Коммерциялық банктерде вексельдік операциялар есебі және ұйымдастырылуы (АҚ «БТА Банк» мысалында) (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Вексель операцияларының теориялық аспектілері 5
1.1 Вексель және вексельдік айналым түсінігі 5
1.2 Вексельдің операциялардың ұйымдастырылуы 8
2 Коммерциялық банктерде вексельдік
операциялар есебі және ұйымдастырылуы 10
2.1 Банктік сипаттамасы 10
2.2 Банктің қаржылық экономикалық жағдайы 14
2.3 Банкте вексельдік операциялар есебі және ұйымдастырылуы 18
3 Қазақстанда вексельдік айналымды жетідіру жолдары 27
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 32
Қосымша А Бухгалтерлік баланс 33
Қосымша Ә Кірістер мен шығыстар туралы есеп 34


Кіріспе

Вексельдермен операциялар - бұл банк қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі. Біздің елімізде соңғы кезге дейін аталған операциялар басқа банктік операциялармен салыстырғанда, оларды шектеп қолданумен және оларды жүзеге асырудың бірыңғай механизмінің болмауымен байланысты төмен дамыды. Бірақ 1997 жылғы 28 сәуірден Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы» заңының қабылдануымен жай және аудармалы коммерциялық вексельдермен операциялар өткізу тәртібі анықталды. Вексельдер нарығының басты міндеті қысқа мерзімді ақша қаржыларын қайта бөлу, бұл кезде коммерциялық және қаржылық вексельдер нарық объектісі болып табылады. Оның резиденттері бірінші деңгейде несиелік мекемелер және оның клиенттері, ал оның негізіне есептік, комиссиялық және коммерциялық банктер мен басқа да әр түрлі несиелік операциялар жатады. Екінші деңгей субъектілеріне тек несиелік мекемелер жатады: бір жақтан Ұлттық банк, екінші жақтан - банктік жүйенің екінші деңгейлі мекемелері, соның ішінде коммерциялық банктер. Нарықтың аталған деңгейі операцияларының үлкен бөлігін бірінші кластық вексельдерді қайта есептеу және қайта кепілдеу құрайды.

Вексель айналымы әр түрлі салаларды қамтиды - бұл банктік қарыз беру кезіндегі банктер мен клиенттер арасындағы қатынас (соло вексельдер); қоғам мен мемлекет арасындағы қатынас (қазыналық вексельдер), сондай-ақ жеке тұлға мен заңды тұлға арасындағы банк қатысынсыз қатынас.

Вексельдер шығару негізіне жататын қызмет мақсаты мен сипатына, сондай-ақ қамтылуына байланысты:

  • коммерциялық;
  • қаржылық;
  • тұрақты вексельдерге бөлінеді.

Коммерциялық вексель тауарларды несиеге сату-сатып алу қызметі негізіндегі айналымда пайда болады, сатып алу кезінде ақшасы жеткіліксіз болса, сатушыға оның орнына басқа төлем құралы - вексель ұсынылады.

Осындай ретпен тауарлық вексель вексель ұсынушыға осы вексель көмегімен сатылған тауарлардың сомасын қамтиды. Сатып алушы векселі вексель айналымының негізі болып табылады, өйткені олар нақты мерзіммен және несиеге сатылған тауарлардың сомасымен шектеледі.

Қарыз қызметі ақшалай нысанда қаржылық вексельдермен рәсімделеді. Ақшалай міндеттемені қаржылық вексельмен қалыптастыру, кредиторлар құқын қорғау мақсатында оны уақтылы және дәл қамтудың қосымша әдісі болып табылады. Вексельдің қарыз міндеттемесі ретіндегі ерекше белгісі шартсыз, даусыз міндеттеме болып табылуында, яғни оны ұсынуға байланысты себептерге қатыссыз. Өз айналымдылығына байланысты ол төлем құралы қызметін де орындай алады.

Жалпы банктегі вексельдермен операция келесі нысандарда жүзеге асырылады: банктің вексель ұсынушыға вексельде көрсетілген соманы, қолданбалы есеп мөлшерлемесі бойынша пайыздарды алып тастап төлеуі кезіндегі коммерциялық банктің вексельдер есебі (немесе Ұлттық банктің қайта есептеуі); вексельдер кепілі есебінен қарыз, вексель акцепті, авалі және вексельдермен комиссиялық операциялар.

Зерттеу жұмысының мақсаты: банктерде вексельдік операциялар есебі және ұйымдастырылуын зерттеу

Зерттеу мақсатына сай міндеттер анықталды:

  • Вексель операцияларының теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Вексель және вексельдік айналым түсінігін ашу;
  • Вексельдің операциялардың ұйымдастырылуын анықтау;
  • Коммерциялық банктерде вексельдік операциялар есебі және ұйымдастырылуын талду;
  • Банктік сипаттамасын жасау;
  • Банктің қаржылық экономикалық жағдайын талдау;
  • Банкте вексельдік операциялар есебі және ұйымдастырылуын анықтау;
  • Қазақстанда вексельдік айналымды жетідіру жолдарын анықтау

Іздеу