Банк менеджментін ұйымдастыру («Қазақстан Даму Банкі» АҚ мысалында) (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Банк менеджментінің теориялық аспектілері 5
1.1 Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері 5
1.2 Банк менеджментінің негізгі бағыттары 9
2 «Қазақстан Даму Банкі» АҚ банк менеджментінің талдауы 11
2.1 «Қазақстан Даму Банкі» АҚ сипаттамасы 11
2.2 Банктің қаржылық экономикалық жағдайы 13
2.3 Банктің пруденциалды нормативтерді орындауын талдау 19
2.4 «Қазақстан Даму Банкі» АҚ менеджментік
қызметінің ерекшеліктері 23
3 Банктік менеджментті жетілдіру жолдары 31
Қорытынды 37
Қолданылған әдебиеттер тізімі 39
Косымша А 40
Қосымша Ә 41
Қосымша Б 42


Кіріспе

Менеджмент – ұйымдастыру және басқарудың оңтайлы жүйесі туралы ғылым.

Менеджменттің мағынасы әр түрлі. Менеджмент сөзі тар мағынасында белгілі бір адамдар тобын ұйымдастыру мен басқаруға қатысты болса, оны кең мағынасында банктің қызметі мен оның қызметкерлерін ұйымдастыру, басқарумен байланыстырады.

Менеджменттің негізін өз ісін басқару субъектісін білу, өз еңбегі мен ұжым жұмысын ұйымдастыру қабілеті, сондай-ақ өздігінен даму және шығармашылық қызметке ынта таныту сияқты адамдық фактор құрайды.

Менеджменттің негізгі фигурасы өзі айналысып отырған істің даму болашағын көре білуге қабілетті, алға қойылған мақсатқа жету үшін оңтайлы шешім таба білетін кәсіби басқарушы болып табылады. Осыған байланысты менеджер жоғары біліктілік, ой-өрісі кең, тәуекелге бара білетін қайсар, белгіленген жоспарды іске асыру, ұжымда жетекші болу сияқты нақты кәсіби және жеке қасиеттерге ие болуы қажет.

Дамыған елдерде менеджмент өндіріс нәтижелілігін көтеруде маңызды факторлардың бірі болып саналады. Салыстырмалы түрде қосымша қаржысыз аз шығынмен жоғары нәтижеге жетуге болатындықтан менеджментке соңғы жылдары ерекше мән беріп жүр.

Менеджменттің негізгі мақсаты-басқарудың оңтайлы жүйесі есебінен пайда табу. Демек, менеджмент бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен, қатаң бәсекелестік жағдайында дамыған нарықтық қатынастары бар елдердегі бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты.

Пайда табуға ұмтылу - менеджменттің бір ғана мақсаты емес Қазіргі менеджментте қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру факторы менджмент қызметінде басты орындағы әлеуметтік этика рөлі артып отыр. Кәсіпкерліктің әлеуметтік этикасын арам олжаға, пайданы өсіруге ұмтылу емес, қоғамға қажетті тауар өндірісі мен қызмет көрсетуді кеңейту анықтайды. Соңғы жылдары менеджмент мақсатына адам бойындағы қабілеттерге жол ашатын ұжымдағы элеуметтік мәселелерді шешу ісі де кіретін болды.

Банк қызметкеріне менеджмент негізін білу өте маңызды. Ең алдымен банк экономисі (кәсіпорын, ұйым, кооператив) банктің клиенті   болып   табылатын   немесе   клиенті   болғысы   келетін кәсіпорын, ұйым, кооператив менеджменті деңгейін бағалай білуі қажет.

Шетелдік экономикалық әдебиеттерде кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығының, олардың несиені өтеу қабілетінің жоғарылығының маңызды факторы менеджмент сапасы болып табылады дегенді жазып жүр.

Сондықтан менеджмент деңгейін бағалау клиенттің несиені өтеу қабілетін талдаудың және онымен несиелік қатынасқа баруда тәуекел деңгейін анықтаудың құрамдық элементтерінің бірі болып табылады.

Банк менеджментінің ерекшеліктері банк менеджментінің Коғамдық еңбек бөлінісі бөлімшесінің қызметімен байланысты нақты өзіндік ерекшелігі болады.

Айтылып кеткендей, банк бизнеспен айналысатын өзінше өзгешелігі бар кәсіпорын ретінде алға шығады. Ол несие ресурстарын қосымша ақшалай қаражатқа мұқтаж кәсіпорынға, ұйымға, кооперативке, халыққа, мемлекетке телем негізінде беретін кәсіпорын болып табылады.

Сонымен қатар, банк басқа біреулердің (бөтен) ақшасымен «жүмыс істейді». Онда айналым шеңберінен босаған әр түрлі меншік иелерінің, атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, акционерлік кәсіпорындар мен қоғамдардың, кооперативтердің, жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттары шоғырланады. Осының нәтижесінде банк қоғамдық капиталды бөлуші әрі сақтаушы ретінде алға шығады. Бұл клиенттерге тиесілі ақшалай қаражаттардың сақталуына банктін жауапкершілігін арттырады әрі банктің қоғамдағы маңызды орнын айқындайды.

Сонымен, банк тек өзінің немесе жекеше шыққандардың ғана емес, сонымен бірге, қоғамның мүддесін де танытатын кәсіпорын ретінде көзге түседі. Банк мүдделерді ұштастырып отырмаса баланстың өтімділігін қамтамасыз ете алмайды әрі осыған байланысты банктің ақша нарығындағы позициясы тұрақты болмайды.

Зерттеу мақсаты: банк менеджменті негіздерін зерттеу

Зерттеу міндеттері:

  • Банк менеджментінің теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктерін талдау;
  • Банк менеджментінің негізгі бағыттарын анықтау;
  • «Қазақстан Даму Банкі» АҚ банк менеджментіне сипаттама беру;
  • Банктің қаржылық экономикалық жағдайы
  • «Қазақстан Даму Банкі» АҚ менеджментік қызметінің ерекшелігін зерттеу;
  • Банктік менеджментті жетілдіру жолдарын анықтау.

Іздеу