Біріккен кәсіпорындар-халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі нысаны (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе ……………………………………………………………………...

1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық
экономикадағы алатын орны мен ролі
1.1. Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні мен ерекшеліктері…………
1.2. Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің алатын орны мен ролі………

2-тарау. Біріккен кәсіпорындар-халықаралық еңбек бөлінісінің
негізгі нысаны
2.1. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау……………
2.2. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың даму деңгейін бағалау………

3-тарау. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындардың дамыту болашағы
3.1. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісінің қатысу болашағы мен кейбір мәселелері………………………
3.2. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы……

Қорытынды……

Пайдаланған әдебиеттер тізімі……


Кіріспе

Әлемдік экономикадағы құрылымдық өзгерістер интерназионализациялау процесінің белсенділігіне қолайлы жағдайлар туғызды, ол бұл елдердің дамуына әсер етуші факторлар мен жағдайлардың түбегейлі өзгеруіне алып келеді және осы мемлекеттердің ұлттық үлесінің қысқарып, ұлтаралық үлестің өсуіне алып келеді.

         Технология деңгейінің тез өсуі мен жаңа қаржылық орталықтардың қалыптасуы кезінде интернационализациялау процесі трансұлттық компаниялар деңгейімен ғана шектелініп қоймай, мыңдаған ұсақ және орта кәсіпорындарды да қамтиды. Оларға тән қасиеттердің бірі экономикалық интернационализацияның әртараптандыру нысандары болып табылады. Олардың ішінде қазіргі кезеңде ең маңыздылысы біріккен кәсіпорындар.

         Халықаралық біріккен кәсіпкерліктің дамуының кең тәжірибесі оның бейімділік қабілетінің жоғарлығын, біріккен, компаниялардың икемділігі, экономикалық прогрестің жаңа жетістіктерін қолдануда білімділігін, олардың әлемдік нарық өзгерістеріне өз тактикасы мен стратегиясын тез бағыттай алу қабілеттілігін көрсетеді.

         Қазақстанда тұрақтылықтың негізгі нақты шамалардың бірі болып әлемдік ғылым мен техника – жетістіктеріне қол жеткізу, өндірісті ұйымдастыру мен басқару тәжірибесін үйрету қойылған.

         Қазіргі кезеңдегі біздің еліміздің даму кезеңі барлық қоғамдық өрісінде динамикалық және сандық өзгерістермен ерекшелінеді. Жаңарту және демократия процесттері  барлық саяси, экономикалық және әлеуметтік институттарды қозғайды.

         Шаруашылықты әкімшілік-әміршілдік басқару жүйесінен бас тартып, біртіндеп қатаң орталықтан жоспарлану мен шаруашылық қызметкерлерінің кейбір түрлеріндегі монополия үстемдігін жоя отырып, экономикалық қарым-қатынаста және ресурстарды пайдалануда икемделіп туындады.

         Нарықтық экономикаға көшу кезеңі басталды. Нарықтық қатынастарды ынталандырып және реттейтін көптеген заңдар мен қаулылар қабылданды.

         Халықаралық экономикалық қатынасты, зерттеуде, оның объективті негізгі ұлттық экономикадағы сияқты еңбек бөлінісі және айырбас екендігін, бірақ халықаралық деңгейде қарастырылатынын ескерген жөн. Халықаралық еңбек бөлінісі жекеленген елдер шеңберінде жоғарғы техникалық деңгейде қазіргі өнім түрлерінің бәрін өндіру мүмкін болғандықтан нәтижесінде пайда болды. Ол көптеген елдердің өздерінің артықшылықтары бар салаларда мамандануына алып келді. Өздерінде жоқ өнімдері олар импорттауды жөн көрді. Осының бәрі халықаралық айырбасқа, яғни халықаралық экономикалық қарым-қатынасқа әкеледі. Сонымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі халықаралық экономикалық қатынас дамуына ықпал етеді деп тұжырымдай аламыз.

