөзсіз әсер етеді және өнеркәсіптің одан әрі төмендеуін шиеленістіреді. Экономикалық құлдырау жағдайында коммерциялық банкілер жоғары деңгейдегі тәуекелмен жұмыс істейді. Бұл жөнінде банкілердің банкроттыққа ұшырауының кең тараған түрі дәлелдей алады:

  • Жаңа капиталға қатысушыларды іздеудің сәтсіздігі;
  • «күмәнді» несиелерді берулері;
  • Салынған құнды қағаздармен сәтсіз сауда әрекеттерін жасауы;
  • Активтердің жоғалту қауіпін дер кезінде аңғара алмайтын біліксіз басшы;
  • банкілік шығындардың өсуі;
  • сұраныстан мүмкіншіліктердің басым болуы;
  • қаржы нарығы мен банк клиенттері жағдайы туралы ақпаратты төмен сапада талдауы.

            Жасырын түрге ие болып,  ұзаққа созылған тұрақсыздық пен банкілердегі дағдарыс жағдайында олардың сенімділігін бағалау аса өзекті бола бастайды.

 Осы, не басқа бір банкідегі жағдайды дұрыс бағалу қажет,банкілік жүйені «ашық» және алдын ала алатындай жасау керек.   

Көптеген банкілер өздерінің даму саясатын қайта қарастырады, жұмыстарын өзгертеді,  акценттерін әрекеттерге айналдырады.  Банкілік жүйе қозғалысқа келді. Төлембеушіліктер толқыны банкілерді «андуды» жалғастыруда. 

 Бұдан басқа, өткізіліп жатқан талдаудың нәтижелері банкілік қызметтерді тұтынушыларды жағдайы қиын банкілерден қорғауға мүмкіндік беріп қоюдан басқа, несиелік мекемелердің өздері ағымдағы жағдайдың (мүмкін перспективалықты да) жаң жақты және сенімді бағалау жүйесін қажет етеді.  Коммерциялық банкіні басқарудың тиімділігі мемлекеттің экономикалық мақсаты мен қажеттіліктеріне сәйкес толық көлемінде және өзінің әрекетін шебер атқара білуін анықтайды, оны жедел ақпарат пен басқа банкімен салыстыруды жүргізудің мүмкіндігін білмей  жетістіке жету қиын.  

Зерттеудің нысаны болып «БТА Банкі» АҚ табылады, ол қазақстандық нарықтағы барлық бар банктік қызмет көрсетудің барлық  спекторын көрсететін  Қазақстан Республикасының үш ірі әмбебап банкінің бірі болып табылады. 

Зерттеудің пәні банкінің қаржы экономикалық қызметін талдаудың теоретикалық және методологиялық мәселелері болып табылады.  

Осы жұмыстың басты міндеті коммерциялық банкінің қаржылық жағдайын бағалау бойынша нақты әдістерді дайындау емес, ал  осы секілді талдауды жеке бір алынған банкіге қолдануды дәлелдеу болып табылады.   Қазіргі таңдағы коммерциялық банкілердің қаржылық жағдайын қолда бар құралдық  бағалауды зерттеу, Қазақстан Республикасындағы көзқарастардың кемшіліктерін анықтап, шетелдік тәжірибені қолдануды көрсету. 

Есептің мақсаты коммерциялық банкінің қаржылық экономикалық  талдауы болып табылады,  коммерциялық банкінің ликвидтілігі мен төлем қабілеттілігі мәселелерін зерттеу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу, сондай ақ  алынған теориялық білімдерді бекіту және қаржылық менеджердің кәсіби міндеттерінің маңыздыларын жүзеге асыруда қабілеттер мен дағдыларды дамыту болып табылады. 

Алға қойлған мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу міндет: 

  • коммерциялық банкінің қаржылық операцияларын сипаттау, олардың банкіге маңыздылығын анықтау;
  • қаржы саясатын қалыптастырудың принциптерін және олардың ерекшеліктерін қазіргі жағдайда ұйымдастыруын зерделеу
  • банкінің қаржылық жағдайын зерделеу, оның дамуындағы жағымды және жағымсыз тенденцияларын анықтау;
  • банкінің басқарушылық, қаржылық саясатын жетілдірудің жолдарын әзірлеу. 

Іздеу