Дүниежүзілік экономикада шағын кәсіпкерліктің алатын орны (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

КІРІСПЕ 3
1 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 5
1.1 Шағын кәсіпкерлік түсінігі, мазмұны 5
1.2 Шағын кәсіпкерліктің дүниежүзілік экономикада қалыптасуы 7
2 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАДА
ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ 8
2.1 Дүниежүзілік экономикада кәсіпкерліктің
құқықтық реттелуі 8
2.2 Дүниежүзілік экономикада шағын
кәсіпкерліктің құқықтық ұйымдастырушылық
формалары 12
2. 3 Шағын кәсіпкерліктің халықаралық экономикада
атқаратын ролі 13
3 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚҰРАМДАС
БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ОТАНДЫҚ
КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 16
3.1 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті
дамыту мәселелері 16
3.2 Шағын кәсіпкерлік қызметті жетілдіру және қолдау шаралары 29
ҚОРЫТЫНДЫ 33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 35
ҚОСЫМША А Кәсіпорын формалары 36
ҚОСЫМША Ә Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму
процессінде инфрақұрылым институттарының қатысу
матрицалар 37
ҚОСЫМША Б Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы өкілетті
ұйымдар мен мемлкеттік органдарының құрылымы 38


КІРІСПЕ

Соңғы жылдары шағын кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).

Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.

Сондықтан осы ғылыми жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған әртүрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады.

Сонымен қатар шағын кәсіпкерлік секторының бүкіл әлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруіне байланысты проблемаларды зерттеу осы бітіру жұмысының өзектілігін анықтайды.

Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық қазіргі кезде өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта бизнестің тек қана ішкі рынокқа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің төмендігінде. Сондықтан егер біздің еліміз БСҰ – ына кірсе, онда осы сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндігі болмай қалады. Осыған орай осы әлемдік ұйымға кірер алдында осы сектордың бәсекелік қабілеттерін жоғарлатуға бағытталған. Дамыту жолдарын зерттеу жоғарыда аталғандай, осы зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін баянды етеді.

Кез келген кәсіпкерлік қызмет белгілі бір ұйымдастыру нысаны шегінде жүзеге асырылады. Кәсіпорынның нысанын таңдау жеке ынта мен талғамға байланысты, бірақ басты жағдайда объективті жағдаймен – қызмет аясымен, ақшалай қаражаттың болуымен, кәсіпорынның болжамды нысанының жағымды және жағымсыз жақтарымен байланысты.

Зерттеу жұмысының мақсаты: дүниежүзілік экономикада шағын кәсіпкерліктің алатын орны

Зерттеу барысында келесі міндеттер алға қойылды:

  • шағын кәсіпкерлік қызметтің теориялық аспектілерін зерттеу;
  • дүниежүзілік экономикада шағын кәсіпкерліктің алатын орнын көрсету;
  • дүниежүзілік экономикада кәсіпкерліктің құқықтық реттелуін көрсету;
  • дүниежүзілік экономикада шағын кәсіпкерліктің құқықтық ұйымдастырушылық формаларына талдау жасау;
  • шағын кәсіпкерліктің халықаралық экономикада атқаратын ролін көрсету;
  • дүниежүзілік кәсіпкерліктің құрамдас бөлігі ретінде отандық кәсіпкерлікті дамыту ерекшеліктеріне шолу жасау;
  • Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін зерттеу;
  • шағын кәсіпкерлік қызметті жетілдіру және қолдау шаралары көрсету.

Іздеу