ҚР еңбек нарығы және жұмыссыздықпен күресу мәселесі (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе 3
1 Еңбек нарығының әлеуметтік-экономикалық мазмұны 5
1.1 Еңбек нарығы: мәні, құрылымы 5
1.2 Еңбекпен толық және тиімді қамту 14
2 Тұрғындарды жұмыспен қамту теориясы 21
2.1 Жұмыссыздық және оның түрлері 21
2.2 Еңбек биржасы және оның атқаратын қызметі 29
3 Қазақстан Республикасында жұмыссыздықты шешу жолдары 36
3.1 Қазақстан Республикасында жұмыспен қамту саясаты 36
3.2 Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялау 49
Қорытынды 63
Қолданылған әдебиеттер тізімі 67


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни талаптануы тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асырылатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз ең алдымен жұмыс күшіне  сұраным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Еңбек аясы қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірінің маңызды және көп қырлы саласы. Ол жұмыс күші нарығында және оның қоғамдық өндірісте пайдалануын да қамтиды. Еңбек нарығында жұмыс күші өзінің құнын айқындайды, сонымен қатар оның жалдану шарттары, соның ішінде еңбек ақы көлемі, еңбек жағдайлары, білім алу мүмкіндігі, кәсіпқойлық өсу айқындалады. Бүгінгі еңбек мәселесіне келетін болсақ, біздің Республи-камызда еңбек нарығы әлі де күрделі және толық жетілмеген нарық түрі болып саналады. Сондықтан да бұл мәселеге аса көңіл аударылады. Еңбек нарығының толық шешілмеген басты мәселесі деп жұмыссыздықты атап айту қажет.

Ғылыми жаңашылдығы мен қолданбалық маңызы. Осы мәселе туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, жұмыстан босап қалып, жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға бұрынғы жұмыс орнындағы негізгі жалақының 50% кем емес мөлшердегі, бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерден жоғары және өмр сүру минимумынан төмен болмайтын, жәрдем ақша беруге кепілдік береді. Олармен бірге мемлекет, жұмыс күшінің ұсынымын азайту үшін иммиграцияны шектеу, шетел жұмысшыларының репартациясын ынталандыру, жұмыс аптасының ұзақтығын қысқарту, жұмыс орнын бөлу және мерзімнен бұрын құрметті демалысқа шығару сияқты жұмыс қамту саясатын жүргізеді.

Мемлекет қосымша жұмыс орындарын жасау үшін қаржы бөлу бағдарламасын жүзеге асырады, сөйтіп, жұмыссыздықтан мейлінше жапа шеккен, бірінші кезекте жастар жұмыссыз болатындарға үнемі жәрдем көрсетеді. Еңбек нарығын реттеудің құқықтық механизмі жұмыспен қамту және әлеуметік-экономикалық қатынастарды реттеу бойынша заң және нормативтік актілерді шығару жүзеге асырып келеді. Осы орайда ауыл жағдайын жақсарту, халықтың әлеуметтік жағдайын түзеу, ауылға позитивті өзгеріс енгізу мақсатында ел басының «Дипломмен ауылға» атты бағдарламасы алғаш қадам аттады. Бұл да өз алдына оқуды аяқтаған жас мамандарды жұмыспен қамтуды көздеп отыр [1, 23].

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріміз көріп, біліп отырмыз. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. 2009 жылы еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінен арнайы шаралар қабылданды. Жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджеттен қосымша 140 миллиард теңге бөлінді, ал жергілікті бюджеттер тағы да 51 миллиард теңге бөлді. Осының барлығы Үкімет тарапынан жасалып отырған халыққа деген қолдау.

Зерттелу деңгейі. Жұмыссыздықтың негізгі бастауы 1991 жылғы СССР-дың құлдыраумен байланысты болған, өйткені барлық өңдіріс салалары мемлекеттер арасында байланысқан болған. Осыған байланысты өнеркәсіптер және ұйымдар еңбек ресурстарын төлеуге жағдайы болмаған, сонымен қатар жұмыссыздық мәселе мен бірге еңбек нарығы өмір сүреді. Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады.

Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық.

Сондықтан, еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.

