Қазақстан аймақтарының экономикалық даму ерекшеліктері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Қазақстанда аймақаралық және
салааралық байланыстардың
теориялық аспектілері 6
2 Қазақстан аймақтарының экономикалық
даму ерекшеліктері 11
2.1 Аймақтардың негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштері 11
2.2 «Батыс» және «Шығыс» макроэкономикалық
аймақтардың даму ерекшеліктері 17
3 Аймақтардың әлеуметтік экономикалық
дамуын жетілдіру жолдары 19
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25


Кіріспе

Қазіргі Қазақстан үшін аймақ экономикаларының ашық сипаты тән болып келеді, глобалды экономикалық жүйенің құрамдас бөлігі болып табылатын  елдің өңірлері арасында өзара байланыстылық пен өзара тәуелділікке деген тенденция  күшеюде. Сонымен қатар  Қазақстанда экономикалық өсу шикізаттік саланың үстемдігімен тығыз байланысты.

Егер де шикізаттық өңірлерде тұрақтану мен өсу процесстері орын алса, өткенде жоғары дамыған және мамандырылған кадрлерге бай болған аймақтарда тұрғындардың тығыз мекендлуіне қарамастан  өндірістің біршама құлдырауы орын алған.

Сондықтан сол сияқты жерлерде нарықтық экорномикада орнығу қиынға түседі. Нәтижесінде Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жіктелуі күшейіп тез арада оны жеңіп шығу неғұрлым қиынға түседі. Сол сияқты жағдайлар мемлекетіміздің  кез келген облыстары дамуының нақты стратегиясын анықтау мен біртұтас экономикалық кеңістікті қамтамасыз ету мақсатында амақтық факторларын неғұрлым тиімді қолдануда және Қазақстанның аймақаралық байланыстарын зерттеуде жаңа ұстанымдарды қалыптастырып оларды іске асырудың қажеттіліктерне шарттас.

Аймақтық экономика мәселелері Қазақстан Республикасында Үкіметтің, министрліктердің, ведомстволардың алуан түрлі ережелері мен директивті құжаттарында көрініс табады.

Демек, 2002-2006 жж арналған Қазақстанның Өңірлік саясаты тұжырымдамасында аймақтық саясаттың мақсаты ретінде әлеуметтік экономикалық даму деңгейінде аймақаралық айырмашылықтарды  азайту делінген.

2007 ж ақпанның 28 жұлдызында өз еліне деген Жолдауында Елбасымыз мемлекетіміздің территориялық дамуының басымдылығы ретінде экономикалық өсу және бәсеке қаблеттіліктің аймақтық орталықтарын қалыптастыру мен жұмысының басталуын белгіледі.

Қазақстанның аймақтарының әлеуметтік экономикалық даму ерекшеліктерін, елдің салааралық және аймақаралық байланыстарын, халықаралық экномикалық серіктестіктерге ашық біртұтас экономикалық кеңістікті тиімді дамытуды қамсыздандыру проблемаларын зерттеу, аймақтық қайта құрылыстарды іске асырудың тәжірбелік шешімдерін құрастыру қажеттілігі туындайды.

Зерттеу мақсаты Қазақстанда экономикалық дамуында аймақаралық байланыстардың ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу мақсатына сай зерттеу міндеттері анықталды:

Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс істеп мәліметтерді жинақтау;

  • Қазақстанда аймақаралық және салааралық байланыстардың теориялық аспектілерін сараптау;
  • Қазақстан аймақтарының экономикалық даму ерекшеліктеріне анықтама беру;
  • аймақтардың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне шолу жасау;
  • «Батыс» және «Шығыс» макроэкономикалық аймақтардың даму ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасау;
  • аймақаралық қауіпіздік мәселелерін қарастыру;
  • экономикалық дамуда аймақаралық даму ерекшеліктерін жетілдіру жолдары мен перспективаларын анықтау.

Әлемдік экономикалық әдебиетте, кеңестік және қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде  аймақтық даму және экономикада аймақаралық даму мәселелеріне зор назар аударылады. Бұл мәселені өз еңбектерінде Й. Тюнен, А. Вебер, У. Айзард, В. Леонтьев, Л. Мозес, А. Аганбегян, Н. Н. Баранский, А.Г. Гранберг, Н.Н. Некрасов, А.Е. Пробст, С.С. Шаталин, Р.И. Шнипер сияқты ғалымдар зерттеді.

Экономиканың аймақаралық және салааралық  моделін зерттеу мәселесін Қазақстанда С.Б. Байзаков, А.Е. Есентугелов, М.Б. Кенжегузин, Н.К. Кузембаев, К.Н. Нарибаев, С.С. Оспанов, С.Д. Примбетов қарастырды.

Зерттеу объектісі құрамында әлеуметтік және экономикалық объекттер мен тұрғындардың тіршілік етуді қамсыздандыру процесстері қызмет ететін Қазақстанның әкімшілік аудандары, олардың территориялық жиынтығы.

Зертту пәні елдің  дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері және  елдің аймақаралық байланыстарды экономикалық тұрғыдан моделдеу мәселесін талдауға арналған Қазақстанның салааралық зерттеулерінің статистикалық қоры болып табылады.

Зерттеудің әдістемелік негізі ретінде зерттеу жұмысы барысында қолданылған  жүйелік талдау, салыстырмалы талдау және синтездеу, макроэкономикалық моделдеу және жобалау, қарастырылатын экономикалық процесстерді сандық және сапалық зерттеу әдістері және эксперттік бағалау әдістері кеңінен қолданылды.

Жұмыс барысында анықтамалық мәліметтер, кестелер, таблицалар қоллданылды. Жұмыс барысында Қазақстанның 2001 және 2006 жж аралығындағы салааралық баланс қолданылды, 2000-2007 жж аралығындағы қазіргі заман жағдайы талданды.

Зерттеудің ақпараттық қоры статистика бойынша ҚР Агенттігінің мәліметтері, жыл сайын жарияланатын статистикалық жиындар, қазақстандық және ресейлік басылымдарында жарияланған  аналитикалық мәліметтер, экономиканың перспективті дамуын белгілейтін ҚР Үкімтінің және Президентінің заңды нормативті құжаттары қолданылды.

Іздеу