Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласу қажеттілігі және оның шеңбері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласу қажеттілігі
және оның шеңбері 5
1.1 Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласу теорияларының эволюциясы 5
1.2 Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының шеңбері 6
2 Нарықтық экономикада мемлекеттің экономикалық қызметтері 10
2.1 Тұрақтандыру қызметі 10
2.2 Реттеуші қызметі 14
2. 3 Нарықтық экономикаға араласудың қаржы механизмдері 19
3 Қазіргі замаңғы Қазақстанда мемлекеттің
экономикаға араласу мәселелері және оларды жетілдіру жолдары 22
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30


Кіріспе

Халық шаруашылығын экономикалық кан тамыры іспетті, осы нарықтық байланыстар аркылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады.

Оның өміршеңді өндірістің табиғатына, экономикалық әлуметтік жағдайына байланысты , дегенмен нарықтың біраз дербестілігі болады, сондықтанда олар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.

Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориллық айтыстар толастай келеді.Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде "нарық" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Нарық сауалға бірден жауап берудін өзіндік қиындығы жеткілікті.

Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта қүру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым экономикасының арасында нарық түралы бірыңғай пікір жоқ, Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.Сондықтан нарық үдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты түтқасы. экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің қүрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста  әрекет ететінін  естен шығармаған жөн.

Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда. Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық әкономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. Нарықтық экономика-ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты.

Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді.Стихиялы нарық -капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу әкономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр.

Нарықтың маңызды әлементтеріне нарықтық инфрақүрлым жатады. Нарық тауар биржалаының, көтерме және бөлшек сауда қүрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық әкономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішіен ең үнамсыз болса да әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін варианты таңдап алынады.

Осыдан зерттеу жұмысының терең теориялық және тәжірибелік өзектілігі  байқалады

Зерттеу жұмысының мақсаты: мемлекеттің экономикалық қызметтері

Зерттеу міндеттері:

  • Мемлекеттің экономикаға араласу қажеттілігі және оның шеңберін зерттеу;
  • Мемлекеттің экономикаға араласу теорияларының эволюциясына шолу жасау;
  • Мемлекеттің экономикаға араласуының шеңберіне талдау жасау;
  • Нарықтық экономикада мемлекеттің экономикалық қызметтеріне анықтама беру;
  • Тұрақтандыру қызметіне талдау жасау;
  • Реттеуші қызметіне талдау жасау;
  • Экономикаға араласудың қаржы механизмдерін зерттеу;
  • Қазіргі замаңғы Қазақстанда мемлекеттің эконмикаға араласу мәселелері және оларды жетілдіру жолдарын көрсету.

Іздеу