Лизингтік операциялар есебі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе......................................................................................................3

Бөлім 1. Лизинг туралы жалпы түсінік.
1.1.Лизингтің шығу тегі, пайда болуы.................................................5
1.2.Лизингтің негізгі түрлері.................................................................6

Бөлім 2. ҚР лизинг бизнесі.
2.1.Лизингтік операциялар есебі.........................................................12
2.2.Лизингтік келісімшарт....................................................................25

Бөлім 3. ҚР лизингтің сыртқы жағдайы
3.1.ҚР лизингтің даму жолдары. .........................................................27
3.2. Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері............................28
3.3.Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері...........................36
Қорытынды............................................................................................39
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................42


Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Лизингтік операциялар есебі». Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда және займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.
Лизинг түсінігі үш негізгі аспектілерді қамтиды:
1. Лизинг маркетингтің белсенді бөлігі ретінде қызмет атқарады:
а) машина –техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады;
б) материалдық – техникалық өндірісті қамтамасыз етеді;
2. Лизинг – ішкі нарыққа капитал салу және инвестициялық форманы ұйымдастырады:
а) банктік қызметтің жаңа формасы ретінде көрінеді;
б) лизинг – лизингтік компанияларды несиесіз қаржыландыру көздері.
3. Лизинг – экономикалық жоспардың ұйымдастыру формасы:
а) ұлттық экономикада сыртқы нарықтық бәсекелестікті көтеру;
б) мемлекеттің сыртқы қарыздарының көбеюіне жол бермеу.
Бірінші бөлімде, лизингтің қалай пайда болғаны және оның түрлері, яғни шұғыл лизинг, ақша лизингі және тікелей – қаржылық лизингі және олардың атқаратын қызметтері туралы жеке – жеке тоқталамыз.
Екінші бөлімде, лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері және лизингтік келісімшарт туралы мәселелер қарастырылады. Яғни лизинг беруші мен алушы, жабдықтаушы мен жалға беруші және банк пен кәсіпорындар арасындағы келісімшартты білдіреді.
Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі, оны дамыту жолдары және сыртқы елдермен байланысты мәселелері қарастырылады.

Іздеу