         Қазақстан Республикасы да халықаралық еңбек бөлінісі процесіне енген. Оның орны мен рөлі дамуымен, сонымен қатар табиғи және жасалынған артықшылықтармен, әсіресе біздің еліміз минералды шикізатқа маманданған және олардың техника-экономикалық көрсеткіштерімен анықталады. Осының негізінде біздің еліміздің сыртқы саудасы құрылады: шикізат экспорты, дайын өнімдер импорты. Бірақ егер Қазақстан экономика деңгейін көтергісі келсе, дайын өнімдер өндірісін көтеру қажет, ол елдің халықаралық экономикалық қатынаста орнын көтерер еді, ал қазір біз өнеркәсібі дамыған елдердің шикізат көзі болып отырмыз. Ол үшін экспорт-импорт саясатына реформа жүргізу қажет, сонымен қатар ұлттық өндіріс деңгейін көтеру тиіс.

         Біріккен кәсіпкерлік Қазақстан сыртқы экономикалық қызметінің жаңа механизмінің дамуы мен қалыптасуында үлкен рөл атқарады және бірқатар мәселелерді шешеді: біріншіден, батыс технологиясы мен техникасын өндіріс процесі кезінде  біріктіреді және экономикаға шетел қаржыларын таратады; екіншіден, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруда ТҰҚ тәжірибелерін пайдаланады; үшіншіден, табыстың нақты валюта көзі рөлін атқарады; төртіншіден, сыртқы нарыққа ену мәселелерін шешеді; бесіншіден, тұрғындарды жұмысбастылықпен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Осыған байланысты біріккен кәсіпкерлік даму процесін және республикадағы экономикалық механизмдерін зерреу өте маңызды мәселе болып табылады.

         Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - Қазақстан Республикасының халықаралық байланыстың жаңа түрі ретінде халықаралық еңбек бөлінісі кезінде біріккен кәсіпкерліктің экономикалық тетіктерін, сипатын, түрі мен артықшылықтарын зерттеу, сипатын, түрі мен айырмашылықтарын зерттеу, оның транзиттік экономика жүйесіндегі әлеуметтік мүмкін боларлық жолдарын анықтау.

         Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері мыналар жатады:

  1. Қазіргі кездегі  хрттеудеалықаралық еңбек бөлінісінің мәні мен ерекшеліктерін анықтау.
  2. Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнын сипаттау.
  3. Экономиканы интернационалдырудың келешегі мен түрі ретіндегі артықшылықтарын негіздеу.
  4. Біріккен кәсіпорындарды ұйымдастырудың түрлері мен принциптерін жүйелендіру және сыныптандыру, олардың түрлерін ауыспалы экономика өзгешеліктерін ескере отырып таңдау күштерін ұсыну;
  5. Біріккен кәсіпорындардың жеделдік даму тәжірибесін талдау негізінде оның нысандарын анықтау.
  6. Нарық және өтпелі экономика жағдайындағы елдердегі Біріккен кәсіпорындардың ерекшеліктерін түсіндіру;
  7. Өтпелі кезеңге тап басу жағдайындағы бүгінгі Біріккен кәсіпорындардың қалыптасу мен олардың бейімделу мүмкіндіктерін талдау,
  8. Біріккен кәсіпкерлікті экономикалық тетіктерін жетілдіру үшін маңдай алды бағыттарын анықтау, біріккен кәсіпкерлік қызметін қалыптастырудың нысандарын белгілеу;
  9. Біріккен кәсіпкерлікті дамытуды күшейтуге бағытталған жалпы бағдарламаның және саяси ұсыныстарды беру.
  10. Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу мәселелері мен міндеттерін анықтау.

Бұл дипломдық жұмыстың методологиялық және теориялық негізі отандық және шетел экономикалық ілім өнімдерінің ғылыми еңбектері, үкімет органдарының мәліметтері, экономиканы интернациаландыру және транснационализация мәселелері бойынша конференция деректері болып табылады.

Жұмыста жазылған жалпылама ойлар, қорытындылар Қазақстан Республикасының үкіметінің қаулы, құқықтық, заңдық  актілерінің қолдануына негізделген.

Жұмыстың мәліметтік негізін статистика және талдау комитеті деректері құрайды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер негізінен тұрады.

 

 

Іздеу