«Яссауи» туристік фирмасының жарнамалық қызметі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1 Туристік қызметіндегі маркетинг қызметі
2 «ЯССАУИ» туристік фирмасының маркетингілік стратегиясының қалыптасуы
2.1 «Яссауи» туристік фирмасының қызметін талдау және оның туристік қызмет көрсету нарығындағы орны
2.2 Жарнамалық бағдарламасы
3 Қазақстан Республикасының жарнама нарығын жетілдіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі


КІРІСПЕ

Біздің еліміздің қазіргі даму кезеңі қарқынды және сапалы өзгерістермен ерекшеленеді. Қазақстан нарықтық экономиканы дамыту жолын таңдады. Бұл қоғамдық өмірдің барлық салаларына әсерін тигізеді. Еліміздің барлық кәсіпорындары мен ұйымдары нарықтық экономика қағидалары негізінде қызметтерін іске асыруда. Осы жағдайда маркетингтің әсіресе жарнаманың ролі жоғарылады. Қазір кез келген адам жарнаманы барлық жерде кездестіре алады.

Жарнама біздің мемлекетіміздің қаржылық-шаруашылық іс-әрекетінің ажырамас бөлігіне айналды. Кез келген кәсіпорын өзін және өз өнімін жарнамалайды. Бұл мақсатпен кәсіпорын өзінің жарнама бөлімін құрайды немесе жарнамалық агенттіктің қызметін пайдаланады. Қазақстан территориясында сұранысты тудыру және ынталандыру мақсатындағы жарнама ежелде пайда болды. Жарнама саласының белсенді қызмет жасау кезеңі ортағасырлар болып табылады.

Сол кездері Қазақстан арқылы бірқатар сауда транспорттық жолдар өтті, олардың бірі Ұлы Жібек Жолы. Осы жолдар бойындағы қалалар Шығыс және Батыс арасындағы тауар айналымының орталықтары болды. Жәрмеңкелер жиі өткізілді. Әлемнің әр түрлі жерлерінен келген саудагерлер өз тауарларын сатқан кезінде “жарнамалаумен” айналысты. Бірақ қазіргі түсінігіміздегі жарнама Қазақстанда тек қана Жаңа Экономикалық Саясат кезінде пайда болды.

Кеңес үкіметі кезінде жарнаманың мақсаты бәсекелестікті ынталандыру емес, насихаттаудың құралы болды. Сол кездері, шын мәнінде жарнаманың тұтынушыларға қажеті болған жоқ, тауар ассортиметін мемлекет анықтады және көбінесе таңдауға мүмкіншілік болған жоқ, яғни мысалы “Рубин” теледидары ғана болды және ешқандай “Sony” немесе “Panasonіc” болған жоқ. Немесе “Аэрофлоттың ұшақтарымен ұшыңдар”, “Жинақкассаларында ақшаны сақтаңыздар” сияқты жарнаманың ешқандай экономикалық маңызы болған жоқ. Өйткені, Аэрофлоттан басқа әуекомпаниялар, Жинақкассасына бәсекелес болатын мекемелер болған жоқ.

Қиыншылық тауарды таңдауда емес, қандай болса да тауарды табуда болды. Басқа жағынан, жарнаманың мемлекетке де қажеті болған жоқ, мемлекеттің өзі тапсырыс берген тауарлардың бағасын өзі бекітіп, өзі өндіріп, өзі сатып алатын еді.

Ал, егемендігімізді алғаннан бері Қазақстандағы жарнамалық іс-әрекет күрделі, түбегейлі өзгеріске ұшырады. Қазіргі кезде, жарнама әрбір кәсіпорынның өндіріс және өткізу қызметтерін басқару процесіне қатысуынан жаңа роль атқаруда. Жарнаманың жаңа ролінің мәні – кешенді маркетинг жүйесінің белсенді жән ажырамас бөлігіне айналуында.

Соңғы он жылдықтағы кәсіпорындардың өткізу қызметінің күрделенуі және бәсекелестіктің жоғарылауы маркетингтің нарықта үстемдікті орнату мақсатымен өнімнің өзіндік құнын төмендету немесе техникалық жаңалықтарды енгізуден кем түспейтін бәсекелестік факторына айналуына себеп болды. Жарнама нарыққа әсер ете алатын жалғыз құрал болып шықты. Сонымен қатар, жарнама нарықта ақпарат тарату және тұтынушылармен байланыстыру қызметін атқарады.

Тұтыну тауарларын жылжытудың ең тиімді түрі – жарнама болып табылады. Жарнама дегеніміз – қаржыландыру көзі анық көрсетілген, БАҚ арқылы жүзеге асатын, жеке көрсетірмейтін, тауар мен қызметті жылжыту нысаны. Жарнама   сұраныс пен ұсыныс жасауға, бәсекенің пайда болуына, инвестиция үйіруге, өткізу нарығының кеңеюі мен сайып келгенде, жалпы экономиканың және оның әртүрлі саласының дамуына әсерін тигізеді. Сол себепті де, бұл саланың дамуы экономиканың дамуына тікелей әсер етеді. Әрбір кәсіпорынның өндірген тауарының рыноктағы орны, өмір сүру ұзақтығы, оның болашағы, т.б. қасиеттері сол тауардың тұтынушылар арасында сұранысқа ие болып, рынокта жақсы өтуіне байланысты. Ал әрбір тұтынушы тауарды сатып алып, әрбір өткізушінің өз тауарын рынокта тиімді сатып, өз пайдасын жоғарлатуда жарнаманың алатын орны орасан зор. Яғни кәсіпорынның болашағына жарнаманың үлесі зор. Қазақстан Республикасы сол себепті де қазіргі уақытта жарнамаға үлкен мән беруде. Әйтсе де бұл сала біздің мемлекетімізде дами қойған жоқ. Себебі біз әлі де болса жоғары сапалы жарнама түсіргеніміз жоқ. Қазақстан Республикасында көлікте жүргізелетін жарнамалар  өте дамыған десек болады. Сәйкесінше, теледидар жарнамасының халі мүшкіл. Ал теледидар тұтынушылар санасына әсер етудің басты жолы. Сондықтан теледидарлық жарнаманың дамуына үлес қосуымыз қажет.

