«Нұрбанк» АҚ ауыл шаруашылық өндірісті несиелеуді талдау (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Ауыл шаруашылық өндірісті несиелеудің
теориялық аспектілері 5
1.1 Несиелеудің экономикалық мәні
1.2 ҚР ауыл шаруашылық өндірісті несиелеудң қажеттілігі 5
2 «Нұрбанк» АҚ ауыл шаруашылық өндірісті несиелеуді талдау 7
2.1 «Нұрбанк» АҚ сипаттамасы 7
2.2 «Нұрбанк» АҚ қаржылық экономикалық жағдайын талдау 11
2.3 Пруденциалды нормативтерді атқаруды талдау 16
2.4 «Нұрбанк» АҚ ауыл шаруашылық өндірісті несиелеуді талдау 19
3 ҚР ауыл шаруашылық өндірісті несиелеуді жетілдіру жолдары 22
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30
Қосымша А- «Нұрбанк» АҚ консолидациялық
бухгалтериялық баланс 30
Қосымша Б -«Нұрбанк» АҚ кірістер мен шығыстар туралы
консолидациялық есеп 31
Қосымша В - «Нұрбанк» АҚ ақша қаражатының
қозғалысы жөнінде консолидацияланған есеп 32


Кіріспе


Аграрлық секторды реттеу қиын және көпқырлы мәселе болып табылады. Оның жағдайы республиканың нақты сұраныстарын қанағаттандырмайды. Дамыған елдердің көп жылдық тәжірибесі мен Қазақстанның соңғы он жылдық ішіндегі практикасы нарық жағдайында мемлекеттің қатысуынсыз экономика қарқынды дамымайтындығын құптайды.
90-жылдар соңындағы жағдай АӨК барлық кешенді экономикалық шаралар отандық өндірістің тиімді даму есебінен Қазақстанның азық-түлікпен қаматамасыз ету қауіпсіздігіне бағытталған. Бұл мақсатқа жету барлық меншік түрлеріндегі ауылшаруашылық мекемелерінің қажетті кірісін қолдау арқылы ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп арасындағы эквивалентті айырбасты қолдауға және қамтамасыз етуге негізделген.
АӨК тұрақты дамуын қамтамасыз етуге баға және қаржылай несиелендіру саясатының теңдесуін жүргізуге, мемлекеттік реттеу мен нарықтың өзін-өзі реттеудің үйлесімділігіне негізделген атқарушы экономикалық механизм қажет.
Қаржы ресурстарының жетіспеушілігі кезінде ауылшаруашылық құрылымдардың практикалық қызметіне негізгі несиелендіру жүйесі ретінде ұсынылатын қосымша қаржыландыру көздерін іздеу қажеттілігі пайда болады.
Бірақ пайыздық үстемелердің өте жоғары болуына қарай несие олардың шаруашылық қызметін қолдау көзі ретінде экономикалық жағынан тиімді емес, тіпті кірісті мекемелерге де.
Осы тұрғыда агроөнеркәсіптік өндірісті реттеудің тиімді жүйесін қалыптастыру мәселесі ерекше ауқым алады, ол өз кезегінде пайдаланушы және туындаушы реттеу көздерін әрі қарай жүйелендіру мен нақтыландыруды, аграрлық секторға қаржы түсірудің жаңа мүмкіндіктерін анықтайды. Қазіргі жағдайда мемлекеттің қабылдаған шаралары аграрлық нарықтың негізгі субьектілері арасындағы экономикалық қатынасты реттеу жүйесінің тиімділігін көрсетпейді: ауылшаруашылық тауар өндірушілер, ауылшаруашылық шикізатты өңдеуші мекемелер, сауда және қызмет көрсетуші мекемелер.
АӨК ұйымдастырушы экономикалық механизмі мен нарықтық экономика мәселесін зерттеуге: Л.И.Абалкин, В.М.Баутин, В.Р.Боев, И.Н.Буробкин, И.Н. Буздалов, Г.В. Беспахотный, Д.Ф. Вермель, A.M. Гатаулин, В.А. Добрынин, А.П. Зинченко, С.В. Киселев, В.А. Клюкач, В.В. Кузнецов, В.В. Милосердов, А.А. Никонов, Г.А. Романенко, А.В.Петриков, Э.А. Сагайдак, А.Ф. Серіков, М.П.Тушканов, И.Г.Ушачев, И.Ф. Хицков, Л.И. Холод, Ф.К.Шакиров, А.А. Шутьков үлкен үлес қосты.
Қазақстандағы АӨК-ді мемлекеттік реттеудің экономикалық механизм жүйесін қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық сұрақтары:
Г. Қалиевтың, К.И. Искаховтың, К. Қайырбековтың, В.Е Левичевтің., Ж.С.Сундетовтың, Т.И.Есполовтың, М.И.Сигарев, Б.Ш Сыздыковтың және т.б. көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде жарық көрді. Бірақ әлі де отандық әдебиет көздерінде аз зерттелген мәселелер мен сұрақтар кездеседі. Көп құрылымды экономика шаруашылықтың әр түрлерін ұйымдастыру арқылы кеңістік пен өндірісті қалыптастыру процесін экономикалық механизмнің ажыратылмайтын бөлігі ретінде зерттеу қажеттілігін арттырды. АӨК-ні мемлекеттік реттеу сұрақтарына жаңа қырынан қарауға негізделген экономикалық механизмдерді жетілдіру теориясын нақтылау қажеттілігі туындады.
Жұмыстың мақсаты: коммерциялық банктердің ауыл шаруашылық өндірісті несиелеуді зерттеу
Міндеттер:
- Ауыл шаруашылық өндірісті несиелеудің теориялық аспектілерін зерттеу;
- Несиелеудің экономикалық мәнін ашу;
- ҚР ауыл шаруашылық өндірісті несиелеудң қажеттілігін анықтау;
- «Нұрбанк» АҚ ауыл шаруашылық өндірісті несиелеуді талдау;
- «Нұрбанк» АҚ сипаттамасын жасау;
- «Нұрбанк» АҚ қаржылық экономикалық жағдайын талдау;
- Пруденциалды нормативтерді атқаруды талдау;
- «Нұрбанк» АҚ ауыл шаруашылық өндірісті несиелеуді талдау;
- ҚР ауыл шаруашылық өндірісті несиелеуді жетілдіру жолдарын анықтау

Іздеу