Павлодар облысының әкімшілігінің автошаруашылығы шаруашылық жүргізуін құқықтағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын мысалында еңбек ақы төлемдер есебінің талдауы (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ
1 ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕМДЕР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Еңбекақы түрлері және қосымша төлемдер есебі
1.2 Қосымша еңбекақы есебі
1.3 Шетелдік тәжірбие
2 "ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІГІНІҢ АВТОШАРУАШЫЛЫҒЫ" ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУІН ҚҰҚЫҚТАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ мемлекеттік кәсіпорын мысалында еңбек ақы төлемдер есебінің талдауы
2.1 "Павлодар облысының әкiмшiлiгiнiң автошаруашылығы"
шаруашылық жүргiзуiн құқықтағы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның қысқаша мінездемесі
2.2
"Павлодар облысының әкiмшiлiгiнiң автошаруашылығы" шаруашылық жүргiзуiн құқықтағы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның экономикалық қызметін жетілдіру жолдары.
2.3 Кәсіпорындағы еңбек көрсеткіштерін талдау ерекшеліктері
3 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЕҢБЕКТІ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Еңбекті төлеудің тарифсіз жүйесін қолдану жөнінде ұсыныстарды әзірлеу
3.2 Қазақстандағы еңбек нарығының ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША А - Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның басқару жүйесі
ҚОСЫМША Ә- Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның есеп беру нысаны
ҚОСЫМША Б - Жұмысшылар орта тізімінің көрсеткіші және еңбекақы қоры


КІРІСПЕ

Берілген менің диплодық жұмысымның тақырыбы - мемлекеттік кәсіпорындардағы еңбекақы төлемін ұйымдастыру және оның формалары ("Павлодар облысының әкiмшiлiгiнiң автошаруашылығы" шаруашылық жүргiзуiн құқықтағы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынының материалдары бойынша)

Дипломдық жұмыстың мақсаты еңбек ақы төлемдер есебінің теориялық негіздерін табу және мемлекеттік кәсіпорындарда қандай еңбек ақы жүйесі қолданылатынын және қалай қолданылатынын ашып көрсету.

Экономика ғылымында еңбек ақы туралы мынадай ұғым шықты, яғни еңбек ақы бұл – жұмыс берушінің жұмыскерге төленетін ақшалай қаражаты.  

Еңбек ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл ой қаблеттілігін көрсетеді.

Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.

Еңбекақы бұл жұмыскеге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетің төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады.

Жұмыс күші бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қаблетің қалпына келтіруге жәрдемдесетің заттардың жинақ құны.

Еңбек тиімділігін арттырудың мынадай әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері.

Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, «Еңбек ақы төлеу туралы» ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, «Қызметкерлер туралы» ережесін белгілей алады.     Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру  мен еңбек келісім-шартын жасау үшін ғана емес, сондай-ақ, ол шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет.

Төлем жеке және ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін. Іс жүзінде еңбек ақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдалынады – кесімді және мерзімді.

Мерзімді еңбек  ақының жай мерзімділік және сыйақылы мерзімділік төлемі болады.

Ал кесімді еңбек ақы кесімді прогрессивті, жанама кесімді және еңбек төлемінің аккордтық жүйесі болып үшке бөлінеді. Кейбір кәсіпорындарында есепті тариф мөлшерлемесімен жүргізеді.  Тариф сеткасы еңбек ақының 21 разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тарифтік коэфициенті белгілінеді.

Еңбек ақы есебі және оның төлемінің  негізгі мақсаты  еңбек шығындарын және төлемді есептеу шығындарын дұрыс анықтау, жұмыс уақытын дұрыс пайдалануды еңбек тәртібін және еңбекке ақы төлеу қорын пайдалану ережесін бақылау болып табылады. 

Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қатынастары нормативтік құқықтық актілермен  1999 жылдың 10 желтоқсанындағы шыққын  «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңымен, жеке және ұжымдық келісімдерімен реттеледі.     Еңбек ақы бойынша есеп айырусылар еңбек ақыны төлеу үшін немесе еңбек ақыны және төлем тізімдемесі бойынша кітапта қолданылатын есеп-төлем тізімдемесінде жүргізіледі. Еңбек ақы айына бір рет жеке және ұжымдық шартта белгілінген күнде төленеді. Егер төлеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес болатын болса, онда алдын ала бір күн бұрын төленеді.

Еңбек ақы мөлшері еңбек шартында белгілінеді және заң актілерімен белгілінген минимумнан төмен болмайды. Еңбек ақының бірнеше төлемдері болады:

  • демалыс уақытына төленетін төлем;
  • пайдаланылмаған еңбек демалысына төленетін өтемақы;
  • уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде төленетін жәрдем ақы ;
  • демалыс және мереке күндерінде істелген жұмысқа төленетін төлем

Іздеу