Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаражаттың реттеуші ролі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Мемлекеттік қаражаттың экономикалық мәні 5
1.1 Мемлекеттік қаражат түсінігі 5
1.2 Мемлекеттік қаражаттың дерек көздері 6
2 ҚР мемлекеттік қаражаттың реттеуші ролі 12
2.1 Мемлекеттік бюджет қаражаттарының реттелуі 12
2.2 Мемлекеттік несиенің реттеуші ролі 15
3 Мемлекеттік қаражат кірістерін жетілдіру жолдары 20
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
Қосымшалар 27


КІРІСПЕ

Мемлекеттік органдарының өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде өзінің экономикалық аймақтарының шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін «мемлекеттік бюджет» құрайды. Жалпы айта кететін болсақ мемлекеттік бюджет негізінде экономиканың дамуы қалыптасады. Мемлекеттік қаражаттарында өзінің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарының қалыптасыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отырады. Сонымен қатар мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі.  

Елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында қолданылған экономикалық саясаты макроэкономикалық зерттеудің негізгі бөлігі болып табылады. Экономикалық саясат ретінде қарастырылатын қаржы инструменттері: салық салу немесе ақша эмиссиясы, басқаша айтқанда ақша басып шығару тәсілі. Яғни, аталмыш қаржы инструменттерінің мемлекеттің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсерін анықтау маңызды. Атап айтқанда капитал ағымының, жұмыс орындарының, сондай-ақ өндірістің артуына монетарлық (ақша шығару) және фискалды саясаттың (салық салу) қаншалықты әсер етеді?

 Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайында осы екі саясаттың қайсысы қоғамға зиян-зардаптары анағұрлым аз болады? Зерттеуді бастамас бұрын бұл мәселе жөнінде жасалған еңбектерді қысқаша шолу жасаған жөн. Эмпирикалық зерттеулер бойынша екі инструменттің де зиян-зардап келтірілетін жағдайлар қарастырылады.

Мемлекеттік қаражат, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағыныңда өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.

Зерттеу жұмысының мақсаты: мемлекеттік қаржының реттеуші ролін зерттеу

Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:

  • Арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу;
  • Мемлекеттік қаражаттың экономикалық мәні
  • Мемлекеттік қаражат түсінігі
  • Мемлекеттік қаражаттың дерек көздері
  • ҚР мемлекеттік қаражаттың реттеуші ролі
  • Мемлекеттік бюджет қаражаттарының реттелуі
  • Мемлекеттік несиенің реттеуші ролі
  • Мемлекеттік қаражат кірістерін жетілдіру жолдары

Іздеу