Мемлекетке сыртқы әсер ету факторлары (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму
шарттары мен қолда бар қорытындылар 5
1.1 Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау 5
1.2 Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдары 8
2 Мемлекетке сыртқы әсер ету факторлары 11
2.1 Сыртқы экономикалық интеграцияда Қазақстанның алатын орны 11
2.2 Халықаралық қаржы қатынастары 15
3 Мемлекетке экономикалық функцияларды тағайындау 17
3.1 Мемлекеттің экономикалық тұрақтандыру функциясы 17
3.2 Мемлекеттің экономикалық реттеу функциясы 21
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25


Кіріспе

Кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуге бет алған Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өркениетті елдердің барлығы да өздерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлік нысандарына арқа сүйейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың экономикада жүргізіп отырған саясатының арқасында соңғы жылдары Қазақстан Республикасы бірқатар әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізді. Минералды – шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономика үшін болып жатқан дағдарыстарға төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Алайда, қазіргі өсім сапасы қанағаттанарлық дәрежеде емес. Сапалы өсімнің жүзеге асырылмауы жоғары технологиялардың дұрыс пайдаланылмауынан болып отыр.

Сондықтан, Президент Н.Ә.Назарбаев 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында Қазақстан экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, әсіресе шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту қажеттігін атап өтті.

Себебі, қазіргі экономиканың даму сипаты мемлекеттік тұрғыдан реттелетін экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген. Шағын кәсіпкерлік нысандары тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік деңгейін жоғарылатумен қатар, нарықтағы қажеттіліктің қанағаттануына, тауар түрлерінің көбейіп толуына, жергілікті шикізат ресурстарының дұрыс пайдаланылуына өз ықпалын тигізеді. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық және әлеуметтік қызметтерін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы дамытудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға болады. Кәсіпкерлік қызметтің өсу қарқынын зерттеу және оны болжау қоғамның қалыпты дамуы үшін өте маңызды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму шарттары мен қолда бар қорытындыларды, мемлекеттке сыртқы әсер етуші факторларын, мемлекеттің экономикалық функцияларын зерттеу

Зерттеу міндеттері:

  • Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму шарттары мен қолда бар қорытындыларына талдау жасау;
  • Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мәселелерін зерттеу;
  • Мемлекетке сыртқы әсер ету факторларына талдау жасау;
  • Мемлекетке экономикалық функцияларын зерттеу.

Іздеу