Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешен құрылымынын мемлекеттік қолдаудың басты мәселелері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Агроөнеркәсіптік кешен құрылымын мемлекеттік
қолдаудың теориялық аспектілері 5
1.1 Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенін дамыту
ерекшеліктері 5
1.2 Агроөнеркәсіптік кешен құрылымын мемлекеттік
қолдаудың заңнамалық құқықтық негіздері 10
2 Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешен құрылымынын
мемлекеттік қолдаудың басты мәселелері 16
2.1 Агроөнеркәсіптік кешен құрылымынын
мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары 16
2.2 Ауыл шаруашылық саласында кластерлік жүйені
қалыптастырудың негіздері 22
3 Агроөнеркәсіптік кешен құрылымын мемлекеттік
қолдауды жетілдіру жолдары 27
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 32


Кіріспе

Ел экономикасының қуаттылығы оның қазба байлықтары мен минералдық ресурстар базасының көлеміне емес, алысты аңғаратын экономикалық реформалар стратегиясының бәсекелестікке қабілетті жоғарғы технологиялық тауар мен сапалы қызмет жасауға жағдай туғызуға негізделген жөн. 

Елбасы Н.Ә. Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай деген еді"... жүргізіліп отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметте тиімділігінің төмен болуы обьективті түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды". Сондықтан аграрлық өнеркәсіптік саладағы экономикалық ахуал үнемі жан-жақты талдауды қажет етеді.

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына дейін және одан кейін қабылданған бәсекелестікке қабілетті тауар шығарып, қызмет көрсетуге бағытталған теориялық алғышарттарды экономикалық нақты көрсеткіштерге ұластыру қажет және ол бүгінгі күннің көкейтесті талаптарының бірі. Ол үшін, экономистердің пайымдауынша, әр ел әлемдік шаруашылықта өз тауарымен және қызметімен өз орнын табуы тиіс. Десе де, белгілі бір ел ішкі азық-түлік және киім-кешек сұранысын мейлінше өзі қамтамассыз еткен жағдайда ғана ұлттық экономика бәсекелестікке қабілетті болмақ және ол тұрақты экономикалық даму кепілі.

 «Біздің әлі де болса есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек» деп көрсетеді, - Елбасы өзінің Қазақстан халқына арналған 2003 жылғы Жолдауында,- Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек. Бұл үшін агроөнеркәсіп кешенін түлете дамытып, ауылға (селоға) айрықша назар аударылуы, жеткен биігіміз бен жинақтаған тәжірибемізге сүйеніп, ауылдағы ағайындарымызға өмірдің жаңа сапасына жетуіне қол ұшын беретін уақыт туды».

Ауылшаруашылығы – ел экономикасының негізгі буыны, ежелден бар байлығымыздың бастауы. Халықтың әл-ауқатының жақсаруы, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтануы және дамуы негізінен тікелей байланысты. Осыған байланысты, қазіргі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай ғылыми тұрғыда терең зерделеуді, саланы кешенді дамытудың жолдары туралы жан-жақты дәлелденген қорытындылар мен байыпты ғылыми тұжырымдар жасау мен аграрлық сектордың кеңестік экономиканың кембағалдығынан көрген зардабы, нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде кездескен қиындықтарыдан көрген залалы қарастырылады.

Тақырыптың өзектілігі. «Болашағына сеніммен қарайтын халық, тарихына терең бойлайды» - деген даналық сөз бүгінгі тәуелсіздік пен еркіндік идеология саясындағы еліміз үшін арнайы айтылған секілді. Төл тарихымыздың күңгірт беттерін ашып,  еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа, аршынды сапалық сатыға көтерілуіне қазақ елінің өткен кезеңін зерттеу, зерделеу бүгінгі күннің талабы. Себебі, тоталитарлық жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру бағытында түбірлі жұмыстар атқарылды.

Отандық тарих ғылымының өзектілігі – кеңестік тоталитарлық жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру бағытында түбірлі жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – мемлекеттің аграрлық секторды реформалаудағы мемлекеттік саясат. Қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі негізгі, әрі өзекті мәселелердің бірі осы салада нарық қатынасын қалыптастыру, халықты отандық азық-түлік, өнеркәсіпті шикізат өнімдерімен жеткілікті түрде қамтамасыз ету, өндірістің тиімділігін арттыру, бәсекелікке төтеп беретін өнім өндіру және  әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті дамыған 50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыру болып отыр. Сол үшін аграрлық секторда бірінші кезекте шаруашылықты жүргізу тетіктерін (механизмін – А.С) қалыптастыру және дамыту аса қажетті қозғаушы экономикалық күштің негізіне айналуда.

Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев:    «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына арналған 2008 жылғы Жолдауында, «Қазақстан 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктерімен, жаңарған саяси құрылымымен қарсы алды» -  деп атап көрсетті.

Мемлекеттің халық шаруашылығының барлық салаларының ішінде ауыл шаруашылығында біразға созылған экономикалық дағдарыстан шығуы бірте-бірте өз нәтижесін беріп келеді. Дегенмен, өндірістің негізгі саласының бірі, –  азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әйтседе, шикізат мәселесін шешетін халық шаруашылығындағы өнім өндіру мен оның өсімі әлі де болса төмен деңгейде. Өндірістерде қалыптасқан жағдайларды сараптай және талдай келе аграрлық сектордағы шешілмей жатқан мәселелерді зерттеу, ауыл шаруашылық пен өндірістің экономикалық негізіне әсер ететін іс-шараларды (тиімділігін көтеретін, бәсекелікке лайықты өнім өндіру т.б.) жүзеге асыру нарық жағдайындағы өзекті мәселелердің атаулысы болып отыр.

Зерттеу мақсаты: агроөнеркәсіп кешешін мемлекеттік қолдау ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

  • Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенін дамыту ерекшеліктерін зерттеу;
  • Агроөнеркәсіптік кешен құрылымын мемлекеттік қолдаудың заңнамалық құқықтық негіздерін ашу;
  • Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешен құрылымынын мемлекеттік қолдаудың басты мәселелері, агроөнеркәсіптік кешен құрылымынын мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын, ауыл шаруашылық саласында кластерлік жүйесні қалыптастырудың негіздерін зерттеу;
  • Агроөнеркәсіптік кешен құрылымын мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдарын көрсету.

Іздеу