Қазақстан Республикасында экономикалық өсуді мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Экономикалық өсудің теориялық аспектілері 5
1.1 Экономикалық өсудің мазмұны 5
1.2 Экономикалық дамудың көрсеткіштері 8
1. 3 Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеудің түсінігі 11
2 Экономикалық өсудің негізгі моделдері 13
2.1 Кейнсиандық модел 13
2.2 Неоклассикалық модел 15
2.3 Нөлдік экономикалық өсудің тұжырымдамасы 16
2.4 Салааралық баланс моделі 17
3 Қазақстан Республикасында экономикалық өсуді
мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары 18
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26


Кіріспе

 

 

Таңдап алынған тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам дамуының басты мақсаттарының бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Өсу жағдайындағы экономика өзінің азаматтарының жағдайын көтеруге және туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді  шешуге мүмкіндік  береді.

Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру – макроэкономикалық  реттеудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, экономикалық өсу мүмкіншілігіне осы елдің экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, мемлекеттің бәсекелестік қабілеті және әлемдік қоғамдағы орны, сайып келгенде елдің болашақта дамуы толығымен байланысты.

Нарыққа көшу кезінде, экономика және экономикалық қарым-қатынастар дамуының маңызды көрсеткіштері болып қоғамдық өнім көлемінің өсуі, халықтың өмір сүру деңгейінің, қоғам ауқаттылығының көтерілуі болып табылады. Нарықтық қатынастар жолына тұрған тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында өнім өндіруді жоғарлату сияқты күрделі мәселелер тұр. Бүгінгі күнде жас мемлекет бұл мәселелерді сәтті шешіп келе жатыр, бірақ  экономикалық өсу қысқа мерзімді мәселе емес, керісінше, болашақта қазақстандық қоғам дамуының ұзақ мерзімді сұрағы болғандықтан, бұл сұрақ  өте маңызды және дер кезде қаралуын талап етеді.

Курстық жұмыстың мақсаты – экономикалық өсудің теориялық және практикалық  аспект жетістіктерін  оқу.

Қойылған мақсатқа қарай, қаралатын мәселелер:

  • экономикалық өсу түсінігін қарастыру;
  • экономикалық өсуге әсер ететін факторларды көрсету;
  • экономикалық өсудің негізгі көрсеткіштерін анықтау;
  • экономикалық өсудің типтерін қарастыру;
  • экономика дамуын жоғарлатудағы мемлекеттің ролін анықтау;
  • ҚР-ның қазіргі экономикалық даму жағдайын сараптау;
  • Болашақта дамуын анықтау;

Бүгінгі күнде қазіргі экономиканы тереңінен талдау қажеттігі, оның бүтіндей сипаттамасы, тұрақтылығы, әлсіз жағдайларын анықтау қажеттілігі өзекті тапсырмалардың бірі болып тұр. Әлеуметтік-экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жағдайында үлкен мәнге экономикалық өсу мәселесі ие болып отыр.

Қазіргі кезде негізгі шаруашылық ету қызметі экономикалық өсу барысында жүзеге асырылады. Оларға өздігінен әлеуметтік -экономикалық мәселелерді шешуге және аймақаралық байланыстар жасауға мүмкіндік берілген. Әр аймақ еліміздегі шаруашылық кешенді белгілі бір орынды алады, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, ұлттық және тарихи белгілері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар.

Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту барысында экономикалық өсу мәселесіні мәні ерекше. Экономикалық  дамуын мемлекеттік реттеу қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін проблемалардың бірі болып отыр.

Экономикалық  өсуді мәселесі мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республикалық экономиканы жақсартуды қамтамасыз ету.

Экономикалық  өсу мәселесі Қазақстан Республикасының өндіргіш күштері әлеуметтік-экономикалық аумақтың орналастыру және оның экономикалық салаларын дамыту, аймақтардың маңызды табиғи экономикалық, демографиялық және экологиялық ерекшеліктерін, оған қоса аймақарлық, ішкі аймақтық және мемлекет аралық экономикалық байланыстарды зерттейді.

Экономикалық  өсу мәселесінде экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін қолданылады, яғни баланстық, картографиялық, жүйелілік, экономика-математикалық және статистикалық әдістер қазіргі кезде аймақтық деңгейде басқарудың қызметтері мен әдістері экономикалық, әлеуметтік және әкімшілдік бағыттарының бірігуіне негізделеді.

Берілген тақырып өзінің белсенділігінің арқасында көптеген батыс экономисттері Ж..Б. Сэй, Дж. Кейнс, Солоу, Сакс және отандық  озық  ғалымдар  К.Н. Нарыбаев, С.С. Оспанов, Б.М. Мұхамедиевпен қарастырылған

Іздеу