Алғашқы капитал қорын жинаудың мәселелері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Алғашқы капитал қорын жинаудың
теориялық аспектілері 5
1.1 Капитал түсінігі 5
1.2 Алғашқы капитал қорын жинаудың мәні 6
2 Алғашқы капитал қорын жинаудың
мәселелері 9
2.1 Кәсiпкерлiк капиталдың қалыптасу көздерi 9
2.2 Рыноктағы капиталдың айналымы және
капиталды тиiмдi пайдалану 16
3 Қазақстанда капитал қорлануының ерекшеліктері 21
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26


Кіріспе

“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.

Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының  басым бөлiгiнiң моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады. Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады.

Жалпы “капитал” экономикалық тұрғыда  бiрiншiден – капитал деген өндiрiстiк құрал-жабдықтар жиынтығы, екiншi жағынан – капитал деген бастапқы ақша сомасы. Екi көзқараста да капитал шаруашыылқта пайда табу мақсатында қолданылатын бастапқы өндiрiстiк резервтердi көрсетедi.

Экономикада капиталдарды тиімді қолдану жалпы экономикалық дамуға қол жеткізеді. Капиталды қалыптастырудың басты мақсаты экономикада шаруашылық етуші субъектілердің өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған және өз активтерін қаржыландыруды айтамыз.

Қазақстан өзiнiң 14 жылдық экономикалық дамуында келесiдей капитал нарығының сипатымен ерекшелендi: елде өндiрiстiк капитал нарығының дамуы әлi күнге дейiн оң бағыт ала алмай отыр, оның басты себебi ел экономикасына құйылып жатқан инвестициялардың басым бөлiгi өндiрiстiң шикiзаттық бағытына тартылуда, ал капиталдың қарыз қаражат нарығының дамуы ТМД елдерi iшiнде ең тиiмдi құрылған жүйе және рыноктық механизмде толық қанды дамып, қызмет iстеп отырған капитал нарығы болып табылады. Оның бiрден-бiр мысалы, елiмiзде ұзақ мерзiмдi несиелер, лизингтiк қатынастар, мемлекеттiк және корпорациялық бағалы қағаздар нарығының бiрiншi және екiншi нарықтарының дамуы, ұлттық биржа қор нарығының еркiн аймақ рентiнде қызмет етулерiн атап өтсек болады.

Сондай-ақ қандай-да болмасын рыноктық экономикада кәсiпкерлiк қызмет түрiн бастау үшiн ең бiрiншi капиталға қажеттiлiк туындайды. Қазiргi Қазақстан экономикасында жекешелендiрудiң жаппай жүргiзiлiп, кәсiпкерлiк қызметтiң дамуы капиталдарға деген сұраныста жылдан жылға артуда.  Ол негiзiнен негiзгi өндiрiстiк капиталдарға деген қажеттiлiктен туындауда. Кәсiпкерлiк сфераның қандайында болмасын кәсiпкер капитал жұмсап өзiне тезiрек пайда тауды мақсат етiп қояды. Ол әрине үнемi пайда табуды көздейдi. Ол үшiн кәсiпкер өндiрiстi үзбей, ұдайы-өспелi өндiрiс негiзiнде жалғастыра жүргiзуi керек. Осыны қамтамасыз ету үшін айналым активтерін жан-жақты зерттеп отыру талабы туындайды.

Бұл зерттеу жұмысының терең өзектiлiгi ел экономикасының тұрақтылығының негiзi болып табылатын отандық өнеркәсiптердiң рыноктық жағдайда бәсекеге қабiлеттiлiгi ең бiрiншi сол өндiрiстiң капитал деңгейiне байланысты болып келедi. Бұл тақырыптың өзектілігі кәсіпорынның айналым капиталын тиімді қалыптастыру, басқару, ұйымдастыру және оларды тарту көздерінің жолдарын жақсарту жалпы кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартып, олардың үздіксіз, әрі бәсекеге қабілетті заман талабына сай өнімдер шығаруына септігін тигізеді.

Зерттеу мақсаты: алғашқы капитал қорын  жинау мәселесі және оның әр түрлі елдерде шешілуі

Зерттеу міндеттері:

  • Алғашқы капитал қорын жинаудың теориялық аспектілері
  • Капитал түсінігі
  • Алғашқы капитал қорын жинаудың мәні Алғашқы капитал қорын жинаудың әр түрле елдердегі шешілімі
  • Кәсiпкерлiк капиталдың қалыптасу көздерi
  • Рыноктағы капиталдың айналымы және капиталды тиiмдi пайдалану
  • Қазақстанда капитал қорлануының ерекшеліктері

Зерттеу жұмысының біріншібөлімінде капитал және алғашқы капиталдыққорланудың теориялық аспектілері ашылған. Екінші бөлімдеалғашқы капитал қорының жинақталу мәселелері келтірілген, үшінші бөлімде алғашқы капиталдыққорлану мәселелерінің шешу жолдары келтірілген.

Іздеу