Әлеуметтік мәдени шараларды қаржыландырудың бағыттары (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Әлеуметтік мәдени шараларды қаржыландырудың
теориялық аспектілері 5
1.1 Әлеуметтік мәдени қамсыздандыру жүйесінің түсінігі 5
1.2 Әлеуметтік мәдени шараларды қаржыландырудың
бағыттары 7
2 Қазақстанда әлеуметтік мәдени шараларды
қаржыландыруды талдау 13
2.1 Әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру 13
2.2 Мәдени шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру
ерекшеліктері 17
3 Мемлекет тарапынан әлеуметтік мәдени шараларды
қаржыландыруды жетілдіру жолдары 19
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28


Кіріспе

Елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында қолданылған экономикалық саясаты макроэкономикалық зерттеудің негізгі бөлігі болып табылады. Экономикалық саясат ретінде қарастырылатын қаржы инструменттері: салық салу немесе ақша эмиссиясы, басқаша айтқанда ақша басып шығару тәсілі. Яғни, аталмыш қаржы инструменттерінің мемлекеттің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсерін анықтау маңызды. Атап айтқанда капитал ағымының, жұмыс орындарының, сондай-ақ өндірістің артуына монетарлық (ақша шығару) және фискалды саясаттың (салық салу) қаншалықты әсер етеді?

 Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайында осы екі саясаттың қайсысы қоғамға зиян-зардаптары анағұрлым аз болады? Зерттеуді бастамас бұрын бұл мәселе жөнінде жасалған еңбектерді қысқаша шолу жасаған жөн. Эмпирикалық зерттеулер бойынша екі инструменттің де зиян-зардап келтірілетін жағдайлар қарастырылады.

Есептеулер негізінде Қазақстандағы мәліметтер жасалған теорияларға сәйкес келеді, басқаша айтқанда егер инфляция мөлшері 12%-ден 10%-ке азаятын қоғамдағы ЖҰӨ-нің көлемі 0,22%-артады, ал осының нәтижесінде азайған мемлекеттің бюджеттік кірісі ЖҰӨ артуына байланысты салықтың да өсу салдарынан компенсацияланады.

Мәселеге байланысты жазылған еңбектердің басым бөлігі инфляция шығыны төңірегінде қозғалған. Атап айтқанда Дж. Дриффилдың «Монетарлық экономика анатомиясы», сондай-ақ Лукастың «Эконометрика» деп аталатын еңбектерінде инфляция шығыны және оның екі жақты әсері талқыланған.

Лукас Бэйлидың жасаған теориясын растай отырып, инфляцияның нәтижесінде тұтынушы зиянын ақша сұранысы функциясы негізінде анықтауға болады. Лукас бірқалыпты даму моделі және Американың статистикалық мәліметтер негізінде номиналды проценттік ставкалврды 14%-тен 3%-ке азайтқанда нақты табыс тек 0,1%-тен аз мөлшерде артатыны дәләлдеген; сондай-ақ салық салудың аз мөлшерде ғана проценттік ставкалардың оптималды деңгейі 0-ге жуық сан екенін дәлелдеген.

Қорытындылай келе, Құрама Штаттары үшін монитарлық саясаттың анағұрлым қолайлы деген тұжырымға келеді. Россиядағы жасалған еңбектер өзгеше нәтижелер берді.

Мысалы, инфляцияның ЖҰӨ-мен 1992-1996 жылдар мәліметтері бойынша пропорционалды корреляциясы бар екені дәләлденген, яғни инфляция қарқынының бәсеңдеуі салықтың бірқалыпты болу жағдайында ақша массасының азаюына және өндірістің кемуіне себеп болған. Кейінгі жылдары инфляцияның зияны анағұрлым жоғары екені көрсетілген.

Біздің де есептеулер бойынша инфляцияның зияны салық салуға қарағанда анағұрлым жоғары екені анықталды. Қаржы саясатының экономикаға әсері мәселесі бұрыннан пайда болған. Тобинның тұжырымы бойынша тұтынушы инфляциядан қорғану үшін капиталға салым жасауға, басқаша инвестициялауға ұмтылады. Кейінгі экономистер арасында салықтың және инфляцияның капитал немесе инвестицияның көлеміне әсері жөнінде тартыстар басталған.

Олардың келген қорытындалары бойынша инфляцияның өсуі ұзақмерзімді жоспарда капитал құнының төмендеуіне әсер етеді. Экономиканың өтпелі кезеңінде инфляцияның капитал өсіміне әсері Фишердың еңбегінде зерттелген.

Осы зерттеу бойынша ақша ұсынысы (инфляция) жоғары болған сайын капитал аккумуляциясы немесе инвестициялар да артады. Бұл мәселе Турновскийдің жұмыстарында егжей-тегжейлі қарастырылған. Біздің еңбегімізде осы саясаттырдың тек салыстырмалы түрде эффективтілігі, сондай-ақ әрқайсысының қоғамға зиянын анықтауға тырысамыз.

Мемлекет экономикалық жағдайды реттеу және бақылау мақсатында мынадай салық түрлерін қолданылады: тұтынушыдан алынатын табыс және инфляция салығы, қосылған құнға салық, сонымен қатар кез- келген пайда көзіне салынатын салық. Салықтың салынғаннан кейін мемлекет қоғам тауарларының көлемін белгілейді. Бұл жерде қаржылық саясаттың кері әсерінің мәні өндіруші, тұтынушы және мемлекет пайдасынан қалыптасады. Экономикада зиянды қалыптастыратын салық және инфляция әсерін талдауға болады

Сонымен қатар капитал, жұмыс күші, өндіріс көлемі, нақты ақша мөлшері бірқалыпты немесе тұрақты болған жағдайда екі саясатты қарастыру қажет.

Зерттеу мақсаты: елімізде әлеуметтік мәдени шараларды ұйымдастыруды қаржыландыру бағытын зерттеу

Міндеттер:

  • Әлеуметтік мәдени шараларды қаржыландырудың теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Әлеуметтік мәдени қамсыздандыру жүйесінің түсінігін ашу;
  • Әлеуметтік мәдени шараларды қаржыландырудың бағыттарын талдау;
  • Қазақстанда әлеуметтік мәдени шараларды қаржыландыруды талдау;
  • Әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
  • Мәдени шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру ерекшеліктерін зерттеу;
  • Мемлекет тарапынан әлеуметтік мәдени шараларды қаржыландыруды жетілдіру жолдарын анықтау.

Іздеу