Қазіргі замаңғы ақша теориясы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

КІРІСПЕ 3
1 Ақша теорияларының қалыптасуы 5
1.1 Ақшаның металдық және номиналды теориясы 5
1.2 Ақшаның сандық теориясы 11
2 Қазіргі замаңғы ақша теориясы 16
2.1 Ақша айналысының заңы 16
2.2 Қағаз ақшалардың айналыс заңы 20
3 Қазақстан Республикасында ақша айналысын
жоспарлау және оны жетілдіру жолдары 23
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
ҚОСЫМШАЛАР 28


КІРІСПЕ

Ақшаның рөлін айқын түсінуден басқа нарықтың экономика қызметінің тетіктерін түсіну үшін одан маңызды ештеңе жоқ. Өйткені, ақшаны «нарықтың тілі» деп жәйдан жәй аталмаған.

Айналым ретінде ақшаның қызметі. Алынған тауарларды төлеу үшін, ақша қызмет көрсетеді. Тауар сатып алушы және оны төлеу бірге жұмыс жасалынады, бұл ақша қызметінің ерекшелігін көрсетеді. Ақша тауар иеленушілердің қысқа мерзімдік төлем құралы болып  қолданылады. Сол ақша белгілері әр түрлі келісімдерде көп қайтара қолдану және бір келісімге қатысушыдан  екінші бір қатысушыларға орын ауыстыру ретінде қолданылады. Бұл қызметте қолма-қол ақша белгілері қолданылады.

Ақша айналымы ақша белгілерінің қолдай және аударым түрлерінің үздіксіз айналым процесін көрсетеді.

Ақша айналым құрылым әртүрлі  нысандар арқылы бөлуге болады. Ақшаның тәуелді қызмет ету түрлері, ақша айналымының жіктелуі неғұрлым кең тараған деп саналады. Сондықтан, осы нысан бойынша ақша айналым қолма-қол және аударым ақша болып бөлінеді.

Ақша - жалпыға бірдей эквиваленттің рөлін орындаушы, айрықша тауар. Олар тарихтың белгілі бір кезеңінде өз бетімен бөлініп шықты. Капиталистік даму сатыларына дейін ақшаның рөлін әр-түрлі тауарлар (аңдардың, астық, мал түрлері) атқарады, бірте-бірте ол қымбат металдарға (алтынға, күміске) көшті.

Экономикалық санат ақша маңызы ретінде тұтастық үш ақша қасиетін көрсетеді:

- жалпыға бірдей делдалдық айырбас;

- төмегі құнның (меновая) дербес формалары;

- сыртқы заттың еңбек өлшемі;

Ақша бес қызметті орындайды: құн өлшемі; айналым құралы; төлем құралы; жинақтау құралы және қазынаны құру; әлемдік ақшалар.

Мен осы курстық жұмысымда ақшаның пайда болу теорияларын, атқаратын негізгі қызметтерін, ақша айналысын қарастырдым. Соның ішінде ақша айналысын кең көлемде қарастыра отырып, қолма-қол және қолма-қол емес ақша айналыстарын, металл және қағаз ақша айналыстарын, ақшаның айналыс заңын ашып сипаттауға тырыстым. Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының  құрылымын, Қазақстан Республикасындағы ақша айналысын жоспарлаудың мәселерін қамтып өттім.

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.

Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.

Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады. Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән, сондықтан ақшалардың қозғалысын сипаттайтын ақша теорияларын зерттеудің терең өзектілігі бар

Зерттеу жұмысының мақсаты: қазіргі замаңғы ақша теорияларын  зерттеу

Зерттеу міндеттері:

  • Ақша теорияларының қалыптасуын зерттеу;
  • Ақшаның металдық және номиналды теориясына талдау жасау;
  • Ақшаның сандық теориясын, қазіргі замаңғы ақша теориясын, ақша айналысының заңын, қағаз ақшалардың айналыс заңынн талқылау;
  • Қазақстан Республикасында ақша айналысын жоспарлау және оны жетілдіру жолдарын көрсету.

Іздеу