Басқару есебі саласында жалдау түсінігі, ұйымдастырылуы, мазмұны (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Басқару есебі саласында жалдау түсінігі,
ұйымдастырылуы, мазмұны 5
1.1 ХБЕС жалдау жұмыстарының мазмұны 5
1.2 Негізгі құралдардың ағымдағы жал бойынша
операцияларының есебі 10
1.3 Қаржылық жалдау жөніңдегі операциялардың есебі 13
2 Лизингтік операциялар есебінің ерекшелігі 16
2.1 Лизингтік операциялар және олардың сипаттамалары 16
2.3 Лизингтік операциялар есебі 22
3 Евразия Трейд ЖШС мысалында
жалдау операциялық жұмыстарындағы есеп 29
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 34
Қосымшалар 35


Кіріспе

Қандайда болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады. №6 Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай - ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер. Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.

"Жалға беру" деген №17 Халқаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес қаржылық жал - бұл мүлiкке берiлетiн меншiк құқығымен байланысты табыстылық пен тәуекелдiң едәіуiр бөлiгiн жалгерге табыс ету. Бұл орайда жалгер жалданған мүлiктердi өзiнiң балансында көрсетедi. Меншiк құқының өзi жал мерзiмiне берiлyi де, берiлмеуi де мүмкiн. Жалданған НҚ объектiлерi белгiленген келiсiм бағасы бойынша немесе жалдау мерзiмi аяқталғанға дейiн өтемі төленiп алынған жағдайда, жалгердiң меншiгiне берiлyi мүмкін.

Қысқа мерзімді жалға алынған негізгі құралдарды жалгер баланстан тыс 001-шотта ескереді.

Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған бойда немесе ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген өтемін төлеу бағасын түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне өтеді. Олар тиісінше 2400-2410-шоттарындағы «Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар» субшотында ескеріледі.

Лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылады.

Лизингктік операция бүгінгі күні қазақстандық экономикаға өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.

1998 жылы Оттавада қабылданған халқаралық қаржылық лизинг конвенциясында былай деп айтылған: «Халқаралық тәжірибеде лизинг үшін үш жақты қатынастар кешенін білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушы өтініші мен нұсқауы бойынша оған өндірістік жабдықты уақытша пайдалануға береді, ал келісім мерзімі аяқталған соң алынған жабдықты сатып алушы меншігінде қалдырылуы мүмкін.»

Зерттеу жұмысының мақсаты бухгалтерлік есепте жалдау бойынша операцияларды есепке алудың ерекшелігін көрсету

Зерттеу міндеттері:

  • Зерттеу тақырыбына арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу;
  • Басқару есебі саласында жалдау түсінігі, ұйымдастырылуы, мазмұнын талдап ашу;
  • ХБЕС жалдау жұмыстарының мазмұнымен жақын танысу
  • Негізгі құралдардың ағымдағы жал бойынша операцияларының есебін келтіру
  • Қаржылық жалдау жөніңдегі операциялардың есебіне шолу жасау
  • Лизингтік операциялар есебінің ерекшелігін ашып көрсету
  • Лизингтік операциялар және олардың сипаттамаларына талдау жасау
  • Евразия Трейд ЖШС мысалында жалдау операциялық жұмыстарындағы есепке талдау жасау

Іздеу