Қазіргі заманғы еңбек нарығында көптеген әр түрлі мәселелер бар. 70 жылдары еңбек – міндет ретінде қаралды, бірақ егер адам бұл жұмысты атқармаса, ол үшін оны айыпталған жоқ. Бірақ осыған орай балаларды тәрбиелеу және үй шаруашлғмен айналасуы, ол мәртебесіз шаруашылық ретінде қарастырылады. Ал оған керісінше өнеркәсіптегі өңдірістік еңбегі және ауыр қол еңбегі бағалы болды. Ауыр және әскери өнеркәсіп салаларға қарағанда жеңіл өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және қызмет көрсету саладағы жұмыс істейтін адамдардың жалақысы төмен болған.

Қазіргі кезде еңбек нарығында ұсыныс пен сұраныс арасында теңдестік жоқ. Еңбек орнында керек емес жерлер де құрылады. Экономиканың шикізатқа бағытталуы, жалғыз салалары және ерлер еңбегіне бағытталған өңдірістік те еңбек нарығына өз әсерін тигізеді.

Еңбек нарығы теориясы мен еңбек нарығының тетігі талдауда концептуалдық көзқарастар белгілі қызығушылық тудырады (еңбек нарығының классикалық моделі, монетаристік моделі).

Зерттеудің мақсаты. Жұмыссыздық мәселелерін шешу үшін әлемде бірнеше жолдар бар: неоклассикалық, кейнсианстық, монетаристік моделі, институционалистер теориясы және Марксизм моделі. Осы барлық жұмыссыздықты жоюға бағытталған модельдердің бірден біреуі еңбек нарығын реттейтін тетігі туралы толық жауап беруге болмайды, бірақ олар еңбек нарықтың негізгі элементтеріне сипаттама бере алады.

Біздің ойымызша еңбек нарығы мен жұмыс табу мәселелерін тек мемелекет тарапынан шешуге мүмкіндік туады. Өйткені тек қана мемлекеттке еңбек нарығына қатысты нормативтік, заңды құжаттарды қабылдауға құқығы бар. Ал осы құқық арқылы ол еңбек нарығының дамуын мен жұмыс табу мәселелерін шешу құбылысын тоқтататын жалақысының минималды ставкаларын енгізілуі, жұмыс орындардың аз болуымен жалпы экономиканың шикізатқа бағытталуын жоюын жүзеге асыруы мүмкін. Сол мәселелерді  шешуі мемлекет қолында. Сонымен, еңбек нарығы, жалпы ұсыныс пен сұраныс заңдылықтарына сүйене отырып, өз жұмыс істеу тетігінің принциптері бойынша басқа тауарлық нарықтарына бірнеше айырмашылықтары бар спецификалық нарығы болып табылады. Осында реттеуші факторлар макро және микроэкономикалық факторлардан басқа әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық факторлар да өз роліне ие. Бүгінгі күні еңбек нарығы, оның ішінде жұмыссыздық мәселесі ең өзекті болып отырғандықтан, дипломдық жұмыстың тақырыбы етіп таңдап, жан-жақты зерттеп, талқылауды  мақсат тұттым.

Зерттеудің міндеттері:

       -  еңбек нарығын жаңа экономикалық жағдайда мойындау сипатын ашу;

       -  еңбек нарығына түсінік беру, оның сипаттамаларын, факторларын және   

          мәнін ашып көрсету;

       -  еліміздегі жұмыспен қамту саясатын талдау.

         Зерттеу объектісі ретінде қоғамдағы жұмыссыздықты алып отырмын.

Теориялық және әдіснамалық негізі. Дипломдық жұмысым үш бөліммен тұрады. Бірінші бөлімде еңбек нарығы, оның мәні мен құрылымы, еңбекпен толық және тиімді қамту туралы ұғымдарға тоқталдым.

Екінші бөлім жұмыссыздық ұғымын, еңбек биржасы, оның атқаратын қызметін айқындайды.

Үшінші бөлімде еліміздегі жұмыссыздықты шешу жолдары және жүргізіліп жатқан саясат жайында сөз болады.

Деректі негізі. Осы дипломдық жұмысымды жазу барысында  қолданыстағы еңбек нарығын реттейтін заңнамаларға сүйендім. Атап айтсақ, ҚР-ның Конституциясы, ҚР-ның «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы және т.б нормативтік құқықтық актілер. 

Іздеу