ҚР шаруа қожалықтары (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Шаруа қожалықтары қызметінің теориялық аспектілері 5
1.1 Шаруа қожалықтарын құру негіздері 5
1.2 Шаруа қожалықтары қызметінің құқықтық реттелуі 8
2 Шаруа қожалықтары қызметінің ерешеліктері 15
2.1 Қазақстанда нарық экономика жағдайында
шаруа қожалығы қызметінің тұрақтандыруы 15
2.2 Шаруа қожалықтарының агроөнеркәсіп саласындағы үлесі 21
3 Қазақстанда қожа шаруашылығын дамыту перспективалары 25
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30


Кіріспе

Агроөнеркәсіп кешені республикадағы экономикасы жоғары потенциалды, мүмкіндігі мол, ұдайы өндірістік және әлеуметтік мәнді негізгі саланың бірі болып саналады. Мұнда, қазіргі кезде жалпы республикада тұратын халықтың 43,0 пайыз шамасы, экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі тұрады.

Кейінгі жылдары (2003-2006) агроөнеркәсіп кешенінде (АӨК) байқалып отырған негізгі мәселелердің бірі, мұнда көп укладты экономиканың дамуы. Меншік түрлерінің өзгеруіне негізделген жаңа агроқұрылымдардың пайда болуы: шаруа (фермер) қожалықтарының, ЖШС, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік коллективтік шаруашылықтар.

Қазақстан Республикасы Дүние жүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге қадам басып жатқан кезеңде, ауыл шаруашылығын реформалауды қайта қарау, оны нарық қатынас жүйесіне толықтай бейімдеу, ауылдың экономикасын көтеру, олар үшін нақты мүмкіндіктер жасау, өндірісті тұрақтандыру негізгі міндеттердің біріне айналуда. Осыған байланысты, кейінгі жылдары ауыл шаруашылығының жағдайын жақсарту да, оның ішінде агроқұрылымдардың дамуына бағытталған бағдарламалар қабылданды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру үшін біраз мәселелер іске асырылуда. Ауыл шаруашылығын дамытуға инвестициялар тартылды, ауылдың әлеуметтік транспорттық, инженерлік және де басқа инфрақұрылымдарын  қалпына келтіру жолында едәуір жұмыс атқарылды. Жер кодексі, салық жүйесі, меншік туралы, техниканы лизингке беру туралы заңдар қабылданды. Бюджеттік төлемдер, жеңілдетілген несие беру түрлері қалыптасты. Мұның барлығы ауылдың дамуына, ауыл шаруашылығында бизнестің кең көлемде, тиімді жүргізілуіне қолайлы жағдайлар жасады. Агроөнеркәсіп кешенінің әлемдік ашық экономика жағдайында жұмыс жүргізуіне мүмкіндік берді, сол арқылы республиканың азық-түлік проблемасын шешетін негізгі өндіріс-ауыл шаруашылығының дамуына мүмкіндік жасалуда.

Дегенменен, ауыл шаруашылығындағы негізгі мақсаттар, нарық қатынас жағдайындағы кей бір негізгі мәселелер әлі де болса шешілмей келеді. Олар, ауылдағы тауар өндірушілердің өнімділігін көтеру, тиімділігін  арттыру, өнім өндірудегі шығынның көптігі, тауар өндірушілердің табысының төмендігі, өндірістегі өнім өндірушілермен ауыл шаруашылығындағы өнім өндірушілердің өнімдерінің баға айырмашылығының алшақтығы, көптеген ауылдағы өнім өндірушілердің зиянға ұшырауы т.б. Бұлардан басқа отандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өнімінің сапалылығының төмендігі, бәсекеге қабілетсіздігі. Мұның барлығы олардың тұрақты өнім өндіруге теріс әсерін беретіндігін көрсетіп отыр.

Тәжірибелік сараптаудың нәтижесіне қарағанда, республиканың ауыл шаруашылық саласының сапалы, кең көлемде өнім өндіруге мүмкіндігінің жеткілікті екендігін көрсетуде. Аграрлық сектор мол өнім өндіруде және оны өңдеуде жоғары мақсатқа жету, мемлекеттің халқын отандық тауармен толық қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл туралы мемлекеттің Президенті өзінің 2005-2008 жылдардағы Қазақстан халқына Жолдауларында аграрлық сектордың экономикасын дамыту, оның өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері әлі ол болса толық орындалмай жатқандығын айта келіп, оны шешу үшін 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында: - «КазАгроның негізгі міндеті- ауыл шаруашылығының өнімділігі деңгейін арттыра беру, жердің тозуына жол бермеу, еліміздің су және басқа да табиғи ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, сонымен қатар ескірген аграрлық технологиялардың қолданылуына тосқауыл қою, аграрлық ғылымның дамуындағы баяулықты, сондай-ақ ұсақ шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру мәселелерін жүйелі түрде шешу» керек деген тұжырымдаманы айтты. Міне, осы жағдайда агро-өнеркәсіп кешенін дамуында шаруа қожалықтардың алатын рөлін арттыру зерттеудің өзектілігін анықтайды.

Агроқұрылымдардың дамуының теориялық және тәжірибелік негіздерін, шаруа қожалықтарының дамып тұрақтаныру негіздерін көптеген экономист- ғалымдар зерттеген. ТМД ғалымдары- Л.И. Абалкин, И.Н. Буздалов, В.Р Боев, А.Л. Никинов, Л.А Андреев, Б.З. Сергеев, Н.К. Каюмов, Т.К. Койчуев, А.У. Оразбаев, М. Трейси, А. Петриков, К.А. Багриновский, М. Ионов, А.Х. Хусанов және тағы басқалар.

Ауыл шаруашылық саласының тұрақты шаруа қожалықтарының дамуын Қазақстанның ғалым-экономистеріде жұмыстарында өз үлестерін қосты. Олардың қатарына белгілі отандық ғалымдар- А.Т. Әймен, Р.Р. Аутов, Т.Ә. Әшімбаев, С.Ә. Әбдилдин, М.Б. Кенжегузин, К.М. Белгібаев, У.К. Есқараев, Т.И. Есполов, Т.А. Есіркепов, Г.А. Қалиев, К.А. Сағадиев, Ж.К. Қорғасбаев, А.К. Қошанов, Г.А. Кубаев, А.Ш. Құралбаева, Ш.К. Көпешев, Р.Ю. Куватов, А.Б. Молдашев, А.А. Сатыбалдин, Ж.Ж. Сулейменов, М.И. Сигарев, О.Б. Сабден, Ж.С. Сундетов тағы басқалар жатады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: шаруа қожалықтары және олардың даму болашағы

Зерттеу мақсатына сай міндеттер анықталды:

  • Шаруа қожалықтары қызметінің теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Шаруа қожалықтарын құру негіздерін ашу;
  • Шаруа қожалықтары қызметінің құқықтық реттелуін қадағалау;
  • Шаруа қожалықтары қызметінің ерешеліктерін ашу;
  • Қазақстанда нарық экономика жағдайында шаруа қожалығы қызметінің тұрақтандыруына талдау жасау;
  • Шаруа қожалықтарының агроөнеркәсіп саласындағы үлесіне талдаужасау;
  • Қазақстанда қожа шаруашылығы дамуындағы мәселелер және оларды шешу жолдарын зерттеу.

 

Іздеу