Мемлекеттік органдарының кадрлық саясаты (Мәлімет)

Кіріспе
1 Мемлекеттік органдарының кадрлық саясатын жетілдірудің басым бағыттары
2 Мемлекеттік қызметкерлерін оқыту жүйесін жетілдірудің жолдары
Қорытынды
Әдебиеттер


Кіріспе

Жасалынған талдау кадрлық саясатты дамыту сферасында кем дегенде келесі үш маңызды бағыттар бойынша оларды жетілдіру қажет екенін көрсетті:

  • кадрлық саясаттың негізгі параметрі ретінде жұмысшылардың оптималды санын болжаудың инновациялық әдістерін қолдану;
  • кадрлық потенциалын құрудың нәтижелі моделін әзірлеу;
  • мемлекеттік қызметкерлерді оқыту инфрақұрылымын дамытуды және мемлекеттік қызметкерлерді оқыту нәтижелілігін және сапасын жоғарылатуды көздейтін мемлекеттік қызметкерлерді оқыту жүйесін жетілдіру;

Жалпы, кадрлық саясатты құру жүйесін басқару нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін оны жүйешіктер қатарларына бөлу қажет. Бұл жүйешіктер басқару механизмін қалыптастырады. Оның арқасында олар жүйенің алдында тұрған мақсатттардың нәтижелілігін жоғарылату үшін басқару объектісіне ықпал жасай алады.

Кадрлық саясатты әзірлеуде келесі талаптар қатарын сақтау қажет.

Біріншіден, кадрлық саясат мемлекеттік кадрлық саясатпен тығыз байланысты.

Екіншіден, қазіргі кадрлық саясат ғылыми негізделген болуы тиіс және реформаларды қамтамасыз ету үшін және аймақтың кадрға қажеттіліктерін есепке алуы тиіс. Сондықтан да, қазіргі заманғы кадрлық саясат белсенді жұмыс жасауы тиіс.

Үшіншіден, кадрлық саясат мемлекеттік және аймақтық басқару функцияларының өзгеруін есепке алғандағы мамандар мен басқарушылардың ұрпағының аусымын қамтамасыз ету негізін қалау керек.

Төртіншіден, мақсаттар, принциптер мен кадрмен жұмыс істеу формаларының бірлестігін қамтамасыз етуге негізделген жүйелі, кешенді кадрлық саясат болу қажет.

Іздеу