Әлемдік интеграциялық процесстердің ерекшеліктері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Халықаралық экономикалық интеграцияның
теориялық негіздері 5
1.1 Халықаралық экономикалық интеграция түсінігі 5
1.2 Халықаралық экономикалық интеграцияның түрлері 7
2 Әлемдік интгерациялық процесстердің ерекшеліктері 12
2.1 Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық процестер 12
2.2 Қазіргі интеграциялық процестердің негізгі әлемдік
орталықтары 13
2.3 Дүниежүзілік экономикалық байланыстағы
Қазақстанның алатын орны 15
3 ҚР халықаралық байланыстарын нығайту жолдары 22
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26


Кіріспе

Шаруашылық өмірді интернационалдандыру қазіргі дүниежүзілік шаруашылық дамуының жетекші мақсаты болып отыр. Бұл тенденцияны қайсыбір державаның немесе барынша жоғары дамыған елдер тобының ықпалындағы кең байтақ аймақтардың құрылуынан көреміз, экономикасы қуатты мемлекеттер интеграциялық орталықты құрап, олардың төңірегіне басқа мемлекеттер топтасып интеграциядағы елдер дүниежүзілік шаруашылық байланыстарындағы өзінше бір жүйе болып табылады.

Менің курстық жұмысымның мақсаты - әлемдегі негізгі халықаралық экономикалық интеграцияланушы елдер бірлестігінің жағдайын сараптау, олардың әлемдік нарыққа,әлемдік шаруашылыққа әсерін талдау және оны жан-жақты зерттеу.

Курстық жұмысымның бірінші бөлімінде мен халықаралық экономикалық интеграцияға толық түсінік беруге тырыстым. Соның ішінде оның сауда-экономикалық одақтарын, оларға кіру салдарын, яғни оның интеграцияға қатысушы-елге ықпал ететін жағымды немесе жағымсыз жақтарын, жан-жақты зерттеуге тырыстым.

Екінші бөлімінде посткеңестік кезеңнен бастап, қазіргі кездегі әлемде болып жатқан сан алуан интеграциялық процестерді қарастырып,жалпылама шолу жасауға тырыстым.

Үшінші бөлімімді мен еліміздің қазіргі әлемдік экономикалық байланыстардағы алатын орнын, оның атқаратын рөлін көрсете отырып, біздің еліміздің интеграциялық бірлестіктерге кіруі әлемдік интеграциялану жүйесіне қаншалықты өз әсерін тигізетінін баяндап беруге тырыстым.

Әлемдік экономикадағы құрылымдық өзгерістер интерназионализациялау процесінің белсенділігіне қолайлы жағдайлар туғызды, ол бұл елдердің дамуына әсер етуші факторлар мен жағдайлардың түбегейлі өзгеруіне алып келеді және осы мемлекеттердің ұлттық үлесінің қысқарып, ұлтаралық үлестің өсуіне алып келеді.

Технология деңгейінің тез өсуі мен жаңа қаржылық орталықтардың қалыптасуы кезінде интернационализациялау процесі трансұлттық компаниялар деңгейімен ғана шектелініп қоймай, мыңдаған ұсақ және орта кәсіпорындарды да қамтиды. Оларға тән қасиеттердің бірі экономикалық интернационализацияның әртараптандыру нысандары болып табылады. Олардың ішінде қазіргі кезеңде ең маңыздылысы біріккен кәсіпорындар.

Халықаралық біріккен кәсіпкерліктің дамуының кең тәжірибесі оның бейімділік қабілетінің жоғарлығын, біріккен, компаниялардың икемділігі, экономикалық прогрестің жаңа жетістіктерін қолдануда білімділігін, олардың әлемдік нарық өзгерістеріне өз тактикасы мен стратегиясын тез бағыттай алу қабілеттілігін көрсетеді.

Қазақстанда тұрақтылықтың негізгі нақты шамалардың бірі болып әлемдік ғылым мен техника – жетістіктеріне қол жеткізу, өндірісті ұйымдастыру мен басқару тәжірибесін үйрету қойылған.

Қазіргі кезеңдегі біздің еліміздің даму кезеңі барлық қоғамдық өрісінде динамикалық және сандық өзгерістермен ерекшелінеді. Жаңарту және демократия процесттері  барлық саяси, экономикалық және әлеуметтік институттарды қозғайды.

Шаруашылықты әкімшілік-әміршілдік басқару жүйесінен бас тартып, біртіндеп қатаң орталықтан жоспарлану мен шаруашылық қызметкерлерінің кейбір түрлеріндегі монополия үстемдігін жоя отырып, экономикалық қарым-қатынаста және ресурстарды пайдалануда икемделіп туындады

Жұмыстың мақсаты: ҚР халықаралық интеграциялық процесстерге қатысу ерекшеліктерін зерттеу

Зерттеу міндеттері:

  • Халықаралық экономикалық интеграцияның теориялық негіздерін зерттеу;
  • Халықаралық экономикалық интеграция түсінігін ашу;
  • Халықаралық экономикалық интеграцияның түрлерін талдау;
  • Әлемдік интгерациялық процесстердің ерекшеліктерін зерттеу;
  • Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық процестерге сипаттама беру;
  • Қазіргі интеграциялық процестердің негізгі әлемдік орталықтарын зерттеу;
  • Дүниежүзілік экономикалық байланыстағы Қазақстанның алатын орнын анықтау;
  • ҚР халықаралық байланыстарын нығайту жолдарын талдау.

Іздеу