Қаржылық жоспарлаудың және болжаудың мазмұны, міндеттері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Қаржылық жоспарлаудың және болжаудың
теориялық аспектілері 5
1.1 Қаржылық жоспарлаудың және болжаудың
мазмұны, міндеттері 5
1.2 Қаржылық жоспарлаудың және болжаудың
әдістері 8
2 Қаржы жоспарларының жүйесі 11
2.1 Қаржылық жоспарлаудың құжаттары 11
2.2 Қаржылық жоспарлаудың және болжаудың
қағидаттары 12
3 Қаржылық жоспарлау мен болжамдау жүйесіндегі
мемлекеттік бюджет 14
Қорытынды 19
Қолданылған әдебиеттер тізімі 21


Кіріспе

Қаржылар қайта өндіру процессінде және өзіндік ақша қаражатын қалыптастыруда  маңызды орын атқарады. Соңғы жылдары Қазақстан экономикасында маңызды өзгерістер болуда. Реформалар нәтижесінде мемлекеттік емес экономикалық сектор пайда болды, меншіктің жаңа түрлері, банк жүйесі, тауарлар нарықтары, қызметтер мен капитал нарықтары пайда болды.

Экономикалық объектілердің қарқынды және табысты дамуы шаруашылық субъектінің барлық қаржылай ағымдарын тиянақты түрде жоспарлау кезінде ғана мүмкін. Шаруашылық субъектінің барлық қатынастар мен процесстерін мұқият түрде бағалау және бақылау қажеттілігінің маңызы зор.

Егер бұрын әміршіл әкімшіл жүйе кезінде қаржылық қызметі  атқару қызметінен аспайтын болса, қазіргі неғұрлым күрделі жағдайда шаруашылық субъектінің өзі жоспарларды санау, болжамдаудың салдарына жауапкершілікті өзі тартады, бұны есепке алмаған кәсіпорынның қаржылық жағдайы нащарлап банкроттыққа ұшырауы мүмкін.

Сонымен шаруашылық субъект жоспарлау қызметін жетілдіріп ғана қоймай, бұл жоспарлауда кәсіби ұстаным іздеу керек. Яғни қаржылық жоспарлау және болжамдау тәжірибесі саласында білімдердің алатын орны артты дегенді білдіреді.

Дегенмен отандық экономика саласында жоспарлау мен болжамдаудың  қолдануды экономикалық тұрақсыздық шектей алады. Саяси тұрақсыздық ресейлік экономикада тұрақсыз жағдайды тудырады. Себебі отанды кәсіпкерлікті дамытуда қажетті нормативті заңнама қоры жоқ болады, сонымен қатар ауыр салық ауыртпалықтарынан зардап шегеді, шетелдік инвестицияларға, несиелерге қол жеткізу осал заңнама нормативалық базасына тікелей байланысты.

Қазіргі жағдайда тек ірі кәсіпорындар ғана тиімді қаржылық жоспарлауды іске асырылады, олар жоғары кәсіби деңгейі бар мамандарды қатыстырып өз шаруашылық қызметін қаржылай жабдықтауға мүмкіншілігі зор болады. Сыртқы орта кіші гірім кәсіпорындарға неғұрлым зор ықпалын тигізеді және мұнда қаржылыққ талдау қиынға түседі.

Осынымен жоспарлау бір жағынан қаржы саласында қате әрекеттердің алдын алуымен тығыз байланысты, екінші жағынан талдаудың арқасында кәсіпорын қолданылмай қалған мүмкіншіліктері санын азайтады. Осының барығы алдын ала қабылданған стратегиялық мақсаттарды нақты қаржы көрсеткіштерге  айналдыру арқылы ғана мүмкін болады.

Яғни қаржылық жоспарлау мен болжамдау жобаның бәсекелестік жағдайда  өмірқаблеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Осыдан зерттеу жұмысымыздың терең әлеуметтік, тәжірибелік және ғылыми өзектілігі байқалады.

Зерттеу жұмысымыздың объектісі қаржылық жоспарлау және болжамдау жүйесі экономикалық категория ретінде.

Зерттеу жұмысымыздың пәні шаруашылық субъектілердің қаржылық жоспарлау және болжамдаумен байланысты қызметі.

Осыдан зерттеу жұмысының мақсаты қаржылық жоспарлау және болжамдау жүйесінің қызметі жөнінде түсінік алу.

Мақсатқа сай міндетер анықталды:

Зерттеу тақырыбы бойынша аранйы әдебиеттермен жұмыс істеу;

  • қаржылық жоспарлаудың және болжаудың теориялық аспектілеріне талдау жасау;
  • қаржылық жоспарлаудың және болжаудың мазмұны, міндеттерін анықтау;
  • қаржылық жоспарлаудың және болжаудың қағидаттары мен әдістеріне талдау жасау;
  • қаржы жоспарларының жүйесіне сипаттама беру;
  • қаржылық жоспарлаудың құжаттарына талдау жасау;
  • қаржылық жоспарлау мен болжамдау жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің алатын орнын анықтау;
  • қаржылық көрсеткіштердің мазмұнын ашу.

Іздеу