ЖШС – тің қаржы – шаруашылык жағдайын талдау (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

ЖОСПАР
Кіріспе .....................................................................................................................3

1. Еңбекақы есебінің теориялық негіздерін ұйымдастыру

1.1 Еңбекақы есебінің экономикалық мазмұны...................................................6
1.2 Еңбекақының түрлері, жүйелері мен нысандары...........................................8
1.3 Еңбекақының нормативтік – құқықтық реттеуі...........................................12

2. ЖШС– тің қаржы – шаруашылык жағдайын талдау.

2.1 Кәсіпорынның қысқаша экономикалық мінездемесі..............................21
2.2 Кәсіпорынның каржылық жағдайын талдау (актив пен пассивтің талдауы).......................................................................................................32
2.3 Істелінген жұмыс уақытының тиімділігін талдау және еңбекақы төлеудің түрі............................................................................................. .46

3. ЖШС – тің бухгалтерлік есебі мен талдауы.

3.1 Кәсіпорындағы еңбекақы есебінің ұйымдастырылуы................................53
3.2 Басқа төлемдердің есебі ................................................................................60
3.3 Кәсіпорындағы кәсіпкерлердің еңбек ақы есебінің ұйымдастырылуы....66

Қорытынды............................................................................................................79

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................82


Кіріспе

Созылып қалған дағдарыстан Қазақстан экономикасын шығару проблемасын өзара байланысты экономикалық міндеттерді, солардың ішінде аса актуальды деп саналатын - кәсіпорындарда еңбекті ұйымдастыру және жалақыландыру мәселелер комплексті шешуінде кәсіпорын басшылары, менеджерлер, кәсіпкерлер сенімді және қол жеткізетін әдістерді қолдануға мәжбүрленді. 

         Еңбекті ұйымдастыру және жалақыландырудың экономикалық құрал ретінде маңызы өте зор .

Қалыптасқан нарықтық қатынастар жағдайында еңбек ұйымдастыру мен ақы төлеу мәселесіне қойылатын талаптар төмендетілген емес. Жұмыс күшіне деген бағаның нарықтық реттелуіне сүйене отырып, үкімет мемлекеттің реттеуіші функцияларын азайтуда. Қазіргі таңда шаруашылық құрылымдары еңбек ұйымдастыру мен жалақыландыру саласында тәуелсіз. Мемлекет оларға тарифтік ставкаларды белгілеу, сыйлық, үстемақы, қосымша ақы  беру, сонымен қатар өндіру, уақыт және қызмет көрсету нормаларын белгілеуге толығымен сенім.білдіреді. Мемлекет акцияларының бақылау пакеттері бар материалдық өндіріс кәсіпорындарының басшылары да  Ресейдің еңбек министрлігінің ұсыныстарын аз қолданады. Өндіріс құралдарының жекешелендіруі шаруа субъектілерінің еңбек қатынастары мен еңбек ақысына қаржы жұмсау мәселесіне  көзқарасты өзгертті. 

Не Қазақстан, не шетелдің қандай-да болмасын кәсіпорынның бухгалтерлік  қызметінің маңызды бағыттарының бірі - кәсіпорында еңбекшілердің еңбек ақысына  есеп жүргізу. Еңбек пен жалақы есебін жүргізу - бухгалтер жұмысының аса қиын да жауапты учаскелерінің бірі болып саналады. Оның кәсіпорындағы  барлық есеп жүйесіндегі  орталық орын алатындығы сөзсіз.  

Жоғарыда айтылғанның бәрі таңдалынған “Еңбекақы бойынша персоналдармен есеп айырысу есебі мен аудитін ұйымдастыру” тақырыбының маңызды екендігін айқындайды.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде «МКО»КаzMicrofinance» ЖШС алынды. Қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жұмыстың құрылымы зерттеу тақырыбын біртіндеп ашатын үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде еңбек ақы экономикалық категория ретінде, сондай-ақ, еңбек ақыны ұйымдастыруға, жалақы төлеудің үлгілері мен түрлеріне қойылатын негізгі талаптар қаралды.

Екінші бөлімде «МКО»КаzMicrofinance» ЖШС мысалында еңбек ақы төлеудің есептеуі көрсетілген, «МКО»КаzMicrofinance» ЖШС жалпы мінездеме және де еңбек ақы бойынша қосулар мен ұстап қалуларға есеп жүргізілді. 

Үшінші бөлімде аудиттік тексерістің әдістемесі мен еңбек ақыны есептеудің сараптамасы жүргізілді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - нақтылы бір кәсіпорында  еңбек ақыға есеп жүргізу, есептің анықтығын тексеру, заңдылыққа сәйкес есеп жүргізудің дұрыстығын сақтау және еңбек ақы бойынша аудиттік тексерістің әдістемесі, сонымен қатар еңбек ақы бойынша есептің талдауы. 

Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

  • еңбек ақыны экономикалық категория ретінде қарау;
  • қазіргі таңда қолданылып келе жатқан еңбек ақының төлеу үлгілері мен түрлерімен танысу;
  • еңбек ақы төлеудің ұйымдастыруында негізгі талаптарды қарастыру;
  • «МКО»КаzMicrofinance» ЖШС шаруашылық қызметіне мінездеме беру;
  • еңбек ақы шығыстарына ықпал ететін динамика мен факторларды, еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау;
  • еңбек ақы қаржысын тиімді пайдалану жөнінде негізгі бағыттарды әзірлеу және ұйымның шығындарын басқару.

Дипломдық жұмысты дайындау барысында автор еңбек ақы төлеудің проблемалары жөнінде қазақстандық зерттеушілердің еңбектерін зерттеді. Сондай-ақ заңдылық пен  нормативтік актілері, оқулық және тәжірибелік құралдарымен қолданды.

Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, библиографиялық тізім мен қосымшалардан тұрады. 

Іздеу