Дайын өнімнің қоймада, өндірісте, сату кезінде болатын қозғалыс есебі, құжаты (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 4
1 1 ҰҚЕБС және 2 Қорлар Халықаралық қаржылық есеп
беру стандартпен жүргізілетін дайын өнім есебі,
бағалануы 6
1.1 Дайын өнім құнын бағалау әдісі 6
1.2 Дайын өнімнің өзіндік құнын есептеу есебі 7
2 Дайын өнімнің қоймада, өндірісте, сату кезінде
болатын қозғалыс есебі, құжаты 11
2.1 Дайын өнімді өндірісте өндеу есебі, құжаты,
калькуляциялануы 11
2.2 Дайын өнімді қоймаға қабылдау есебі, құжаты 12
2.3 Дайын өнімді сату есебі, құжаты 13
2.4 Дайын өнімді түгендеу тәртібі 14
3 «Ертіс мұнай сауда» ЖШС кәсіпорында шығарылатын
дайын өнімнің қоймада, өндірісте,
сату кезінде қозғалыс есебі 19
3.1 «Ертіс мұнай сауда» ЖШС дайын өнімді
өндіру шығындарының есептелінуі 19
3.2 Дайын өнімді сату есебі, құжаттамалары 26
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі 29
Қосымшалар 30
А) «Шот фактура № 98»
Ә) «Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы»
Б) «Сатып алушылармен есеп жасасу ведомості»
В) «Төлемдік сенімхат»
Г) «Айналым сальдолық ведомость
(1320, 8110, 8310, 8410 шоттары бойынша)»


Кіріспе

Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы оны қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі. Өндіріс шығындары - өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру мен өткізуге жұмсалған қоғамдық еңбек шығындары.

Өндіріс шығындарының басқару есебі кәсіпорынның негізгі мақсатын орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен, осы және болашақ шығынды қолдануды талдаудан тұрады. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.

Сондықтан өндірістік бағытындағы кәсіпорындардың бухгалтерлік басқару есебінде дайын өнімді қоймаларда, сату кезеңде, түгендеу кезінде тауардың өзіндік құнын бағалау және шығыстар категорияларын терең білу маңызды болып табылады.

Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  материалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып өнімнің  өзіндік  құн  болып  саналады, ол өндірістегі  өнім өткізілуінің  ақшалай  нысандағы  шығындар  жиынтығын  құрайды және  барлық  өндіріс  тиімділігін  анықтайды.

Өзіндік  құнның  экономикалық  міндеті-жұмсалған шығындардың  орнын  толтыру  және  соның   негізінде  өндірістің  барлық  элементтерін  қайта  өндіру: өндірістік  қорлар  және  жұмыс  күші. Осы  жерде  кәсіпорынның   өзіндік  құнның   негзгі  элементі  болып  амортизация, яғни  шығындалған  материалдық  ресурстар  құны, еңбекақы-ол  шығындардың  бөлімдері  болып  табылады.  Сонымен  қатар  кәсіпорын да  басқа  да шығындарды  жүзеге  асырады: өз  жұмысшыларына сыйақылар төлейді, банк  несиелеріне  пайыз  төлейді, әлеуметтік  объектілерді  ұстайды,  бюджеттік  емес  қорларға  аудрымдар  жүргізеді-бұл шығыстар  кәсіпорынның  қосымша  шығыстарын  құрайды.

Өнекәсіптің дамуының бөлек  кезеңдерінде бұл  шығындардың  орнын  толтыру көздері өзгеріп  отырады. Олар  өнімнің  өзіндік құнына қосылса немесе  кәсіпорын қолында қалатын табыс есебінен  іске асырылады немесе бюджет есебінен өткеріліп отырған. Осылайша,  өнімнің  өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамына әрдайым өзгеріп  отырады. Бұл  өзгерістердің  басты мақсаты-қазіргі кезеңдегі орныққан  өндірістік қатынастардың  дамуын  қамтамасыз  ету, оларды  толтыру  көздері бойынша шығындарды шектеу-өнімнің  өзіндік құны  немесе  пайда.

Шығындар  жиынтығы  пайда  көлемін  анықтайды, олардың  көбейуі  2 түрлі факторға  байланысты болады: бағаның өсуі және  өнімнің  өзіндік құнының  төмендеуі. Соңғысы тиімдірек  болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты дайын өнімді қоймаларда, сату, түгендеу кезінде дайын өнімнің  бухгалтерлік есеп негіздерімен танысу.

Зерттеудің міндеттері:

  • Зерттеу мәселесі бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу керек :
  • Ұлттық қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартттары және халықаралық есеп беру стандартпен  жүргізілетін дайын өнім есебі, бағалануын талдау;
  • Дайын өнім құнын бағалау әдісіне талдау жасау;
  • Дайын өнімнің өзіндік құнын есептеу есебіне шолу жасау;
  • Дайын өнімнің қоймада, өндірісте  сату кезінде қозғалыс есебі, құжатын көрсету;
  • Дайын өнімді өндірісте өндеу есебі, құжаты, калькуляциянуының ерекшеліктерін көрсету;
  • Дайын өнімді қоймаға қабылдау есебі, құжатымен танысу;
  • Дайын өнімді сату есебі, құжаты, дайын өнімді түгендеу тәртібімен танысу;
  • «Ертіс мұнай сауда» ЖШС дайын өнімді қоймада, өндірісте,  сату кезінде қозғалыс есебін дайын өнімді  өндіру шығындарын  есептеу және дайын өнімді сату есебін көрсету.

Іздеу