Корпоративтік табыс салығын анықтау және талдау (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

КІРІСПЕ…………………………………………………….6

1 САЛЫҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ.

1.1 Салықтардың пайда болуы мен дамуы….………………….... 8

1.2 Салықтардың мәні мен маңызы және экономикада алатын орны…………14

1.3 Салық салудың құрылу деңгейлері……………………………...19

2 КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ.

2.1 Корпоративтік табыс салығының салық салу объектілері………………….26

2.2 Корпоративтік табыс салығын есептеп шығару тәртібі мен төлеу мерзімдері……………….…...37

2.3 Корпоративтік табыс салығының кәсіпорын қызметіне әсер етуін және бюджетте алатын орнын талдау……………………43

3 КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ: ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ………………………51

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………….63

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………..67


КІРІСПЕ

            Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Қандай да бір мемлекет тек қана белгіленген меншік қаржылық базаға ие болған кезде қызмет атқаруы мүмкін.           

            Нарықтық жағдайда мемлекеттік кірістердің қайнар көзі болып салықтар табылады. Оны заңды және жеке тұлғалар белгілі бір мөлшерде белгіленген мерзімде міндетті төлем ретінде мемлекетке төлейді.

Мемлекет өзіне ақша қаражаттарын әр түрлі тәсілдермен табады.

Кейбір жағдайларда, ол иемденушіден мемлекетке ерікті түрде ақшаны беруде   негізделетін   тәсілді   қолдану  мүмкін.  Бұндай   тәсілдің классикалық мысалы – мемлекеттік борыш (ішкі және сыртқы). Басқа жағдайларда,  мемлекетпен  ақшаны  табу,  оларды   мәжбүрлі   алу жолымен  іске асырылады.  Бұл  жерде классикалық мысалы  болып  салықтар табылады.

Салықтар, іскері пайдамен қатар, мемлкет өзіне ақша табудың ең ежелгі тәсілі болып табылады.

            Қазақстан  Республикасының  Салық Кодексіне сәйкес елімізде салықтардың тоғыз түрі төленеді, оның ішінде өте маңызды салық болып корпоративтік табыс салығы табылады. Осы салықпен байланысты сұрақтар неғұрлым мемлекет үшін, соғұрлым шаруашылық субъект үшін көкейтесті. Мемлекет үшін корпоративтік табыс салығы – бюджеттегі кіріс бөлімінің негізгі бабы, ал  шаруашылық субъект үшін – бұл салықтың үлестік салмағы үлесі өте үлкен, осыдан кәсіпкерлік қызметке тигізетін әсері елеулі. Дипломдық жұмыстың тақырыбы маңызды мәселе екенін жоғарыда айтылғаннан дәлелдейміз. Дипломдық жұмыстың мақсаты болып Қазақстан Республикасының корпоративтік табыс салығын өндіріп алу механизмін қарастырып, оны жетілдіру жолдарын ұсыну табылады.

            Осы мақсатқа жету үшін келесі тапсырмалар қойылады:

-салықтардың мәнін қарастырып, экономикалық маңызын ашу;

-корпоративтік табыс  салығын өндіріп алу механизмін қарастыру;

-корпоративтік табыс саллығының шаруашылық субъект қызметіне әсер етуін талдау;

-корпоративтік табыс салығының мемлекеттік бюджеттегі орнын қарастырып, талдау;

-корпоративтік табыс салығын жетілдіру үшін шетелдік тәжірбиені қарастыру.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында салықтардың пайда болуы қарастырылып, экономикалық маңызы ашылған. Екінші тарауда корпоративтік табыс салығын өндіріп алу механизмі әзірленіп салық ауыртпашылығы қарастырылған және оның заңды тұлғаның қызметіне әсер етуі және мемлекеттік бюджеттегі ролі талданған.

Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында корпоративтік табыс салығын жетілдіру мақсатымен шетелдік тәжірбие

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі болып Қазақстан Республикасының  заңдары мен нормативті - құқықтық актілері, отандық және шетел экономистерінің монографиялары, баспасөз мақалалары, статистикалық мағлұматтары табылды.

Іздеу