Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебінің «Евразия ТРЕЙД» ЖШС мысалында ұйымдастырылуы (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ

1 ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕП ЖӘНЕ БАСҚАРУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
1.1 Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың мәні, жіктелуі және түрлері
1.2 Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебінің ортақ жүйедегі, оны басқарудағы мағынасы
1.3 Дебиторлық және кредиторлық қарыздарды шетелдік тәжірибе бойынша есеп жасау және аудиты

2 ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІНІҢ «ЕВРАЗИЯ ТРЕЙД» ЖШС МЫСАЛЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы және дебиторлық, кредиторлық қарыздың есептеу саясаты
2.2 Дебиторлық қарыздың синтетикалық және аналитикалық есебі
2.3 Кредиторлық қарыздың синтетикалық және аналитикалық есебі
2.4 Дебиторлық және кредиторлық қарыз есебінің компьютерлік технологиясы

3 ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТЫ
3.1 Дебиторлық және кредиторлық қарыздар аудитінің есебі, мақсаты
3.2 Ішкі басқарудың бағалау жүйесінің жағдайы
3.3 Аудит бағдарламасы және аудит мәнділігінің есебі
3.4 Аудит есебі

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША А Бухгалтерлік баланс
ҚОСЫМША Б Ақша қаражаты қозғалысы жөнінде есеп
ҚОСЫМША В Өзіндік капиталдағы өзгерістер жөнінде есеп
ҚОСЫМША Г Шығындар мен кірістер жөнінде есеп
ҚОСЫМША Д Айналым- сальдо ведомості
ҚОСЫМША Е Шот фактура №258 13.03.09
ҚОСЫМША Ж 00000000053 шоты (13.03.2009)
ҚОСЫМША З Кіріс кассалық ордер 12.03.2009, 00000000121 шоты
ҚОСЫМША И Кіріс кассалық ордер 12.03.2009,00000000045 шоты
ҚОСЫМША К Төлемдік ведомость № 00000000002, 2009 ж ақпан
ГРАФИКАЛЫҚ БӨЛІМ


КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Бұл бағытта кәсіпорынның кредиторлық және дебиторлық қарыздар есебі және аудитының маңызы өсе түсуде, себебі кәсіпорынның мүлігінде кредиторлық және дебиторлық қарыздардың бар болу деңгейіне байланысты оның қаржылық жағдайы бағаланады.

Сондықтан дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебін ұйымдастыру тәртібі, оған жауапты қызметкерлердің жұмысты тиянақты орындау, қаржы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы кәсіпорынды банкроттықтан құтқарады.

Осыған байланысты кәсіпорындарда кредиторлық және дебиторлық қарыздар есебі және аудитын зерттеу актуалды болып табылады.

Дипломдық жұмыс «Евразия Трейд» ЖШС мысалында жасалды, кәсіпорынның негізгі қызметі: жағар жаңармай өнімдерін сату болып табылады.

Зерттеудің мақсаты: дебиторлық және кредиторлық қарыздарды есебін  және аудитің басқару және септің нысаны ретінде зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

  • дебиторлық және кредиторлық қарыздар есеп және басқару объектісі ретінде қарастыру;
  • дебиторлық және кредиторлық қарыздардың мәні, жіктелуі және түрлерін анықтау;
  • дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебінің ортақ жүйедегі, оны басқарудағы мағынасына талдау жасау;
  • дебиторлық және кредиторлық қарыздарды шетелдік тәжірибе бойынша есеп жасау және аудитының ерекшеліктерін зерттеу;
  • дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебінің «Евразия Трейд» ЖШС мысалында ұйымдастырылуын талдау;
  • кәсіпорынның сипаттамасы және дебиторлық, кредиторлық қарыз тің есептеу саясатына анықтама беру;
  • дебиторлық қарыз тің синтетикалық және аналитикалық есебіне талдау жасау;
  • кредиторлық қарыз тің синтетикалық және аналитикалық есебіне талдау жасау;
  • дебиторлық және кредиторлық қарыз есебінің компьютерлік технологиясын зерттеу;
  • дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебінің аудитын талдау;
  • дебиторлық және кредиторлық қарыздар аудитінің есебі, мақсатын зерттеу;
  • ішкі басқарудың бағалау жүйесінің жағдайына сипаттама беру,
  • аудит бағдарламасы және аудит мәнділігінің есебін анықтау;
  • аудит есебіне талдау жасау.

Зерттеу объектісі: «Евразия Трейд» ЖШС дебиторлық және кредиторлық қарыздары  мен аудиты

Зерттеу пәні: дебиторлық пен кредиторлық карыздар есебі және аудит

Зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық заңнамасына, Ұлттық бухгалтерлік стандарт, Халықаралық  бухгалтерлік стандарт, ғылыми және әдістемелік әдебиеттер бойынша жазылды.

Іздеу