Қазақстан Халық банкінің Кастодиандық қызметі (Реферат)

Кіріспе
1 АҚ Халық банкінің сипаттамасы
2 АҚ Халық банкінің қаржылық жадайын талдау
3 Қазақстан Халық банкінің Кастодиалдық қызметі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін кредиттік мекемелердің тобын білдіреді.

Бүгінгі коммерциялық банктер өз кленттеріне 200-ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай  отырып, қолайсыз жағдайда өзін де пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері кредит жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-кредит нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.

Коммерциялық банктердің тұрақты да тиімді қызметі бүкіл мемлекеттің қаржылай жадайын тұрақтандырады, сондықтан да банктерде менеджменттің сан сапасына байланысты банктің қызметтері де іске асырылады.

Соңғы жылдары Қазақстанның қаржы нарығы дами түсті. Құнды қағаздар, қор биржасы, т.с.с. институттардың дамуы республикамыздан астодиалдық қызметтің тууына әкелді.

Курстық жұмыс банктік менеджментте Халық банкінде кастодиалдық қызметің ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеуге арналан.

Зерттеудің міндеттері:

Банктің жалпы сипаттамасына талдау жасау;

Банктің қаржылық шаруашылық дамуына талдау жасау;

Банктің кастодиалдық қызметіне сипаттама беру.

Әдістемелік негіз ретінде: ҚР «Банк және банк қызметі туралы» Заңы, ҚР қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын қағалау мен реттеу Агенттігінің және ҚР Ұлттық банкінің шығарған нормативтері, шектеулер мен ережелері, сонымен қатар шетелдік және отандық авторлардың еңбектері, бұқааралық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, статистикалық көрсеткіштерді қолдандым

Іздеу