Маркетингті кәсіпорынға енгізу мәселелері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Маркетинг бәсекеге қабілеттілікті жоғарлату
факторы ретінде 5
1.1 Маркетингтің әлеуметтік-экономикалық мәні және мазмұны 5
1.2 Өнімнің бәсекеге қабілеттігін бағалау 8
2 Маркетингті кәсіпорынға енгізу мәселелері 15
2.1 Маркетингтік зерттеулер 17
2.2 "АБДИ Компани" А.Қ.-ның қызметі 23
2.3 Фирмадағы маркетигтік жоспарлау 24
2.4 Фирмадағы маркетингтік ұйымдастыру 25
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі 29


Кіріспе

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикасы түбегейлі жүйелік өзгерістер кезеңнің басынан өткеріп жатыр. Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқарудың жаңа жүйесі қалыптасып келе жатқан кезінде негізгі құрамдарының бірі - маркетинг жүйесі. Қазақстанның маркетингтің қалыптасуының қажеттілігі жалпы әлемдік басқарудың теориясы мен практикасының тенденцияларымен аныкталады. Қазақстанда маркетинг жүйесінің қалыптасуы бағыттары мен мүмкіндіктерін, шарттарын анықтау мақсатында маркетингтің дамуының теориялық тұжырымдамаларын құру және оның тәжірибесін талдау маңызды мәселелердің бірі.

Бүгінгі таңда қалыптасқан экономикалық жағдайларда кәсіпорындар алдында тұрған жаңа мәселелерді пайымды шешу маркетинг принциптері мен әдістерін қолдану арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыда маркетинг өндіруші көзкарасындағы тиімді шығын мен пайда кезінде сұранысты табу, болжау және оны қанағаттандыруға байланысты тұтынушыға негізделген тауар өндіру және басқару жүйесі ретінде сипатталады.

Қазақстан Республикасында өндірілетін тауарлар мен қызметтердің көпшілігі бойынша тұтынушылар мұқтаждығының қанағаттандырылуы деңгейі әлі де төмен, осы кезде өндіріс құралдары мен жекелей түрлерінің дамуы әр түрлі қарқынды жүруі салдарынан айтарлықтай ішкі салалық және аймақтық диспропорциялардың болуына әкелді. Қазақстан Республикасы экономикасында болып жатқан құнсыздану үрдісі, жалпы өндірістік қуаттылықтар құнының қымбаттауы, сонымен қатар кәсіпорындардың қалыптасқан қаржылық жағдайындағы өз қоры есебінен дамыту және жаңғырту айтарлықтай ауыртпалықтар туғызады. Осындай көптеген ауыртпалықтарды жеңуде маркетинг ғылым, кәсіпкерлік және нақты уақытпен тексерілген тәжірибелік әдістердің қоспасы ретінде рынок шарттарында кәсіпорындардың іс-әрекетін жетілдіру мен өндірістік, өткізу, қаржылық және тағы да баска сол сияқты кең аумағында көптеген қателіктерден құтылуға көмектесуге қолайлы жағдайлар құратын әмбебап жүйе болып табылады.

Қазақстанда маркетинг жүйесінің қалыптасуы бағыттары мен мүмкіндіктерін, шарттарын анықтау мақсатында маркетингтің дамуының теориялық тұжырымдамаларын құру және оның тәжірибесін талдау маңызды мәселелердің бірі.

Бүгінгі таңда қалыптасқан экономикалық жағдайларда кәсіпорындар алдында тұрған жаңа мәселелерді пайымды шешу маркетинг принциптері мен әдістерін қолдану арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыда маркетинг өндіруші көзкарасындағы тиімді шығын мен пайда кезінде сұранысты табу, болжау және оны қанағаттандыруға байланысты тұтынушыға негізделген тауар өндіру және басқару жүйесі ретінде сипатталады.

Бұл тақырыптың өзектілігі нарыктық экономикада маркетингтің рөлі, яғни кәсіпорындағы маркетингтің рөлін және маркетингтік зерттеулерді талдау, маркетингті ұйымдастыру мен жоспарлаудың жолдары.

Бүгінгі күнгі маркетингтің әр сипаттағы барлық анықтамалары толықтай тауар рыногымен тығыз байланысты болады және оған қатысты жекелей қолданылу ауқымына қарай тұтынушылық, өнеркәсіп тауарлары және қызметтері аумақтары бөлінеді.

Бұл тақырыптың өзектілігі нарыктық экономикада маркетингтің рөлі, яғни кәсіпорындағы маркетингтің рөлін және маркетингтік зерттеулерді талдау, маркетингті қалай ұйымдастыру мен жоспарлау керек екендігін қарастыру. Сондықтан мен кәсіпорындағы экономика пәнінен курстық жұмыстың тақырыбын "Кәсіпорын қызметіне маркетингті енгізудің рөлі" деп алдым.

Ал мақсаты Қазақстан Республикасында маркетинг қызметінің мәнін ашу, атқаратын қызметін талдау, "АБДИ Компани" А.Қ.-ның құрылымын, оның нарықтағы рөлін мен ерекшелігін қарастыру.

Іздеу