Қазақстан Республикасының меншік экономикалық категория ретінде (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1 Экономика жүйесіндегі меншікті қатынастар негіздері
1.1 Меншіктің экономикалық және құқықтық мәні
1.2 Нарық экономикасындағы меншіктің түрлі нысандары мен әдістері және экономикалық жүйенің тұрпаттары
1.3 Қазақстан Республикасындағы меңшік қатынастарының қайта құрылуы
2 . Экономикалық өкіметке кім және қалай қожалық етуде: меншік және меншік кұкығы.
2.1 Қазақстандағы жекешелендіру және оның құқықтық
қамтамасыз етілуі
2.2 Қазақстандағы жекешелендіру және оның құқықтық қамтамасыз етілуі
Қорытынды
Әдебиеттер


Кіріспе

«Меншіктің экономикалық және  құрылымдық мазмұны «Иемдену-иесіздендіру» қатынастары болып табылады. Меншіктің объектісі және субъектісі  меншік нысандары.

          Қазақстанда нарықтық жүйені қалыптастыру және дамыту. Қазақстан өтпелі кезенде біртіндеп нарықтық экономиканы тудыруға бағытталған институционалдық, құрылымдык реформалардың кешенді бағдарламасын жүзеге асырды. Алғашқыда, бұрынғы Кеңес Одағы шеңберінде жүзеге асырыла бастаған Қазакстандағы нарықтық реформа тәуелсіздік жарияланғаннан кейін қарқынды түрде жүргізілді.

Тәуелсіздік жарияланған сәт пен қазіргі уақытқа дейінгі аралықтағы негізгі экономикалық өзгерістер: 1992 ж. 7 каңтарда бағаны ырықтандыру (либерализациялау) басталды. 1993 ж. қабылданған Ата занда жеке меншік құқығын мойындайтын бап еңгізілді, жеке меншік институтын қалыптастыратын реформа жүргізіле басталды және ол төрт кезенді қамтыды. Жекешелендіру - азаматтардын немесе олардың барлық бірлестіктерінің немесе акционерлік қоғамдарының, серіктестіктерінің акциялар (пай) бөлігін жекеменшікке алу болып табылады. Меншікті мемлекет иелігінен алу дегенді мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа түрлеріне (мемлекеттік емес) негіздеп кайта құру деп анықтауға болады. Осы тұрғыдан алғанда 1997ж. Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялык багдарламасын қабылдаудың маңызы өте зор болды. Бұл бағдарламада жеті басымдық бағыттар белгіленген:

         Ұлттық қауіпсіздік және тәуелсіздік.Ішкі саясаттағы тұрақтылық және қоғамдық бірлікті нығайту:

  1. нарықтық кұрылымдарды жетілдіру, шетелдік инвестицияны және ішкі каражатты мол тарту аркылы экономиканын ұзақ мерзімдік тұрақты өсуін қамтамасыз ету.
  2. Қазакстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, жоғары және сапалы тұрмысы.
  3. энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым (әсіресе колік және байланыс).
  4. тиімді кәсіби үкімет.
  5. сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен аяусыз күрес.

Сонымен, аталған осынау басымдылық тізбесінің өзі-ақ Елбасының, үкімет басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық түсініктер жағынан елдін стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіре алады. «Қазақстан-2030» даму Стратегиясына орай Үкімет бірнеше бағдарламалар жасап, оларды іске асыру үшін жұмыс істеп жатыр. Жаңа ғасырдың басында Қазақстанда нарықтық жүйенің негізі қаланып, экономиканың өрлеу кезеңі басталды, оның нәтижесінде халықтың өмір сүру, тұрмысы жақсарды.

1993 ж. 15 қарашада Ұлттық валюта - теңге айналымға енгізілді; 1993-1994жж. Экономикалык дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданып, оны іске асыру басталды; 1994-1996 жж. қатаң ақша-несие саясаты жүргізілді; 1997-2000 жж. аралығында реформалар ары карай жүргізілді. Түбегейлі жүргізілген реформалардын нәтижесінде елімізде нарықтық экономиканың негізі қаланды және ол қазіргі кезенде нәтижелі жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар, еліміздің нарыққа өткен кездегі бастан кешкен қиыншылықтарын да ескермеуге де болмайды. Ол: жекеменшік сектордың жоқ болуы, өндіріс ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап, сауда ауқымындағы монополиялар және т. б. Сонымен, аталған осынау кедергілердің тізбесінің өзі-ақ Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық түсініктер жағынан елдің стратегиялык дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіре алады. Мұның өзінде табыс шарты болып дұрыс таңдалынған Стратегия аталынады. Мәселен, белгіленген бағытты жүзеге асыру үшін мықты басшының, жақсы ұйымдасқан адамдар тобының, саяси тұрақтылық және қоғамды нығайтудың, заңнын үстемдігі болуы шарт. Мұның сыртында, экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істеуге мәжбүр болған жағдайдағы бағалар құрылымы әлемдік рынокпен байланыста емес еді. Халықтың психологиялык дайындығы, нарықтық менталлитеттің, адамдардың рыноктік қатынастарға тән ойлау жүйесі болмағанын да ескеруіміз керек.

Іздеу