Павлодар қаласы бойынша №1 «Павлодар облысының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» негізінде еңбек ақыға есеп жүргізуді ұйымдастыру (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Мазмұны
Кіріспе
1 Еңбек ақыны төлеуге есеп жүргізу мен бақылаудың теориялық аспектілері.
1.1 Еңбек ақыны төлеу бойынша есеп жүргізудің мазмұны, міндеттері және негізгі ұйымдастыру шаралары.
1.2 Еңбек ақыны төлеудің түрлері мен жүйлері
1.3 Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп жүргізулері мен қаржылық бақылау жасау бойынша ұйымдастырушылық шараларының ерекшеліктері.
2 Павлодар қаласы бойынша №1 «Павлодар облысының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» негізінде еңбек ақыға есеп жүргізуді ұйымдастыру.
2.1 Еңбекке және еңбек ақысына бақылау жүргізу облысындағы кәсіпорындапрдың сипаттамасы және жалпы ережесі.
2.2 Еңбек ақыны төлеу бойынша операциаларды құжатты түрде ресімдеу.
2.3 Еңбек ақыны төлеудің аналитикалық және синтетикалық есеп жүргізуін иұйымдастыру.
3 Еңбек ресурстары мен еңбек ақыны төлеу бойынша есеп жүргізуге бақылау жасау.
3.1 Мемлекеттік мекемелердегі еңбек ақыны төлеу бойынша есеп жүргізудің мақсаттары, әдістері мен міндеттері.
3.2 Еңбек ақыны төлеу бойынша есеп айырысудың негізгі тексеріс жұмыстары.
3.3 Есеп жүргізу жүйесін жетілдіру бойынша бақылау және іс шараларды әзірлеудің нәтижелерін ресімдеу.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А Бухгалтерлік баланс
Қосымша Б Жеке еңбек шарты
Қосымша В Жұмыс уақытына есеп жүргізу табелі
Қосымша Г Бұйрықар
Қосымша Д Графикалық бөлім Қосымша


Кіріспе

Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайындағы бюджеттік жүйе, жеке меншік түрлерінің сан алуандығы, аймақтардың бюджеттерінің өздігінше жұмыс істеуі мемлекеттің ортақ қаржы саясатын жүзеге асыруда маңызды рөлді атқарады, оның мақсаты экономикалық саясатпен шарттасуы.  Мемлекеттік қаржылық реттеудің мәнісін бюджеттік жүйе арқылы бағалау оңай болмайды, алайда тәжірибедегі қаржы ресурстарын үлестірудің қазіргі кезде өзгеріске ұшырап отырғандығын жай қалдыруға болмайды. Аса маңызды тапсырма болып, бюджеттік құқықтық қатынастарды  барлық субъктілермен бюджет алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету болып табылады. 

Бюджеттіктерге негізгі қызметі толықтай бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспары негізінде бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдар жатады. Міндетті шарты бюджетік бағдарламалар бойынша шығыстарды қаржыландру және бюджеттік мекемелер үшін қарастырылған тәртіпте  бухгалтерлік есеп пен есеп беруді жүргізу болып табылады. 

Бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жүргізудің ерекшеліктері айқындалады

Қолданысқа  2005 жылғы 1 қаңтарда енген  бюджеттік құрылым мен бюджеттік процесс туралы 2004 жылғы  24 сәуірдегі №548- 11 Бюджеттік кодекспен; 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысымен бекітілген республикалық және жергілікті бюджетті орындауЕрежесімен;  

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазыналық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша Нұсқаулықпен; 

Бюджеттік баланыста тұрған мекемелердегі операцияларға  есеп жүргізудегі басқадай да нормативтік құжатармен

Бюджеттің орындалуына бухгалтерлік есеп жүргізу, немесе бюджеттік есеп жүргізу – шаруалық есеп жүргізудің ортақ жүйесінің басты бөліктекрінің бірі.  Ол бюджеттің орындалуының барысы мен нәтижелері туралы қажетті мәліметтерді береді, бюджеттің орындалуына бақылау жасау ретінде қызмет атқарады – кірістердің түсуіне, бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуына және мемлекеттік қаражаттарды мақсатты пайдалануға. 

Дипломдық жұмыстың мақсаты мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді және еңбекті төлеу бойынша есептесулерге бақылау жасауды ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерделеу болып табылады.  Осы дипломдық жұмыстың тәжірибелік бөлімі «Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі Павлодар қаласындағы №1 филиалы базасы негізінде орындалды. 

Еңбекті төлеудің қарастырылып отырған проблемасын, оны  жай бір адамның өзі де бір ғана еңбекақының көлемін белгілеу еңбек қатынасына қатысушылардың барлығында да белгілі бір қиындықтар туғызатынын аңғара алады: жұмысшы ылғида  жоғары деңгейдегі табыстың болғанын қалайды, ал жұмыс беруші өзінің шығындарын осы саладамейлінше қысып қалғысы келеді.  

Алдыңғы орында жұмыс күшін пайдаланудың тиімділігіне ықпал ететін факторлардың ішінде еңбекті төлеу жүйесі тұр.  Әсіресе еңбекақы, ашып қарағанда оның өзі жұмыскерді жұмыс орнына әкелуге бірден бір себепші болып табылады. Сондықтанда осы проблеманың мәнісін бағамдап көру оңай емес.  

Еңбек пен еңбекақыға есеп жүргізу еңбектің көлемі мен сапасына, еңбекақы қорына енетін және әлеуметтік сипаттағы төлемдер қаражатын пайдалануға жедел бақылау жүргізуді қамтамасыз етуі керек. 

Еңбекті және еңбекақыны ұйымдастырудың жаңа жүйесі қызметкерлерді материалдық ынталандыруды қамтамасыз етуі керек. 

Таңдалып алынған тақырыпты зерттеудің актуальділігі  еңбекақының көлемі әрбір елдегі өмір сүру деңгейіне тәуелділігімен түсіндіріледі.  Адамдардың басым көпшілігіне еңбекақы табыстың негізгі көзі болып табылады.  Сондықтанда еңбекақыға байланысты сұрақтар (оның көлемімен, аудару және төлеу және т.б. түрлерімен) жұмыскер үшін де, сол секілді жұмыс берушігеде бірдей деңгейде актуальді болып табылады.  

Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер топтамасын шешу қажет: 

– еңбекті төлеудің негізгі түсініктері мен проблемаларын қарастыру; 

– еңбекті төлеудің қолданыстағы формасы мен жүйесінің оң тәжірибелерін зерделеу; 

– еңбекақы мен басқа да операциялар бойынша қызметшілермен есептесуге есеп жүргізу бойынша  жұмыс есептеріне сипаттама беру; 

– еңбекті төлеуді аударуды қарастыру, сондай ақ еңбекақы қорынан ұстап қалулар мен аударымдар жасау тәртібін қарастыру; 

– бухгалтерлік есеп жүргізудің және нақты бір кәсіпорында еңбекті төлеуді ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерделеу; 

– еңбекті төлеу бойынша қаржылық бақылау операциясын өткізудің әдістемесін ашу. 

Еңбекті төлеуге есеп жүргізу мен бақылау жасау есеп жүргізудің барлық жүйесінде басты орында болып табылады.  

 

Іздеу