Монополиялық табыстың құрылу жолдары (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Монополиялық табыстың теориялық аспектілері 5
1.1 Монополияның жалпы сипаттамасы 5
1.2 Монополиялық табыс және монополиялық баға түсінігі 7
2 Монополиялық табыстың құрылу жолдары 12
2.1 Монополиялық табыстың қайнар көздері 12
2.2 Монополиялық табысты шектеудің құқықтық реттелуі 19
3 Монополиялық табысты шектеу жолдарын
жетілдіру бағыттары 26
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31


Кіріспе

Экономикалық теория заңдылықтарын зерттеу әдетте жетілген бәсеке жағдайларын қарастырудан басталады да, содан кейін монополияны соған қатысы бар ерекше көрініс ретінде сараптайды.Бұдан бұрыңғы біздің пайымдаулардың міндеті қарама – қарсы бағыттағы зерттеудің қолайлы екендігін,яғни зерттеуді монополияны қарастырудан бастап содан кейән жетілген бәсеке жағдайын ерекше көрініс ретінде түсіндіру мүмкіндігін көрсеті еді.

Дегенмен, осы уақытқа дейін біз басқа салаларға назар аудармастан тек қана жекелеген салаға қатысты өндіріс және баға проблемасымен шұғылдандық;осыған байланысты айтатын болсақ онда пайдалану бағыттары бойынша ресурстарды бөлумен байланысты проблемелар, сондай – ақ түсімдерді мөлшеріндегі өндіріс факторларының үлесі туралы мәселелер бәсеке жағдайында орын алады деген болжамнан бастаудың өз артықшылықтары бар.

Мысалы,еңбекті пайдалану критерийлерін іздеген кезде бізге жетілген бәсеке шарттарына жүгінуге тура келеді ғой.Ал енді құн теориясы міндетті түрде монополия ұғымына негізделетін болсақ, онда бөлу теориясы қандай болатындығын анықтау қажеттілігі даусыз.Сондықтан әрбір тауар монополия жағдайында өндірілетін ерекше әлкмдә сараптау қажет.Оған қоса мұндай сараптаманың қазіргі уақыттағы практикалық мәні де зор. Қазіргі шектеу бағдарламалары, квоталау жүйелері, жаңғыртулар, аса зор компаниялардың пайда болуы монополиялау үрдістерінің қанат жайып келе жатқанын байқатады.

Алға қойылған мәселелерді шешу үшін оның анық тұжырымдалуы және   тиісті ықтималдылықтары айқын баяндалуы керек,сонда ғана біз күнделікті өмірде қолдану үшін абстакция түріндегі шешімдерге қол жеткізетін боламыз.

Алдымызда қойған теориялық мәселені шешудің оңай  жолын табу үшін бірқатар алғышарттар қолдануымыз қажет.

Монополистер бір ған функцияны  - өнім өндіруді қадағалау функциясын атақарады. Әрбір монополист өнім шығарылымын шексіз арттыра беруді қамтамасыз ететін бақылаушы «орган» болып табылады.

Осындай «органның» басшылығымен өндіріс жүзеге асырылап жатқан кезде жеке фирмалардың қүрамы және олар өндірген өнім көлемі өзгергенімен саланың жалпы құрылымы сақталады.

Фирманың басшысы жалдамалы басқарушы болып табылады және жалақыны оның айналымдағы табыстылық деңгейі бәсеке жағдайында қаншалықты болуынан тәуелсіз тұрақты мөлшерде алатын болады.  Монополист алатын пайда біз білетін кез келген әдіспен бөлінеді.

Басқарушы қызметті (фирма менеджерлерін) өндіріс факторларының бірі ретінде қарастыру қажет; басқарушылар кәсіпкерлермен тең дәрежелі, бірақ олар монополистердің «олжасын» бөлуге ғана қатысады. Монополистердің «жаратылысы» туралы болжам зерттеу барысында өз күшінде қала береді.

Монополистер арасында құпия келісім жоқ.Олардың әрқайсысы қалғандарының мүдделерімен ешбір санаспай неғұрлым көбірек пайда алуға ұмтылады. Осыдан зерттеу жұмысының терең өзектілігі байқалады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: монополиялық табыс: мәні, қайнар көздері, шектеулерді зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

Монополиялық табыстың теориялық аспектілерін зерттеу;

Монополияның жалпы сипаттамасын беру;

Монополиялық табыс және монополиялық баға түсінігін анықтау;

Монополиялық табыстың құрылу жолдарын зерттеу;   

Монополиялық табыстың қайнар көздерін анықтау;

Монополиялық табысты шектеудің құқықтық реттелуін көрсету;

Монополиялық табысты шектеу жолдарын жетілдіру бағыттарын ашу.

Зерттеу объектісі экономикалық категория ретінде монополиялық табыс құбылысы.

Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде монополиялық табыстың теориялық аспектілері қарастырылған, зерттеу жұмысының екінші бөлімінде монополиялық табыстың өзекті мселелеріне талдау жасалды,  үшінші бөлімде моноплиялық табысты шектеу жолдарын жетілдіру боынша ұсыныстар жасалды.

Іздеу