Қазақстан Республикасында нарықтық инфрақұрылымды дамыту мәселелері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Нарықтық инфрақұрылымның
теориялық аспектілері 5
1.1 Нарықтық инфрақұрылым түсінігі, мәні 5
1.2 Нарықтық инфрақұрылымның қызметі 6
2 Қазақстан Республикасында нарықтық
инфрақұрылымды дамыту мәселелері 9
2.1 Банк және несие жүйесі 9
2.2 Сақтандыру қызметі 14
2.3 Құнды қағаздар нарығы 17
3 Нарықтық инфрақұрылымның тиімділігін
жетілдіру жолдары 27
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 34


Кіріспе

Елімізді дағдарыстан шығарудың процесстері мен стратегиясы кәсіпкерлікті дамыту, нарықтық бәсекелестік қоршаған ортаны қалыптастыру, дамыған нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыруды талап етеді. Нарықтық экономика жағдайында нарықтық инфрақұрылымды дамыту оның барлық элементтерінің дамытуын талап етеді.

Сондықтан да зерттеу жұмысының тақырыбы нарықтық инфрақұрылымды дамыту мәселелері қазіргі таңда өзекті мәсеселер қатарына кіреді.

Инфрқұрылым нарықтың құрамдас бөлігі, сондықтан да оны зерттеу нарықтық механизмдерінің тұрақты дамуы мен қызмет ету барысында маңыздыболып табылады.

Нарықтық инфрақұрылымды зерттеу өндіріс үшін ғана емес қоғамның әлеуметтікжәне мәдени өмірі үшін өте маңызды.

Наықтық инфрақұрылымына халық шаруашылығының ерекше саласы сауда (көтерме және бөлшек сауда, сауда кәсіпорындары, аукциондар, жәрмеңкелер, тауар биржалары) жатады.

Нарық институттары — коммерциялық банктер, қор биржалары сақтандыру компаниялары, аудиторлық фирмалар еңбек биржалары заң кеңселері, информациялық орталықтар жарнама бюросы. Нарықтың дамыған инфрақұрылымы экономикалық үрдіс. Оның қалыптасуы нарық экономикасына қатысушылардың бірнеше буындарының қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Инфрақұрылым - өндіріс пен тауар айналымының қалыпты қызмет етуі үшін және адамдардың тұрмыс-тіршілігіне жағдай жасауға арналған салалар жиынтығы.

Экономикалық жүйенің жұмыс істеуі, оның тепе- теңдігі және ілгері дамуы нарықты институттардың өз дәрежесінде жұмыс істеуіне байланысты. Олардың істейтін арнайы мамандырылған мекеме орындары. Қазіргі уақытта бұл институттар бір- бірімен байланысты және мүдделі. Ерекше нарық шеңберінде жұмыс істеп, бір- бірімен байланысты және арнайы міндеттер атқаратын институттардың жиынтығы нарықты экономиканың инфрақұрылымын құрастырады.

Нарықты инфрақұрылымның бөлінуі, олардың арнайы мазмұны нарықтардың қазіргі жағдайларда жұмыс істеулеріне қарай төмендегіне бөлінеді.

Дамыған елдердің тәжірибесінде қаржы құралдарының айналыс мерзімі бір жылға толмайтын болса, онда бұл ақша нарығы құралы деп саналады. Ұзақ мерзімді және орта мерзімді құралдар капитал нарығына жатады. Әр қилы елдерде қаржы құралдарын қысқа, орта және ұзақ мерзімдерге бөлу әр түрлі болады. Қазақстанда негізінен қысқа мерзімді қаржы құралдары ақша нарығының құралдарына қатысты, ал орта және ұзақ мерзімділері- капитал нарығына қатысты. Ақша нарығының құралдары, ең алдымен бизнес салалары мен мемлекеттік ұйымдардың өтімді қаржыларын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді, өйткені капитал нарығының құралдары жинақ және инвестициялау процестерімен байланысты. Ақша нарығы құралдарының үлгілеріне вексельдерді, банк акцептерін, чектерді, банкноттарды, төлем карточкаларын және т. б. келтіруге болады. Капитал нарығының құралдарына облигациялар, акциалар, орта және ұзақ мерзімді несиелер жатады.

Осыдан зерттеу жұмысының мақсаты: нарықтық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін зерттеу

Зерттеу мақсатына сай міндеттер анықталды:

  • Нарықтықтық инфрақұрылымның теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Нарықтықтық инфрақұрылым түсінігі, мәнін ашу;
  • Нарықтықтық инфрақұрылымның элементтерін зерттеу;
  • Қазақстан Республикасында нарықтық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне шолу жасау;
  • Мемлекеттің несие жүйесіне талдау жасау;
  • Банк жүйесі, сақтандыру қызметі, биржалар, сауда кәсіпорындарын нарықтық инфрақұрылымның элементтері ретінде қарастыру;
  • Нарықтық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру жолдарын көрсету.

Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде нарықтық инфрақұрылымның теориялық аспектілері қарастырылды, соның ішінде түсінігі, қызметтері, екінші бөлімде нарықтық инфрақұрылымды дамыту мәселелері қарастырылды, үшінші бөлімде нарықтық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін тиімді шешу жолдары ұсынылды.

Іздеу