Бизнес – жоспарлаудың рөлі мен маңызы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1.1 Осы пәннің басқа экономикалық пәндермен өзара байланысы 4
1.2 Бизнес – жоспарлаудың рөлі мен маңызы 5
1.3 Стратегиялық және бизнес – жоспарлау:
жалпы ұқсастықтары мен айырмашылығы 6
1.4 Бизнес-жоспарлаудың категориялы-түсінікті аппараты 9
1.5 Бизнес-жоспар (нақты кәсіпорын мысалында)
резюмесінің талдауы 13
2 Бизнес-жоспарлаудың казіргі заманғы түжырымдамасы 15
Қорытынды 18
Қолданылған әдебиеттер тізімі 19


Кіріспе

Әрбiр кәсiпкер өз қызметiн бастамай тұрып болашақта қажет болатын  қаржылық, материалдық, интеллектуалдық ресурстар және оларды алу көздерi туралы анық түсiнiгi болу керек, сонымен бiрге компания қызметiнде осы ресурстардың пайдаланылу тиiмдiлiгiн есептеу қажет. Өз қызметiн дәл ұйымдастыра бiлмесе, нарық жағдайы туралы үнемi ақпараттық қамтамасыз етусiз, өзiнiң және бәсекелестерiнiң нарықтағы жағдайын салмақтамаса, өз болашағы мен мүмкiндiктерiн талдамаса бiрде-бiр жетекшi тұрақты табысқа жетпейдi.

Нарықтық экономика жағдайында бизнес-жоспарлау - бұл кәсiпкерлiктiң барлық түрлерiнде қолданылатын жұмысшы құрал. Ал бизнес-жоспар- үнемi жүйелi түрде жаңарып отыратын құжат. Оған компания iшiнде және нарықта болып жатқан өзгерiстерге қарай өзгерiстер мен түзетулер енгiзiлiп отырады.

Нарықтық экономика жетекшiлерге өте үлкен талаптар қояды. Бұл бәсекенiң күшеюiмен, демек, қабылдаған және жүзеге асыратын шешiмдерi, жоспарлары, идеялары үшiн жауапкершiлiктiң де артуымен түсiндiрiледi.  Жетекшi алдында үнемi таңдама тұрады: не өзiнiң жеке басының жауапкершiлiгiн және тәуекелдi арттыру қажет пе, не оларды серiктестер арасында бөлiп-таратқан дұрыс па. Әрине бұл шешiмдердiң әрқайсысының өздерiнiң жақсы және жаман жақтары бар, соларды салмақтап, дұрыс шешiм қабылдау өте қиын, өйткенi кез-келген шешiм салдарын сандық-сапалық дәл өлшеу  көбiнесе мүмкiн болмайды.

Зерттеу мақсаты бизнес жоспарлаудың негіздерімен танысу

Зерттеу міндеттері:

  • Осы пәннің басқа экономикалық пәндермен өзара байланысы анықтау;
  • Бизнес – жоспарлаудың рөлі мен маңызын ашу;
  • Стратегиялық және бизнес – жоспарлау: жалпы ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау;
  • Бизнес-жоспарлаудың категориялы-түсінікті аппаратын талдау;
  • Бизнес-жоспар (нақты кәсіпорын мысалында) резюмесінің талдауы;
  • Бизнес-жоспарлаудың казіргі заманғы түжырымдамасын зерттеу

Іздеу