Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы (Мәлімет)

1. Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері...................3
2. Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңнамалық
Негіздері.............................................................................................................8
3. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының пайда болуы................................11
4. Бағалы қағаздар нарығын реттеу.....................................................................14
5. Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы.................................................23
Әдебиет..................................................................................................................29


  1. Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері.

Кез-келген заңның  мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе жатқан экономикалық құбылыстарға сай  болуы шарт. Себебі құқықтық нормаларды шығару белгілі-бір экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Қазақстан халық шаруашылығын дамытулдың «кеңестік»  үлгісінен экономиканың еркін өркендеуінің нарықтық үлгісіне өту кезі құқықтық негізді түбегейлі реформалау арқылы нарықтық қатынастарды дамытуға жол ашатын заң шығару қажет етеді. Әлбетте мұндай реформа  жүргізудің мақсаты – осы тұрғыда тіпті жаңа заң шығару емес, революцияға дейіңгі Ресей империясы мен Кеңес мемлакетінің  жаңа экономикалық саясат кезінде орын алған құқықтық институттарды қалпына келтіру және нарықтық үлгімен дамыған өркениетті мемлекеттердің (мыс. АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония және т.б.) тәжірибесін үйреніп, оны мемлекетіміздің  экономикасын реттеуге бейімдендіру.

Бағалы қағаздар нарығы құқықтық қамтамасыз ету деген  мемлекеттік органдардың бағалы қағаздар айналасы тиімді және мағыналы  болуы үшін белгілі-бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Сол заңдардың мемлекет мүддесі мен халық керегін қанағаттандырып бет алған қоғамның объективті экономикалық талаптарына сай келуі. Қазіргі кезде Қазақстанның  заңдарына мемлекетіміздің егемендік алғанынан бергі шыққан заңдар, Президенттің жарлықтары және үкіметтің кауылары, сонымен қатар Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құқықтық актілері жатады.  Бағалы қағаздар нарығын құқықтық ережелермен қамтамасыз ету мәселесіне  ақшалы қарыз міндеттемелерінің  айналысы (яғни оларды сату және сатып алу) және белгілі-бір ұйымдық-құқықтық түрде құрылған шаруашылық субъектілерін басқару мен олардың меншігіне қатынасу құкығы кіреді. Бағалы қағаздар нарығындағы мүліктік кұқық олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат багалы қағаздар деп аталады. Бірақ олардың кейбірі азаматтық- құқықтық қатынастармен расталғанымен бағалы қағаздар нарығына айналыскд түспейді. Мыс, Қазақстан заңдары бекіткен - ипотекалық куәліктер, сол сияқты коносамент және тауарларды орналастыру құжаттары тауар нарығына айналысқа түседі. Ал бағалы қағаздар нарығы, алдыңғы тарауда айтып кеткеніміздей, қаржы нарығының құрамдас бөлігі. Қаржы нарығы капитал нарығы мен ақша нарығынан құрылатындықтан бұл жерде осы аталған екі нарықтың құқықтық қамтамасыз етілуі сөз болады.

Бағалы қағаздар туралы қазіргі Қазақстан заңдары біраз кезеңнен өтті.

1917 жылы Қазан революциясына дейін Қазақстан Ресей империясының бір бөлігі болғандықтан ХУШ-ХІХ ғасырларда қазақ даласында азаматтық жэне сауда қатынастары орыстың саудалық-қүқықтық ережелерімен реттелді. Революциядан кейінгі Кеңес үкіметінің алғашқы онжылдықтарында аталған катынастар РСФСР-дың азаматтық заңдарымен жүргізілді. Сол кезде бағалы қағаздардың айналысына толық құқықтық мүмкіндіктер туғызған жаңа экономикалық саясатқа байланысты шығарылған заңдар болды. Атап айтқанда, ақша нарығында вексель және чектер, яғни қысқа мерзімді төлем құралдары сауда келісімінде кеңінен қолданылды. Олармен қатар тауарларды сақтау, жылжымайтын мүліктерді сатып алу-сату келісімдерінде қоймалық, кепілдік куәліктер жэне т.б. бағалы қағаздар қолданылды. Заң жүзінде бағалы қағаздар туралы жалпы ұғым болғанымен, бұл айтылған қағаздардың өндірісті ұйымдастыру үшін қаражат жинауға мүмкіндігі жоқ. Ал негізгі бағалы қағаздарды, яғни акциялар мен заңды тұлғалардың облигацияларын шығаратын және кор биржалары мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби делдалдары (дилерлер мен брокерлер) туралы құқықтық негіз болмады. Себебі делдалдар социализм және коммунизм идеяларына жат элементтер деп есептелді.

Іздеу