Қазақстан Республикасындағы экономикалық ілімнің даму эволюциясы (Мәлімет)

1. Қазақстан Республикасындағы экономикалық ілімнің даму эволюциясы. Көшпелі халықтардың шаруашылық-экономикалық ой-пікірлерінің қалыптасу ерекшеліктері.
2. Хандар заманындағы қазақ халқының экономикалық ой-санасының тереңдеуі.
3. Қазақ ағартушы-демократтарының қоғамдық ғылыми- экономикалық көзқарастары.
4. Қазақстанның кемелденген социализм тусындағы экономикалық көзқарастарының өрбуі.
5. Қазақстанның рынок қатынастарына өту кезіндегі экономикалық ілімінің дамуы.


Қазақстан Республикасының түңғыш президент'! Н.Ә.Назарбаев "менің тарихқа ден қоюымның сыр-себебі бүгінгі күннің оқиғаларынан тарихтың табын" сезінгендігімде деп, яғни қазіргі әлеуметтік-экономикалық тіршілігімізде тарихтың белгілері, нәтижелері, таңбалары барлығын сезіне бастайды". Қазақ халқының қоғамдық даму эволюциясын, соның ішінде экономикалық өмірі мен ой-санасының қалыптасуын әлемдік үрдістен бөлек қарауға болмайды. Әсіресе, біздің халықтың өмір салты, тіршілік тынысы, шаруашылық жүргізу тәсілі көшпелі елдің, номадтардың тұрмысына ұқсас.      Сондықтан Қазақстандағы экономикалық ілім мен ғылымның, теориялық зерделеудің пайда болуын зерттегенде жалпы әлемдік ғылыми тәсілдерді қолдану қажет. Әрине үлттық ерекшелігімізді, руханиятты да ескерген жөн.Қазір ғалымдар мойындаған экономикалық ілімдер тарихын зерттеу реті-халықтың шаруашылық типінің пайда болуы, содан кейін шаруашылықты ұйымдастырудың механизмің ең соңында халықтың, елдің экономикалық өсуі туралы ой-пікірлердің және теориялық таластардың эволюциясын көрсету.

Міне, осы тұрғыдан алғанда қазақ халқының, Қазақстанның экономикалық тарихын, оның ілімі мен ғылымының қалыптасуын шынайы зерделеуде айтарлықтай үлес қосқаң мұның басы-қасында болып, қалың бұқараға жеткілікті насихаттауда үлкен еңбек сіңірген интеллектуалдардың есімдерін атауды жөн көрдік. Олардың бәрін түгелдей атау мүмкін емес, өйткені қазақтың зиялы экономист-ғалымдарының әрбіреуі туралы бір-бір кітап жазуға болады. Сонда да Қазақстан экономикасы тарихының, ілімінің, ғылымының басында тұрып, теориялық зерттеулер жүргізген, әлі де жазып жүргендер: Аспандияров, Қ.Шоланов, С.А.Нейштатд, С. Б.Бәйішев, С.Толыбеков, Ц.Л.Фридман, П.Алампиев, Т.Әшімбаев, В.Н.Пуриц, Ф.А.Жеребьятиев, Я.Ә.Әубәкіров, Д.Қ.Қабдиев, М. К.Елеусізов М.Әбдіров, Т.Литвинова, А.Жақсалиев, Қ.Қошанов. Ө.Қ.Шеденов. К.Берденова, С.Досқалиев және т.б.

  1. Хандар заманындағы қазақ халқының экономикалық ой-санасының тереңдеуі

Қазақстанныңәлеуметтік-экономикалықдамуыныңшартты түрдегі 8-10 кезеңдері ХІІ-ХІІІ ғғ. Шыңғыс хаң жоңғар шабуылы және XVII-XIX ғасырлардағы Абылай хан, Жәнібек-Керей хандарының қазақ мемлекетінің негізін қалаған дәуір еді. Халықтың даму эволюциясында дәстүрлі диханшылық пен мал бағудың санада сақталған сырларын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу кезеңі болды. Сол кезеңдегі қасірет, тіршіліктегі тауқымет, әділетсіздік, Шыңғыс хан әулетінің қысымы Майқы би, Асан қайғы, Бүқар жырау шығармаларынан анық көрінді.

"Жеті жарғы" шын мәнінде қазақхалқының саяси, құқықтық экономикалық тарихындағы маңызды ғылыми уақиға. Бұл құжат тарихшылар мен заңгерлердің еншісіне тиіп, экономистер үшін, жоғарыда айтқанымыздай, игерілмеген тың болып тұр. Сондықтан бұл шығарма әдейі зерделеуді қажет етеді. "Қазақ университеті" баспасынан алғаш рет ана тілімізде жарық көрген "Экономикалық ілімдер тарихы" (1997ж.) атты оқу құралында аталған проблеменың экономикалық жақтары біршама қарастырылады.

Әлемдік экономикалық ілімде көшпелі халықтар-номадтардың шаруашылық жүргізу тәсілдері, олардың ерекшеліктері туралы ғалымдар түрлі көзқарастар, пікірлер ұсынуда. Осымен байланысты К. Маркстің "азиаттық өндіріс әдісі" деген терминінің төңірегінде ғылыми талас толастамай келді. Біздің ойымызша, азиаттық өндіріс тәсілінің мәні бұл халықтардың тұрмыс-тіршілігінің сипатын, меншік иеленуінің обьектісі мен субьектісін қамтитын, осылардың негізінде талдануы ақылға қонымды келетін сияқты.

Сондықтан көшпелі халық-номадтардың қоныс аударуы еріккеннің ермегі емес және ол олардың ұлттық намысына тию құралы болмай, сол халықтардың кеңістігі, табиғатты тиімді пайдалану, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар сипатынан туындайтын үрдіс екенін басымырақ көрсете зерделеу жөн. Тіпті қазақ халқының жаз жайлауда, қыста тұрақты қоныстарына келуі саяси-әлеуметтік артықшылық пен қатар, экологиялық жағынан да өркениетті құбылыс деген ой келеді.

Іздеу