Мемлекеттік бюджеттің инновацияны жүзеге асырудағы рөлін талдау («Павлодар облысы қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мысалында) (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ 7
1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ПЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МӘНІ МЕН ОНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Бюджет түсінігі, мәні мен рөлі, оның құрылымы мен қалыптасу көздері 11
1.2 Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы 20
1.3 Мемлекеттік бюджеттің инновациялық саясатты жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесі 27
2 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ИННОВАЦИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ РӨЛІН ТАЛДАУ («ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ МЫСАЛЫНДА)
2.1 «Павлодар облысы Қаржы басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің мінездемесі 37
2.2 Бюджет қаражаттарын инновациялық саясатқа жұмсауын экономикалық талдау 42
3 ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Павлодар облысының инновациялық саясатының даму жағдайы 62
3.2 Павлодар облысындағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары 72
ҚОРЫТЫНДЫ 87
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 90
ҚОСЫМША А Өнеркәсіптегі технологиялық инновацияға жұмсалған шығындар, млн. теңге 93
ҚОСЫМША Ә Инновациялық даму үшін болашақ экономикасының маңызды факторлары 94


КІРІСПЕ

Қазіргі кезде ғылыми қызметтің дамуында жаңа кезең байқалады, ол іргелі және қолданбалы зерттеулерді қаржыландырудың жыл сайынғы өсуімен, жеке секторлар арқылы ғылыми интеграцияларды ынталандыру есебінен жаңа еңгізілімдерді игеруді жеделдетумен, инновациялық қызметтің дамуына жан-жақты қолдау көрсетумен, зәру экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешуде ғылыми-техникалық әлуетті бағдарлаумен сипатталады.

Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық қызметке маңызды рөл бөлінеді, себебі оның соңғы нәтижелері болатын – өндірістің тиімді артуымен, еңбек өнімділігі мен капиталдың өсуімен, жоғары технологиялық өнімдердің көлемімен елдің экономикалық қуаты айқындалады.

Тəуелсіздк алғаннан бері еліміз бірқатар əлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізді. Минералды- шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономикаға қайта құру кезеңінің дағдарысына төтеп беруге жəне экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бірақ қазіргі өсім сапасы қанағаттандырарлық емес, себебі ол жоғарғы технологиялар есебінен жүзеге асырылмай жатыр. Жағымды шикізатты экспорттау ондаған жыл сақтала бермейді.

Экономиканы жедел жаңартудың шектеуші факторлары мыналар: өндіргіш күштердің деиндустриализациясы, қазіргі өндірістерді дамытудағы экономиканың шикізаттық бағытталуы болып табылады. Соңғы жылдардағы көрсеткіштер бойынша, Қазақстан технологиялық артта қалушылығын байқатуда, стратегиялық маңызы бар ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік- конструкторлық жұмыс нəтижелері жəне жалпы алғанда интеллектуалды меншік елдің ұлттық байлығы ретінде тиімді қолданылмай жатыр.Негізінен Қазақстанның егемендік алуымен байланысты отандық ғылымның миссиясы да өзгерді.

Əлемдік экономиканың түрленуі жəне қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі жəне шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бəсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының əрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан қайта құрылуы, отандық экономиканың ұдайы өндіріс үрдісін қайта құру мен оның бəсеке қабілеттілігін арттыру үлкен маңызға ие. Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Стратегиясында өңдеуші жəне ғылыми сыйымды жоғары технологиялық индустрияға аса зор көңіл бөлініп жатыр. Елдің экономикалық тəуелсіздігі технологиялық даму деңгейінен ажыратылмай қарастырылады. Əлемдік экономикадағы мемлекеттің рөлі мен оның мəні, инновация мен өзгерістердің негізгі қозғаушы күші-жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады. Қазіргі заманғы техника өндіріс технологиясынан бөлек ажыратылып қарастырылмайды. Ол тек нақты технологиямен қатар қолданылады жəне сол арқылы көрініс табады, яғни технология ғылыми-техникалық прогресстің қозғаушы күші болып саналады.

Ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде ерекше өнімнің ғылыми-техникалық жобалары, озық технологияларды басқарудың қазіргі заманғы жүйесін жасаумен шұғылданатын ғылыми-зерттеу, конструкторлық жəне жобалық ұйымдары ерекше рөл атқарады. Қазақстан табиғи ресурстарды ғана пайдалана отырып дамитын емес, сондай-ақ өзінің интеллектуалды капиталын да пайдаланып дамитын елге айналғаны белгілі болды. Мұның өзі дүниежүзілк бəсеке ғылыми-техникалық жобалардың өте жедел (2-3 жыл) жүзеге асуын талап етеді. Сыртқы əлемдік ортада үздіксіз жүріп жатқан өзгерістер дүниежүзілік экономикадағы біздің елімізде орнын белгілейді, сондықтан инновациялық қызмет өмір сүрудің жəне дамудың маңызды факторына айналуда. Осыған байланысты туындайтын аса маңызды жайт- инновациялық қызметтің елдің экономикасының өсуін жəне экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қамтамасыз ететін қуатты тұтқаға айналуы болып табылады. Осы аталғандардың барлығы зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – инновацияның жəне еліміздегі инновациялық үрдістердің қалыптасуы мен дамуын теориялық, тəжірибелік жəне аналитикалық тұрғыда талдау, сондай-ақ зерттеу нəтижелері негізінде нақты ғылыми негізделген ұсыныстар жасау.

Анықталған мақсатқа сəйкес мынадай міндеттер шешілуі тиіс:

  • Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтің теориялық негіздерін анықтау;
  • иновацияның мəнін, түрлерін, инфрақұрылымын айқындап, оларға түсініктіме беру;
  • Қазақстандағы инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктерін қарастыру;
  • Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістердің даму тенденциясына баға беру;
  • отандық кəсіпорындардың инновациялық қызметін талдау;
  • инновациялық қызметтің шетелдік озық тəжіребелерін қарастыру;
  • Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдарын ұсыну.

Жұмыстың теориялық-əдістемелік негіздері Қазақстан Республикасы заңнамалық актілері, Президентінің жарғылары, Павлодар облысының статистика жөніндегі Агенттігінің жинақтары, отандық зерттеушілердің ғылыми еңбектеріндегі материалдар негізінде қалыптасқан.

Дипломдық жұмыстың міндеті – қойылған мақсатқа жету, ол үшін бюджет пен инновация мәнін, бюджет құрылымын, мазмұнын, атқаратын қызметін, оның қалыптасу көздері, бюджет қабілеттілігін анықтаудың негізгі бағыттарын талдау оның инновацияға кететін шығындарын теориялық тұрғыда қарай отырып, оны практикамен ұштастыру, қорытынды жасау болып табылады.

Дипломдық жұмыста Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаттарын инновация саясатына тигізетін әсері. Бюджеттің мәнін, құрылымын, қалыптасу көздерін, бюджет қаражаттарын қолдануды экономикалық талдауын, инновацияны дамытудағы негізгі проблемаларын және жетілдіру жолдарын қарастырдық.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Бірінші бөлімде бюджет түсінігі, экономикалық мәні мен рөлі, құрылымы, түрлері мен қалыптасу көздері, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы, инновацияға, оның түрлеріне, инфрақұрылымына, инновацияның даму ерекшеліктеріне түсініктеме береді.

Екінші бөлімінде Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы бойынша бюджеттің инновацияны жүзеге асырудағы рөлін 2007-2009 жылдар аралығындағы көрсеткіштеріне экономикалық талдау жасалған.

Үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасы, Павлодар облысының инновациялық саясатының даму жағдайы және оны арттыру жолдары қарастырылған.

Қорытындыда, инновацияларды дамыту маңыздылығы, жалпы дипломдық жұмысқа қорытынды жасалынған.

Іздеу