Қазақстан Республикасында бәсекелестіктің дамуы және монополистік қызметтердің шектелуінің ерекшеліктері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Бәсекелестіктің дамуы және монополистік қызметтердің
шектелуінің теориялық аспектілері 5
1.1 Бәсекелестік нарықтың негізгі элементі ретінде 5
1.2 Монополистік қызметтерді шектеудің объективті қажеттілігі 10
2 Қазақстан Республикасында бәсекелестіктің дамуы
және монополистік қызметтердің шектелуінің ерекшеліктері 13
2.1 Нарықта бәсекелестіті дамыту және қолдау саясаты 13
2.2 Нарықты монополиялық реттеудің негізгі бағыттары 17
3 Қазақстандағы бәсекелестіктің дамуы және монополистік
қызметтердің шектелуі мәселесі және жетілдіру жолдары 21
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26


Кіріспе

Қазақстан  Республикасы   нарықтық экономикаға  өту жолында көптеген қиындықтар мен кедергiлерге тап болуда.  Оның объектiвтiк және субъективтiк себептерi бар. Солардан туындап отырған қазiргi дағдарыс кезеңiнен тез шығудағы маңызды шарттардың бiрi — экономикалық бiлiм берудi осы замандық деңгейге көтерiп, жоғарғы бiлiктi кадрлар даярлау. Менiң ойымша,ол үшiн дамыған Батыс елдерiнiң тәжiрибелерi мен экономикалық ой-пiкiрлерiн оқып-үйрену  қажеттiлiгi даусыз.

Нарық механизмiнде жеке-дара адам ұйымдар “ненi”, “қалай”, және “кiм үшiн” деген үш экономикалық проблеманы шешу үшiн  өндiрушiлер мен тұтынушылар рынокта өз еркiмен кездесiп, баға мен өндiрiстiң көлемiн анықтайды.

Бұл фактiнi бағалау үшiн нарықтық экономиканы қалыптасқан мысал ретiнде алайық. Шеттен тауарлар тұрақты түрде әкелiнбесе, бұл қала аштыққа ұшырар едi, бiрақта жан-жақтан, тiптi шет, шалғай елдерден тауарлар тоқтаусыз әкелiнедi. Сөйтiп, қала тұрғындары өмiр сүруге қажеттi шаруашылық процестерiнiң тоқтамайтынына кәмiл сенедi.

Жетілмеген бәсекелес нарықта әр түрлі тауарлар мен қызметтер өндіретін немесе сататын көптеген фирмалар нарықтағы үлестері үшін бірі-бірімен бәсекеге түседі. Бұл нарықтың негізгі ерекшеліктері: әр түрлі тауарлар мен қызметтер ұсынылады; өндірушілер мен сатушылардың саны көп; салаға кіруге кедергілер жоқ; фирмалар өнім көлемі мен баға туралы шешім қабылдағанда бір-бірімен санаспайды.

Әр түрлі, бірі-бірінен ерекше тауарлар ұсынатын фирмалар нарықта азды-көпті билік орнатады. Сонымен қатар монополиялардың ұсынатын тауарлары қаншама ерекше болғанымен, бірін-бірі алмастыра алады. Сондықтан осы нарықта ұсынылатын тауарларға сұраныстың икемділігі жоғары болады.

Жетілмеген бәсекелес нарық таза бәсекелес нарық пен моно-полиялық нарықтарға қарағанда күнделікті өмірде жиі кездеседі. Сон-дықтан жетілмеген нарықтағы монополистердің өнім көлемі мен баға туралы қабылдайтын шешімдерін талдау мен түсінудің маңызы зор.

Жетілмеген бәсеке нарығы ұлттық экономика деңгейінде өте сирек кздеседі. Көп жағдайда жетілмеген бәсеке нарығын жергілікті нарықтардан кездестіруге болады. Жақын алмастырушысы жоқ тауарлар мен қызметтер де өте сирек кездеседі. Жетілмеген бәсеке нарығы ,таза бәсекелі нарық сияқты шекті жағдайға жатады. Нақты нарықтық құрылымдар осы екі нарықтың ортасында болады. Соған қарамастан, таза монополия моделін талдау нарықта өзінің билігін орнатқан фирмалардың қабылдайтын шешімдерін зерттеуге, оған әсер ететін факторларды анықтауға, олардың қызметтерін мемлекет тарапынан реттеудің себебі мен мақсатын түсінуге көмектеседі.

Тәуелсіздiкке қол жетуi Қазақстанның көптеген дамыған және дамушы мемлекеттермен экономикалық байланыстарын жолға қоюға,бұрынғы әрiптестерiмен қарым-қатынастарды қайта құруға, дүние жүзiлiк рынокқа кiру жолымен iлгерi басуға мүмкiндiк бередi. Сыртқы экономикалық қызметтi ырықтандыру мемлекеттiң бұл саладағы монополиясын жойды, кәсiпорындардың, фирмалардың және жеке тұлғалардың шетелдiк әрiптестерiмен емiн-еркiн байланыстар орнатуына мүмкiндiк бередi, қызмет саласында бәсекелiк негiздер қалады. Қазiргi кезде республикада бiрлескен кәсiпорындар саны күрт көбеюде, дүние жүзiндегi аса iрi компаниялардың өкiлдерi ашылуда, табиғи ресурстарды бiрлесе пайдалану, шикiзат пен материалдарды өңдеу жобалары жүзеге асырылуда, аграрлық салада прогрестi технологиялар енгiзуде және  тағы басқа. Менiң ойымша бәсекелестiк нарыққа қажеттi. Ендi осынған тоқталайық. Бәсеке сөзi қақтығысу, жарыс  деген сөздi бiлдiретiн  латынның  «concurrentia»  деген  сөзiнен  шыққан.  Экономикалық  тiлмен айтқанда, бәсеке - бұл олжалы мәміле үшiн, барынша  көп тиiм алу үшiн нарықтық қатынастарға  қатысушылар  арасындағы күрес.

Осыдан зерттеу жұмысының терең әлеуметтік экономикалық өзектілігі айқын көрінеді.

Зерттеу мақсаты: Қазақстандағы бәсекелестіктің дамуы және монополистік қызметтердің шектелуі

Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер алға қойылды:

  • бәсекелестіктің дамуы және монополистік қызметтердің шектелуінің теориялық аспектілерін зерттеу;
  • бәсекелестік нарықтың негізгі элементі ретінде қарастыру;
  • монополистік қызметтерді шектеудің объективті қажеттілігін анықтау;
  • Қазақстан Республикасында бәсекелестіктің дамуы және монополистік қызметтердің шектелуінің ерекшеліктерін зерттеу;
  • нарықта бәсекелестіті дамыту және қолдау саясатын анықтау;
  • нарықты монополиялық реттеудің негізгі бағыттарына талдау жасау;
  • Қазақстандағы бәсекелестіктің дамуы және монополистік қызметтердің шектелуі мәселесі және жетілдіру жолдарын көрсету.

Іздеу