Банктік тәуекелдерді азайтудың заманауи әдістері (Реферат)

Кіріспе
1 Банктік тәуекелдерді азайтудың заманауи әдістері
2 Ішкі бақылау қызмет және оны жетілдіру
3 Банктің әрі қарай дамуының басым бағыттары
Қорытынды
Әдебиеттер


Кіріспе

Тәуекелдіктің  астарында өз ресурстарының бір бөлігінен айрылып қалу, кірістерді ала алмау немесе қаржылық операция жүргізу нәтижесінде қосымша шығындарды жұмсау (мүмкін болатын шығындарды осы операциялардың туәекелдігі деңнейі анықтайды) түсіндіріледі. Тәуекелдік жағдайлар болжамдардың шынай болып жатқан жағдайларға сай укелмеуіне байланысты туындайды.   

Тәуекелділікті тудыратын басты факторлар болып екі топқа бөлініп қарастырылатын факторларды атауға болады: сыртқы және ішкі. 

Сыртқы факторларға жатады, сыртқы ортаның негізделген ықпалы – қаржы нарығындағы жағдай, ұлттық және әлемдік экономика жағдайы, елдегі саясм ахуал,, сондай ақ форс-мажорлық жағдайлар. Егерде сыртқы ортаның  әрекеттері тұрақты болса, онда банктің жағдайы ішкі жағдаймен анықталатын болады. 

Ішкі факторларға жатады, қызметшілердің кәсіби деңгейіне негізделген  факторлар жатады, соның ішінде  банкпен өткізілетін операцияларға бақылау жасау деңгеі, сондай ақ: банк стратегиясы, өзіндік капиталмен қамтамасыз етілуі, банктің ішкі жағдайы.    

Жоғарыда көрсетілген факторлар келесі әсіресе көп тараған  банктік тәуекелдердің  туындауына алып келуіне себепші болуы мүмкін: өтімділік тәуекелділігі, пайыздық тәуекелділік,  несиелік тәуекелділік, нарықтық тәуекелділік, саяси тәуекелділік, валюталық тәуеклділік, нарықтық конъюктураның өзгеруі тәуекелділігі, елдік тәуекелділік, форс-мажорлық жағдайлар тәуекелділігі.  

Өтімділік тәуекелділігі өзінің активтерін жылдам ақшаға айналдару    немесе көрсетілген міндеттемелерді төлеу үшін қажетті көлемдегі ресурстарды тарта алмау мүмкіндіктерінен айырылумен байланысты. 

Пайыздық тәуекелділік нарықтағы пайыздық ставкалардың ауытқуымен байланысты. Егер, мысалы, нарықта ставкалардың түсуі орын алып, орналастырулар төмен ставкалармен жүргізілсе, ал банкпен тартылған қаражаттың ставкалары өзгерген жоқ (олар келісім-шарттың барлық мерзіміне кепілденддірілген болса егер), онда банк шығындарға тап болады (неболмаса пайда келтіре алмайды), себебі тартылған қаражаттар бойынша  жоғарлатылған пайыздарды төлейтін болады. 

Несиелік тәуекелділік қарыз алушымен өзінің қаржылық міндеттемелерін орындамауымен байланысты. (қарызды қайтармау). 

Нарықтық тәуекелділік құнды қағаздардың құнсыздануымен байланысты. Ссудалық пайыздың нормасының ауытқуының нәтижесінде, эмитент-компанияның пайдалылық және қаржылық әл аухатының өзгеруіне, сондай ақ ақшаның инфлияциялық құнсыздануымен байланысты болуы мүмкін. 

Саяси тәекелділік елдегі саяси климаттың тұрақтылығымен және болжамдылығымен, жекелей саяси күштердің деңгейімен, елдің дамуының басым бағыттарының кенеттен өзгеру мүмкіндігімен анықталуы мүмкін. 

Іздеу