Еңбекақы жоспарлау (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Еңбекақы жоспарлаудың теориялық аспектілері 5
1.1 Еңбекақыны ұйымдастыру және жоспарлау 5
1. 2 Еңбек ақыны төлеудің түрлері мен жүйелері 13
1.3 Еңбекақы қоры, орташа еңбек ақы қорын
жоспарлау әдістері 16
2 Кәсіпорында еңбекақыны жоспарлау жолдары 21
2.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы 24
2.2 Кәсіпорында өсу қарқынының орташа жалақы
және еңбек өнімділігінің ара қатынасын жоспарлау 25
2.3 Кәсіпорын қызметкерлерінің орташа
жалақысын талдау 30
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі 35


Кіріспе

Созылып қалған дағдарыстан Қазақстан экономикасын шығару проблемасын өзара байланысты экономикалық міндеттерді, солардың ішінде аса актуальды деп саналатын - кәсіпорындарда еңбекақыны жоспарлау және ұйымдастыру мәселелер комплексті шешуінде  кәсіпорын басшылары, менеджерлер, кәсіпкерлер сенімді және қол жеткізетін әдістерді қолдануға мәжбүрленді. 

Еңбекақыны жоспарлау және ұйымдастыру экономикалық құрал ретінде маңызы өте зор .

Қалыптасқан нарықтық қатынастар жағдайында еңбек ұйымдастыру мен ақы төлеу мәселесіне қойылатын талаптар төмендетілген емес. Жұмыс күшіне деген бағаның нарықтық реттелуіне сүйене отырып, үкімет мемлекеттің реттеуіші функцияларын азайтуда. Қазіргі таңда шаруашылық құрылымдары еңбек ұйымдастыру мен жалақыландыру саласында тәуелсіз. Мемлекет оларға тарифтік ставкаларды белгілеу, сыйлық, үстемақы, қосымша ақы  беру, сонымен қатар өндіру, уақыт және қызмет көрсету нормаларын белгілеуге толығымен сенім.білдіреді. Мемлекет акцияларының бақылау пакеттері бар материалдық өндіріс кәсіпорындарының басшылары да  Ресейдің еңбек министрлігінің ұсыныстарын аз қолданады. Өндіріс құралдарының жекешелендіруі шаруа субъектілерінің еңбек қатынастары мен еңбек ақысына қаржы жұмсау мәселесіне  көзқарасты өзгертті. 

Не Қазақстан, не шетелдің қандай-да болмасын кәсіпорынның бухгалтерлік  қызметінің маңызды бағыттарының бірі - кәсіпорында еңбекшілердің еңбек ақысын  жоспарлау. Еңбек пен жалақы есебін жүргізу - бухгалтер жұмысының аса қиын да жауапты учаскелерінің бірі болып саналады. Оның кәсіпорындағы  барлық есеп жүйесіндегі  орталық орын алатындығы сөзсіз.  

Жоғарыда айтылғанның бәрі таңдалынған тақырыбының маңызды екендігін айқындайды.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде «МКҰ»КаzMicrofinance» ЖШС алынды. Қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жұмыстың құрылымы зерттеу тақырыбын біртіндеп ашатын үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде еңбек ақы экономикалық категория ретінде, сондай-ақ, еңбек ақыны жоспарлауға, жалақы төлеудің үлгілері мен түрлеріне қойылатын негізгі талаптар қаралды.

Екінші бөлімде «МКҰ»КаzMicrofinance» ЖШС мысалында еңбек ақы төлеудің есептеуі көрсетілген, «МКҰ»КаzMicrofinance» ЖШС жалпы мінездеме және де еңбек ақы бойынша қосулар мен ұстап қалуларға есеп жүргізілді. 

Дипломдық жұмыстың мақсаты - нақтылы бір кәсіпорында  еңбек ақыға есеп жүргізу, есептің анықтығын тексеру, заңдылыққа сәйкес есеп жүргізудің дұрыстығын сақтау және еңбек ақы бойынша аудиттік тексерістің әдістемесі, сонымен қатар еңбек ақы бойынша есептің талдауы. 

Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

  • еңбек ақыны экономикалық категория ретінде қарау;
  • қазіргі таңда қолданылып келе жатқан еңбек ақының төлеу үлгілері мен түрлерімен танысу;
  • еңбек ақы төлеудің ұйымдастыруында негізгі талаптарды қарастыру;
  • «МКҰ»КаzMicrofinance» ЖШС шаруашылық қызметіне мінездеме беру;
  • еңбек ақы шығыстарына ықпал ететін динамика мен факторларды, еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау;
  • еңбек ақы қаржысын тиімді пайдалану жөнінде негізгі бағыттарды әзірлеу және ұйымның шығындарын басқару.

Зерттеу жұмысты дайындау барысында автор еңбек ақы жоспарлаудың проблемалары жөнінде қазақстандық зерттеушілердің еңбектерін зерттеді. Сондай-ақ заңдылық пен  нормативтік актілері, оқулық және тәжірибелік құралдарымен қолданды.

Іздеу