Макроэкономикалық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Макроэкономиканың теориялық аспектілері 6
1.1 Макроэкономиканың пәні және зерттеу объектісі 6
1.2 Макроэкономиканың негізгі принциптер 8
2 Макроэкономикалық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері 11
2.1 Макроэкономикалық зерттеудің ерекшелігі 11
2.2 Макроэкономиканың зерттеу әдістері 13
3 Макроэкономикалық айналым үлгілері 17
Қорытынды 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24


Кіріспе

Экономикалық білімдер экономикалық теорияның екі бөліміне айналады: микро- және макроэкономика

Жеке экономикалық субъектілердің мінез құлқын зерттейтін микроэкономикадан ерекшелігі, макроэкономика халық шаруашылығының барлық мүшелерінің ортақ экономикалық қызметтерінің салдары мен нәтижелері зерттеледі. Бұл бағытта экономикалық қызметтің келесі салаларына аса назар аударылады: ұлттық табыс, жұмыссыздық деңгейі, инфляция қарқыны мен деңгейі, бағалар деңгейі, мемлекеттік бюджеттің және елдің төлем балансының жағдайы, экономикалық өсу қарқыны,

Осы зерттеу саласының мазмұны: қазіргі заманғы ұлттық және әлемдік экономикадағы макроэкономикалық заңдылықтарды зерттеу: біртұтас экономиканың дамуына талдау жасау мен болжамдаудың методологиялық негіздері мен әдістемелік аппаратын әзірлеу; халық шаруашылығы деңгейінде басқарудың теориялық және қолданбалы проблемасын зерттеу; әлеуметтік, институционалдық, құрылымдық, инновациялық, инвестициялық және т.б. – мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеу.

Зерттеу нысаны: макроэкономикалық процестер, оның ішінде өндіріс, айырбастау, бөлу және тұтыну процестері, сондай-ақ халық шаруашылығын басқару және реттеудің ұйымдастыру-шаруашылық әдістері мен тетіктері.

Макроэкономика тарапынан зерттелетін құбылыстар кез келген шаруашылық субъектіні қамтиды. Елдің төлем балансының жағдайы оның азаматтарының  мемлекеттік шекара арқылы өтудің бостандығын анықтайды. Экономиканың жағдайы барлық адамдарды қамтиды.

Макроэкономистер экономиканы біртұтас процесс  ретінде зерттейді. Олар алуан түрлі кезеңдерге, мемлекеттерге жататын табыс, бағалар,  жұмыссыздық, басқа да экономикалық көрсеткіштер жөнінде мәліметтер жинайды. Содан кейін осы мәліметтерді түсіндіру мақсатында ортақ ұстанымды қалыптастырады.

Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанның аумақтық дамуы бұрынғы KCP0-ның біртұтас халық шаруашылығы кешенінің шеңберінде айқындалды және орталықтандырылған директивті жоспарлау негізінде жүзеге асты. Нарықтық экономиканың жұмыс істеу жағдайында экономикалық әлеуетті дамыту мен халықты таратып орналастыру мәселелері негізінен нарықтық тетіктер арқылы іске асатыны белгілі. Сонымен қатар, мемлекет елдің орнықты экономикалық дамуы, халықтың қолайлы тыныс-тіршілігі және бар ресурстық әлеуетті ұтымды пайдалану үшін жүйелі жағдайды қамтамасыз етуге тиіс.

Қазіргі таңда мемлекет міндеттері экономика мен еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан пайдалы аудан­дарға және тыныс-тіршілік үшін қолайлы табиғи-климаттық аймақтарға шоғырландыруды қамтамасыз етеді. Осылайша мемлекеттік деңгейде шаруашылық жүйесінің үйлесімді экономикалық жүйесін қалыптастыруға болады. Бұл ретте еліміздің геосаяси факторларын ескеруге тиіспіз.

Стратегия, экономикалық кеңістіктік және халықты таратып орналастыруды қалыптастыруды, кластерлерді қалыптастырумен өзара байланыстыра отырып аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді қоса алғанда, елдің аумақтық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайды және тиісті мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге мүмкіндік туғызады.