Қазақстан Республикасында маркетинг саласына мән берілуде. Бірақ нақ қазіргі кезде жоғары квалификацияланған маркетологтар кем де кем. Осы себептерге байланысты менім алып отырған тақырыбымның актуалдылығын, өзектілігін байқауға болады.

Бүгінгі таңда жарнама өткізу рыногы үшін бәсекелестермен күрестің, сұраныс қалыптастырудың, өткізуді ынталандырудың белсенді және ықпалды қаруына айналған. Осы міндеттерді маркетингтің бірегей стратегиясы ауқымында орындай отыра, жарнама тауарлар, идеялар, қызметтер жөнінде ақпарат береді, жарнама объектісін қосымша тұтыну сапасымен толықтырады, нарықтағы тауарларды жіктейді, тұтынушыны қимыл жасауға итермелейді, оны енжарлықтан тазартып, ықтимал сатып алушыға айналдырады.

Жарнамасыз тауарлардың кең рыноктарын қалыптастыруға, ықтимал қажеттіліктерді сұранымға айналдыруға болмайды. Коммерциялық жарнаманың алып машинасы тұтынушыны қалыптастыруға, оған қысым жасап, керекті сенім тәрбиелеуге арналған. Жарнаманың мақсаты сатып алуға деген құмарлықты қыздырып, ықтимал тұтынушыны несиені пайдалануға, қосымша шығындарға итермелейді. 1933 жылы Ф.Рузвельт жарнаманы «Өмірлік маңызды экономикалық және әлеуметтік күш» деп атаған-ды. Және ол былай деген: «Егер маған қайтадан өмір бастатса; мен жарнама бизнесін басқа қандайынан да болмасын, артық қалаған болар едім». Бұл жаны бар сөз. Себебі, жарнама   сұраныс пен ұсыныс жасауға, бәсекенің пайда болуына, инвестиция үйіруге, өткізу нарығының кеңеюі мен сайып келгенде, жалпы экономиканың және оның әртүрлі саласының дамуына әсерін тигізеді.  Қазақстан Республикасы сол себепті де қазіргі уақытта жарнамаға үлкен мән беруде.

Нарық заңдылықтары бізге жарнама ұғымын кең алға тартты. Ол көпшілікке нарық теңізінде жүзуіне, нарықтық өмірде жөн – жобаны білуіне жәрдемге келді. Жарнаманы әдетте сауданың қозғаушы күші деп те айтып жатады. Егер бұл теңеуді одан әрі  жалғастырсақ жарнаманы заңды жол қозғалысының ережелерімен де теңестіруге болар еді.    Жарнама қызметімен өнімнің сапасы төмен болуы 2 негізгі фактормен айқындалады. Біріншіден, қазақстандық жарнама берушілер сапалы өнім шығару үшін жеткілікті қазіргі заманғы технологиямен және жарнама агенттерінің оларды алу үшін жағдай жоқ болғандықтан қол жетпейді. Екіншіден, Республикада жарнама бизнесі мамандандырылған кадрлардың тапшы болып, сонымен қатар барлық жарнама үрдісімен басқару звеносы болмауы әсер етіп отыр.

Кез-келген жарнамалық компанияның мәселелерінің бірі, таңдаған нарық сегментінің тұтынушылары жақсы қолданатын таңдау. Егер бұл жасалмаған болса, онда жарнамалық арнаудың мазмұнын таңдау, оның тұтынушыға әсер етуіндегі еңбектер босқа кетеді.

Жалпы туризм қазақтарға жат дүние емес, өйткені біздің ата-бабаларымыз көшпенді халық болғандықтан, біздің барлық салт-дәстүріміздің элементтері туризмде бар. Мысалы: көшіп-қонуға ыңғайлы киіз үйлер, тұрмыстық бұйымдар бүгінгі таңда туризмде қолданылатын құрал-жабдықтарға ұқсас.

Саяхаттық фирмаларда жарнама — маркетингтік стратегияларды таратуда маңызды рөл атқарады. Саяхатты жарнамасыз елестету мүмкін емес. Ол қоғамда мәдениетті және психологиялық жағдайға әсер етуді көрсетеді.

Саяхат біздің еліміздің саясаттық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және мәдениеттік қайта құбылуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі.

Осыдан зерттеу жұмысының терең өзектілігі байқалады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасындағы жарнама қызметінің дамуы мен болашағы

Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:

Жарнаманың теориялық әдістемелік негіздерін зерттеу;

Жарнама ұғымы, мәні және даму тарихын талдау;

Жарнаманың негізгі түрлері жане тарату құралдарын анықтау;

Қазақстан Республикасыныңжарнама қыметін зерттеу;

Қазақстан Республикасының  жарнама нарығын талдау;

Туризм саласында жарнама қызметін зерттеу;

Қазақстан Республикасының жарнама нарығын жетілдіру жолдарын көрсету;

Медиа жоспарлаудың мазмұнын ашу;

Жарнама саласында жаңа технологияларды қолдану жолдарын көрсету.

Іздеу