Қаржыларды басқару мазмұны, түрлері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Қаржыларды басқару жүйесінің теориялық аспектілері 5
1.1 Қаржыларды басқарудың экономикалық мәні 5
1.2 Қаржыларды басқару мазмұны, түрлері 9
2 ҚР қаржыларды басқару жұйесі 12
2.1 Қаржыны басқару сатылары 12
2.2 Қаржыны мемлекеттік басқарудың негізгі бағыттары 16
3 ҚР қаржыларды басқару жұйесін жетілдіру жолдары 21
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30
Қосымшалар 31


КІРІСПЕ

Шынайы нарықты реттеудің минималды қажетті шеңбері ақша айналымының ұйымдастырылуымен, қоғамдық товарлардың өндірісімен және сыртқы эффекттерді жою деңгейімен анықталады. Мемлекеттің қаржылық салаға араласуының максималды шеңбері табыстарды қайта реттеумен, жұмысбастылықтың белгілі деңгейімен, монополизмге және инфляцияға қарсы тұруымен, фундаменталды зерттеулер дамуымен, әлемдік экономикада ұлттық мүдделерді іске асыруымен реттеледі.

Мемлекет экономикалық және әкімшілік әдіс тәсілдер арқылы өзінің қызметін атқарады. Олар өзара байланысқан және сонымен қайшы жақтары да аз емес. Кейбір кезде әкімшілік тәсілдерді қолдану қаржылық механизмге қайшы келетін жағдайлар да туындайды..

Қаржыны басқару ол қоғамды басқарудың бір бөлігі болып табылады. Сондықтан да қаржыны басқару аппараты, басқару органдар мемлекеттік, әлеуметтік, қоғамдық басқару органдары ретінде қоғамныңбасқа салаларындағы процесстермен тікелей байланыс жасайды. Сол сияқты билік органдары қаржыны басқарады.

Билік органдар әдетте үш тармаққа бөлінеді: заң шығарушы, атқарушы, сот билігі. Олардың әрқайссысы  қаржы саласын басқаруға тікелей немесе жанама қатысы бар.

Республика деңгейіндегі зң шығарушы органдар заңдар, заң актілерін, жарғылар қабылдайды. Заң актілері экономиканы басқаруда қолданылатын принциптеррі, нормалары, қағидаларын анықтайтын баптарды қамтиды. Яғни осылайша заң шығарушы органдар экономиканы басқарады, экономикалық қатынастарды іске асыратын, қаржылық қызметтің заңнамалық ережелерді бекітетін заңдарды шығару арқылы экономиканы басқарады.

Жалпы алғанда қаржыны басқаруда заң шығарушы органдар мақсатты, тиімді және нәтижелі заңдарды шығару ролін атқарады.

Атқарушы органдар қаржыны басқаруда тікелей қатысады. Себебі олар заңдарды іске асырады. Атқарушы билікті Елбасымыз іске асырады, ал мемлекет шеңберінде экономиканы Үкімет басқарады. Үкіметтің басында Премьер министр Министрлер кабинетін басқарады, сонымен оның орынбасарлары, вице министрлер үкіметті басқаруға тікелей қатысады.

Жоғары атқарушы органдар қаржыны президенттік жарғылар арқылы, Үкіметтің ережелері, жарғыларды іске асыру арқылы экономиканы басқарады. Сол арқылы мемлекеттің қаржылық қатынастарын, сыртқы экономикалық байланыстарды, қаржылық ресурстарды тиімді қолдануды, әлеуметтік проблемалар шешуді, өндіріс саласында оперативті тиімді шешімдерді қабылдауды іске асрады. Үкіметпен қатар қаржыны атқарушылық басқару мәселелерінің жеке жақтарын министрліктер, мемлекет ведомстволары шешеді.

Министрліктер және ведомстволар (комитеттер, департаменттер,басқармалар) салалық, территориялық және қызметтік болып бөлінеді. Салалық министрліктер мен ведомстволар шаруашылықтың белгілі салаларымен, ал территориялық ведомстволар территориялармен басқарады. Қызметтік минстрліктер мен ведомстволар қорғаныс, қауіпсіздік, банктер, шет істер, сыртқы байланыс, ішкі істер, экономиканың жалпы проблемаларымен,  әлеуметтік қамсызданумен, мемлекеттік статистикамен шұғылданады. Сот және құқық органдар  экономиканы басқару ісіне қатысуы, олар заңдарды орындау және қадағалауды іске асырады. Олардың бұзушылығын шек қояды, қайшылық жағдайды қарастырады, еңбек, мүлік, ақшалай бәсекелестіктер мен дауларды шешеді. Сол сияқты басқарушылық органдардың мүлтіксіз қызметтің орындалуына байланысты қаржы жүйенің қызметі тәуелді. Яғни зерттеу жұмысының терең тәжірибелік  және теориялық өзектілігі байқалады

Зерттеу мақсаты: қаржыны басқару жүйесін зерттеу

Міндеттері:

  • Қаржыларды басқару жүйесінің теориялық аспектілерін, қаржыларды басқарудың экономикалық мәнін, мазмұнын, түрлерін зерттеу;
  • ҚР қаржыларды басқару жұйесі мен қаржыны басқару сатыларына талдау жасау;
  • Қаржыны мемлекеттік басқарудың негізгі бағыттары және ҚР қаржыларды басқару жұйесін жетілдіру жолдарын анықтау

Іздеу