Экономиканы нарық жағдайында дамыту елдің жекелеген аумақтық-шаруашылық жүйелерінің бәсекелік артықшылықтарын да, сол сияқты нарыққа бейімделудің әрқилы мүмкіндіктеріне байланысты олардың кемшіліктерін де анықтауға болады. Бұл жекелеген өңірлерде өндірістің біршама құлдырауына және тоқтап қалуына, күйзеліске ұшырауына жол бермейді. Нәтижесінде табиғи көші-қон ағымына қарамастан, халық экономикалық мүмкіндіктері зор аумақтарда тұрады.

Бұрын минералдық-шикізат кен орындарының базасында салынған жекелеген шағын қалалар, кенттер, сондай-ақ қалыпты өмір сүру үшін мүмкін болмай қалған кездер де болғаны белгілі. Қазір 60 шағын қаланың 10-ы күйзеліске ұшырағандар санатында.

Еліміздің шекара маңындағы өңір­лердің басым болуы экономикамызды дамытуға көп мүмкіндік туғызады. Қа­зақстанның 14 облысының 12-cі шекара маңында. Дамыған және серпінді дамып келе жатқан елдердің тәжірибесі шекара маңындағы өңірлер осы мемлекеттердің өсу аймақтарына айналғанын көрсетті. Шекара маңындағы өңірлер экономикалық белсенділік орталықтары болып табылады және әлемдік экономикалық жүйеге ойдағыдай кірігуіне ықпал етеді.

Осыған байланысты Республикаызда макроэкономикалық білімдерді жетілдіру маңызды болып табылады

Макроэкономиканың басқа пәндердің сияқты зерттеу әдістері бар. Макроэкономикалық зерттеулер деп экономикалық дербестікке ие болған мемлекеттік құрылыстың, мемлекеттер топтарының немесе бір мемлекеттің экономикасы біртұтас ретінде танылатын зерттеулерді атайды.

Микроэкономикадан ерекшелігі мұнда макроэкономиканың пәні мемлекеттің экономикалық жүйесі деңгейінде  өтетін процесстер болып табылады. Бұл бағытта келесі мәселелердің зерттелуіне  назар аударылады:

Экономикалық көрсеткіштердің динамикалары, оларды анықтайтын факторлар мен тенденциялар;

Мемлекеттік бюджетті құрастыру және орындау, мемлекеттің фискалды (салық, тарифті, т.с.с.) және қаржы саясаты;

Ақша жүйесінің қызметі, орталық банкінің алатын орны, бұл мекеменің монетарлы және несиелі қаржылау саясаты;

Мемлекеттің сыртқы саясаты мен валюталық реттеу тәжірибесінің негіздері;

Негізгі нарықтардағы жағдай (тауар, жұмыс күші, капиталдар, валюталар);

Қаржы тұрақтануы мен экономикалық өсудің мемлекеттік саясаты.

Макроэкономикалық зерттеудің басты мақсаты ол мемлекеттің ағымды саясатын қолдау болып табылады. Осыдан біз зерттеу жұмысымыздың терең әлеуметтік, тәжірибелік және ғылыми өзектілігін анықтаймыз.

Сондықтан да курстық жұмыстың мақсаты ол макроэкономика пәні және оның зерттеу объектісі саласында білім алу.

Зерттеу мақсатына сай зерттеу міндеттері анықталды:

  • зерттеу тақырыбы бойынша арнайы ғылыми әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеу;
  • макроэкономиканың теориялық аспектілеріне шолу жасау;
  • макроэкономиканың пәні және зерттеу объектісіне анықтамалық талдау жасау;
  • макроэкономиканың негізгі принциптерін ашу, тақылау;
  • макроэкономикалық зерттеу әдістерінің ерекшеліктеріне түсініктеме беру, анықтау;
  • макроэкономикалық зерттеудің ерекшелігіне талдау жасау;
  • макроэкономиканың зерттеу әдістеріне анықтама беріп талдаы жасау;
  • макроэкономикалық айналым үлгілерін зерттеп талдау жасау.

Іздеу