Кәсіпкерлік қабілеттілік өндіріс факторы ретінде (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Кәсіпкерліктің теориялық аспектілері 5
1.1 Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік қабілеттілік ұғымы 5
1.2 Кәсіпкерлік қызметтің түрлері 9
2 Кәсіпкерлік қабілеттілік өндіріс факторы ретінде 15
2.1 Кәсіпкерлік қабілет және өндірістің ара байланысы 15
2.2 Кәсіпорындарда иновацияларды қолдану
кәсіпкерлік қабілеттің негізгі көрінісі ретінде 18
3 Қазақстан Республикасындағы өндіріс факторы
ретінде кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері мен болашағы 21
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27


КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады.  Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.

Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру, яғни кәсіпкерлікті және кәсіпкерлік қабілеттілікті дамыту болып табылады.

Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Алайда, бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына, өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына тәуелді болмай отығанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның ғылыми-техникалық прогреске ынталандырмалық дәрежесі төмен, өнімнің сапасын өсіруге әсері қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық қабілетінің толық ашылуына, оны өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға жеткілікті түрде мүдделендірмейді.

Кәсіпкерлікке  көмек көрсету және бәсекелестікті дамыту тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға, біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді.

Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру, еңбекті жоғары бағалау, жалпы адам факторына байланысты проблемалардың шешілуі мемлекет алдындағы аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек. Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесіне қол жеткізуде мына талаптардың бірінші кезекте орындалуы қажет: бір жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне байланысты біліктілік пен кәсібилікке талапты күшейту, ал екінші жағынан, «еңбек» деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендеу барысын жеңу.

Кәсіпкерлікке  көмек көрсету және кәсіпкерлік қабілеттілікті дамыту аталған проблемаларға теориялық тұрғыдан айрықша мән берілуі тиіс. Қазір, яғни әлеуметтік-экономиканың серпінді даму кезеңінде өндіріс тиімділігін экономикалық жағынан ынталандыру, еңбектің сандық және сапалық сипаттамаларын, макроэкономикалық ұдайы өндіріс процесіндегі ынталандырудың рөлін айқындау, еңбектің трансформациялануын жалпылау және нақтыланған түрде зерделеу өте маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып отыр.

Осыдан зерттеу жұмысының терең теориялық және тәжірибелік өзектілігі байқалады.

Зерттеудің басты мақсаты: Кәсіпкерлік қабілеттілік өндіріс факторы ретінде

Зерттеу мақсатына сай міндеттер анықталады:

  • Кәсіпкерліктің теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік қабілеттілік ұғымын ашу;
  • Кәсіпкерлік қызметтің түрлеріне сипаттама беру;
  • Кәсіпкерлік қабілеттілік өндіріс факторы ретінде қарастыру;
  • Кәсіпкерлік қабілет және өндірістің ара байланысын анықтау;
  • Кәсіпорындарда иновацияларды қолдану кәсіпкерлік қабілеттің негізгі көрінісі ретінде зерттеу;
  • Қазақстан Республикасындағы өндіріс факторы ретінде кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері мен болашағын анықтау.

Іздеу