Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқару (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1 Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық
басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері
1.1 Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік
аймақтық басқару негіздері
1.2 Қазақстандағы аймақтық экономикалық саясат түсінігі және мәні.
2 Қазақстан Республикасындағы аймақтық дамытуды
мемлекеттік реттеу механизмі
2.1 Қазақстан Республикасындағы аймақтық дамытуды
мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
2.2 Аймақтағы экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері
3 Қазақстан Республикасындағы аймақтық басқару механизмін
жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі


КІРІСПЕ

Бүгінгі күнде қазіргі экономиканы тереңінен талдау қажеттігі, оның бүтіндей сипаттамасы, тұрақтылығы, әлсіз жағдайларын анықтау қажеттілігі өзекті тапсырмалардың бірі болып тұр. Әлеуметтік-экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жағдайында үлкен мәнге аймақтық экономика ие болып отыр.

Қазіргі кезде негізгі шаруашылық ету қызметі аймақтарда жүзеге асырылады. Оларға өздігінен әлеуметтік -экономикалық мәселелерді шешуге және аймақаралық байланыстар жасауға мүмкіндік берілген. Әр аймақ еліміздегі шаруашылық кешенді белгілі бір орынды алады, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, ұлттық және тарихи белгілері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар.

Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту барысында аймақтық экономиканың мәні ерекше. Аймақтың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін проблемалардың бірі болып отыр.

Аймақтық дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - аймақтарға экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республикалық экономиканы жақсартуды қамтамасыз ету.

Бұл жұмыстың мақсаты - аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік реттеуді тиімді жүргізу жолдарын анықтау, аймақ экономикасын дамыту болып табылады.

Аймақтық экономиканың пәні Қазақстан Республикасының өндіргіш күштері әлеуметтік-экономикалық аумақтың орналастыру және оның экономикалық салаларын дамыту, аймақтардың маңызды табиғи экономикалық, демографиялық және экологиялық ерекшеліктерін, оған қоса аймақарлық, ішкі аймақтық және мемлекет аралық экономикалық байланыстарды зерттейді.

Аймақтық экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін қолданылады, яғни баланстық, картографиялық, жүйелілік, экономика-математикалық және статистикалық әдістер қазіргі кезде аймақтық деңгейде басқарудың қызметтері мен әдістері экономикалық, әлеуметтік және әкімшілдік бағыттарының бірігуіне негізделеді.

Бұл жұмысымыздағы барлық аймақтар үшін жалпы аймақтық тапсырмалары:

-    бұл экономика құрылымын реформалауды жүзеге асыру:

-    жеке аймақтарды депрессивті жағдайдан шығару:

-    әлеуметтік, нарықтық инфрақұрылымды дамыту:

-    экономиканы тұрақтандыру:

-    аймақаралық көлік жүйесін дамыту:

-    экалогиялық қауіпсіз жағдай туғызу:

-    кәсіпкерлікті дамыту.

Жалпы, аймақтық экономиканың негізгі тапсырмасы, аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясын жасап шығару болып табылады.

Осыдан зерттеу жұмысының терең тәжірибелік және теориялық өзектілігі байқалады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: аймактарды мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

Зерттеу мақсатына сай міндеттер анықталды:

  • Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілерін зерттеу;
  • Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік аймақтық басқару негіздерін ашу;
  • Қазақстандағы аймақтық экономикалық саясат түсінігі және мәніне анықтама беру;
  • Қазақстан Республикасындағы аймақтық дамытуды мемлекеттік реттеу механизмін көрсету;
  • Қазақстан Республикасындағы аймақтық дамытуды мемлекеттік реттеудің ерекшеліктерін зерттеу;
  • Аймақтағы экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелерін анықтау;
  • Қазақстан Республикасындағы аймақтық басқару механизмін жетілдіру жолдарына талдау жасау.

Жалпы аймақ экономикасын дамыту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Іздеу