Жарнама нарығына экономикалық-маркетингтік талдау жүргізу («Рика» медиа тобының мысалында) (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Нарықтағы жарнаманың алатын ролі 5
1.1. Жарнаманың мәні, функциясы және рөлі 5
1.2. Жарнама қызметін маркетингтік жоспарлау сипаттамасы 7
1.3 Жарнама түрлері мен құралдары, оларды таңдау тәсілдері 11
2 Жарнама нарығына экономикалық-маркетингтік талдау жүргізу («Рика» медиа тобының мысалында) 16
2.1 «Рика» медиа тобының жарнамалық қызмет ету аясы, оны зерттеу 16
2.2 «РИКА» медиа тобының нарықтағы үлесі және оның бәсекелестері 19
2.3 Жарнама қаржылық нәтижесіне экономикалық-маркетингтік талдау 23
3 Жарнама нарығының қазіргі даму тенденциясы мен даму болашағы 27
3.1 Жарнамадағы басты мәселелер және оларды шешу жолдары 27
3.2 Жарнама нарығының қарқынды даму бағыттары 31
Қорытынды 35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 36


Кіріспе

Сату көлемін ұлғайту және пайда табу үшін сапалы тауарлар мен қызметтерді иелену жеткіліксіз, ол үшін тұтынушылардың осы тауарлардан алатын пайдасын олардың санасына жеткізе білу керек. Бәсекенің күшеюі мен нарықтың тауарлармен толығуына байланысты қазіргі кезде маркетингтік коммуниацияның рөлі мен маңыздылығы өсуде.

Маркетингтік коммуникацияның мынадай түрлері бар:

  • жарнама;
  • өткізуді ынталандыру;
  • жеке (дербес, персональные) сату;
  • қоғаммен байланыс – паблик рилейшнз (PR).

Тауарды нарыққа жылжыту жүйесіндегі маркетингтің классикалық тұжырымдамасында жарнаманы ең бірінші орынға қояды. Ол болашақ сатып алушылардың санасы мен назарына тауарлар мен қызметтер туралы маңызды фактілер мен мәліметтерді жеткізу үшін көркем көрсетілген нысанда қысқа және нұсқа түрінде ұсынылады.

Жарнаманың мәні оның қоғамдағы алатын қоғамдық, экономикалық, маркетингтік және коммуникациялық рөліне байланысты.

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы жарнама қызметін теориялық негіздері арқылы маркетингтік мәнін түсіну, «РИКА» медиа тобы қызметі мысалында қарастырып, жарнаманың даму бағыттарын, тиімділігін және жарнамалық процесстерін басқарудың арттыру жолдарын іздестіру.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде - «РИКА» медиа тобы алынып, оның жарнамалық қызметіне маркетингтік зерттеу жүргізіліп, экономикалық-маркетингтік талдау жасалынып, нәтижесінде жарнама мәселелері айқындалып, тиімділігін арттырудың жолдары қарастырылды.

Курстық жұмыста келесі мәселелер қарастырылды:

  • жарнаманың маркетингтік мәні, ролі және функциясы;
  • жарнама түрлері мен құралдары;
  • «РИКА» медиа тобының жарнамалық қызметін маркетингілік талдау;
  • «РИКА» медиа тобының бәсекелестері мен нарықтағы үлесін зерделеу;
  • «РИКА» медиа тобының жарнама қаржылық нәтижесіне маркетингтік талдау;
  • Жарнама нарығындағы басты мәселелердің шешілу жолдары және жетілдіру бағыттары.

Курстық жұмыстың қорытындысында Ақтөбедегі жарнама құралдарының жаңа түрлерін дамыту мақсатында ұсыныстар жасалған.

Курстық жұмыстың соңында қосымшалар келтірілген. Осы қосымшаларда жарнаманы жоспарлау процесі, зерттеу нәтижесінде жүргізілген жергілікті және республикалық БАҚ-дың нақты аудиториясы, олардың өзгеру динамикасы, нарықтағы үлесі, «РИКА» медиа тобының ресми прайс-листтері көрсетілген.

Іздеу