Кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау (ЖШС «Баер-Павлодар» мысалында) (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе 3
1 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдаудың теориялық аспектілері 5
1.1 Кәсіпорын тиімділігін талдаудың түсінігі, негізгі көрсеткіштері және ақпараттық базасы 5
1.2 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайтын факторлар 25
1.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалаудың шетелдік тәжірибесі 27
2 ЖШС «Баер-Павлодар» қаржылық шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау 33
2.1 Кәсіпорын сипаттамасы және қызметіне экспресс талдау жасау 33
2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын анықтау 38
2.3 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау 52
3 ЖШС «Баер-Павлодар» қызметінің тиімділігін арттыру жолдары 58
3.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын арттыру жолдары 58
3.2 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін арттыру жолдары 62
Қорытынды 67
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 70
Қосымша А 2009–2010 жж. ЖШС «Баер-Павлодар» қаржылық есебі 72
Қосымша Ә Графикалық бөлім 77


Кіріспе

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қызметінің тиімділігі болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді

Жұмыстың теориялық базасы болып К.Ш. Дүйсенбаевтің, Э.Т. Төлегеновтың, Ж.Г. Жұмағалиеваның, В.В.Ковалевтің, А.Д. Шереметтің, Г.В.Савицкаяның еңбектері болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайында нәтижелілік кәсіпорын қызметінде тиімділіктің басты көрсеткіші болып табылады. Нәтижелілік  түсінігі кәсіпорынның шаруашылық қаржы қызметінің бірнеше құрамдас бөліктерінен құрылады. Нарықтық қатынастар жағдайында қызмет ететін кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіндегі нәтижеліліктің басты сипаттамасына табысты жатқызады.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтаудың мәнін оны талдаудың негізгі міндеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Оларды басты міндеттері:

Біріншіден, кәсіпорынның нарықтық қаржылық тұрақтылығын, бәсеке қабілеттілігін сақтау, жұмыскер ұжымның өмір сапасының тиісті  деңгейін қамтамасыз ету үшін жеткен нәтижелерінің мәнін қарастыру;

Екіншіден,  кәсіпорын қызметінің тиімділігіне ықпал ететін алуан түрлі факторларды және олардың  қайнар көздерін зерттеу;

Үшіншіден, зерттеу объектінің келешктегі даму бағыттарын зерттеу;  

Кәсіпорынның қызметінде нітижелілікті сипаттайтын экономикалық көрсеткіштердің жиынтығы зерттеу тереңдігіне байланысты болады.

Тиімділікті  сипаттаушы бағыттарының бірі зерттеу объектінің іскерлік белсенділігін анықтау болып табылады. іскерлік белсенділік  ұйымның дамуының динамикалылығында, оның қойған мақсаттарына жетуінен көрінеді, осының барлығы абсолютты құныдылқты және жанама көрсеткіштерін анықтайды.

Жұмыстың  мақсаты кәсіпорынның қызметінің тиімділігін және оны арттыру жолдарын зерттеу.

Міндеттері:

  • Кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдаудың теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Кәсіпорын қызметі тиімділігінің түсінігі, негізгі көрсеткіштерін анықтау;
  • Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың ақпараттық негізін талдау;
  • Кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау әдістерін зерттеу;
  • ЖШС «Байер» шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау;
  • Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау;
  • Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау;
  • Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау;
  • Кәсіпорынның табыстылығын талдау;
  • Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау;
  • Кәсіпорын қызметі тиімділігін арттыру жолдарын анықтау;
  • Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін, қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін, табыстылығын арттыруды зерттеу.

Зерттеу объектісі ЖШС «Байер»

Зерттеу пәні Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін анықтауға қатысты процесстер

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың логикалық жалғасы кәсіпорын қызметінің кемшіліктерін жою жолдарын іздеу болып табылады. Жағымсыз жағдайлардың ауқымына байланысты кәсіпорын жағдайын жетілдіруге қажетті іс-әрекеттер көлемі анықталады. Жеңіл қаржылық дағдарыс кезінде ағымдағы  қаржылық жағдайды бірыңғайлау, яғни ақша қаражаттарының кірістері мен шығыстарын үйлестіру жеткілікті. Ал терең қаржылық дағдарыс жағдайы қаржылық жағдайды тұрақтандырудың барлық ішкі және сыртқы механизмдерін қолдануды қажет етеді. Кәсіпорынның жағдайы аппаттық деңгейге жеткенде қаржылық жағдайды жетілдірудің жолдарын іздестіру қажет, ал табылмаған жағдайда кәсіпорынды жою туралы шешім қабылдауға мәжбүр болады. Бұл жағдайда бірегей стратегияға өту керек. Елімізде болған қаржылық дағдарыс көптеген кәсіпорындардың қаржылық жағдайын қиындатты, сондықтан да жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және осының нәтижесінде қажетті шараларды қабылдау жолдарын зерттеу зерттеу жұмыстың ғылыми жаңалығына жатады. Дипломдық жұмыста ұсынылған кәсіпорынның қаржылық жағдайын реттеу шаралары өндірісте кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, іскерлік белсенділігін арттыруда стратегиялық міндеттерді шешуде қолдануы мүмкін.

Зерттеудің әдіснамалық негізі кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың жалпы теориясы болып табылады, оның негізінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын анықтаудың негізгі көрсеткіштері анықталып оларды арттыру жолдары көрсетілді.

Зерттеудің ақпараттық негізі қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттары, салық кодексі, статистикалық мәлліметтер, ішкі нұсқаулық материалдар, қаржылық тұрақтылықты анықтауда кәсіпорынның ішкі қаржылыққұжатнамалары, тағы басқа дерек көздер.

Іздеу