Мемлекеттік қаржының қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуындағы ролін талдау (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Мемлекеттік қаржының теориялық аспектілері 5
1.1 Мемлекет қаржының экономикалық мәні 5
1.2 Мемлекеттік қаржының қызметі 8
2 Мемлекеттік қаржының қоғамның
әлеуметтік экономикалық дамуындағы ролін талдау 16
2.1 Әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру 16
2.2 Мемлекеттік қаржының қоғамның
экономикалық дамуындағы ролі 20
3 Мемлекеттік қаржыны жетілдіру жолдары 26
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 32
Қосымшалар 33


КІРІСПЕ

Мемлекеттік  қаржы секторы экономиканың барынша серпінді дамып отырған салаларының бірі болып табылады. Еліміздің дамуымен жəне нарықтық қайта құрулардың тереңдеуімен экономика салалары мен субъектілерінің ұсыныстарына жəне сұраныстарына сəйкес капитал ағымының тиімді қайта бөлінуін қамтамасыз ететін, негізгі нарықтық механизм ретінде қаржы нарығының маңыздылығы жəне оның қолданылу аясы кеңейе түсуде.

Экономикалық әдебиеттерде мемлекеттік қаржы ретінде мемлекеттік қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін және алынған қаражаттармен мемлекеттің қызметін атқару үшін қоғамдық өнімнен ұлттық байлықтың құндылығын бөлу және қайта бөлуге қатысты ақша қарым-қатынасы танылады.

Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметі мемлекеттік қаржыны реттеу мен оның тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету мəселелеріне баса назар аударып отыр.

Мемлекеттің қаржыны реттеу саласындағы саясатының құрамдас бөлігі əлемдік тəжірибенің оң үрдістерін ескере отырып, барлық қадағалау жəне реттеу функцияларын бір мамандандырылған орган шеңберінде біріктіруді көздейтін қаржы институттарының қызметін мемлекеттік реттеудің жаңа жүйесін құру туралы шешім қабылдауы болды

Жалпы қаржы жүйесінің құрамы - бұл қаржы қатынастарының әртүрлі сфералары мен буындарының жиынтығы, қатынастардың бұл процесінде түрлі ақша қорлары құралып, пайдаланылады.Қаржы қатынастарының нысандары мен ақша қорлары басқарылатын материалдық объектіні  құрайды. Басқарушы субъекті қаржыны басқарудың мемлекеттік және қоғамдық аппаратының жүйесі-қаржы аппараты болып келеді, бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады.

Қаржы жүйесі  - нарықтық  механизмдердің неғұрлым тиімді жұмыс істейтін секторлардың бірі. Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі ішкі жалпы өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі ұлттық табысқа, макро-және микроэканомика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының  дамуына және халықтың көптеген жігінің қалахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.

Сондықтан да зерттеу жұмысының терең теориялық және тәжірибелік өзектілігі байқалады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: мемлекеттік қаржыларының әлеуметтік және экономикалық қоғамдық дамуында алатын орнын анықтау

Зерттеу міндеттері:

  • Мемлекеттік қаржының теориялық аспектілерін ашу;
  • Мемлекет қаржының экономикалық мәнін анықтау;
  • Мемлекеттік қаржының қызметіне талдау жасау;
  • Мемлекеттік қаржының қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуындағы ролін талдау;
  • Әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру көздерін анықтау;
  • Мемлекеттік қаржының қоғамның экономикалық дамуындағы ролін анықтау;
  • Мемлекеттік қаржыны жетілдіру жолдарын анықтау

Іздеу